"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 470 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Халықаралық SPO (Secondary public offering) жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының үлесін басым түрде өткізу құқығымен республикалық бюджетті қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша нарықтық құнына дисконтпен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының және "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының акциялары.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2009 года № 66 "Об утверждении перечня разрешенных финансовых инструментов, за исключением нематериальных активов, для размещения Национального фонда Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2024 года № 470.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТAНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2009 года № 66 "Об утверждении перечня разрешенных финансовых инструментов, за исключением нематериальных активов, для размещения Национального фонда Республики Казахстан" следующее изменение:

      в перечне разрешенных финансовых инструментов, за исключением нематериальных активов, для размещения Национального фонда Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2) акции акционерного общества "Национальная компания "КазМунайГаз" и акционерного общества "Национальная атомная компания "Казатомпром" по решению Правительства Республики Казахстан с дисконтом к ее рыночной стоимости для финансирования республиканского бюджета, с правом приоритетной реализации доли Национального фонда Республики Казахстан при проведении международного SPO (Secondary public offering).".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов