Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 576 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 476 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 576 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары
Р/с№ | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
Қаржыландыру көлемі | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Күтілетін нәтижелер: | ||||||
1-бағыт. Білім беруде шахматты дамыту | ||||||
1. | Оқу жоспарының вариативтік компоненті сағаттарының есебінен жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сыныптарына шахматты енгізу | жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық кеңесінің шешімі | 2024 – 2027 жылдар |
ЖАО, |
2024 жылы – 631220,6; | ЖБ |
2. | Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына шахмат модулін және бастауыш сынып педагогтері үшін шахмат бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және бекіту | білім беру бағдарламасы | 2023 – 2025 жылдар |
ОМ, "Өрлеу" БАҰО келісу бойынша), | талап етілмейді | – |
3. |
Жалпы білім беретін мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы шахмат секцияларының желісін кеңейту |
шахмат секцияларының санын ұлғайту | 2023 – 2027 жылдар |
ОМ, ТСМ, ЖАО |
2023 жылы – 450090,1; |
ЖБ |
4. | Оқытудың жеке траекториясы шеңберінде шахмат бойынша мұғалімдерді даярлау жөніндегі қосымша білім беру бағдарламасын әзірлеу | білім беру бағдарламасы | 2023 жылғы 3-тоқсан |
ҒЖБМ, ОМ, | талап етілмейді | – |
5. | "Шахмат бойынша мұғалімдерді даярлау" білім беру бағдарламасын әзірлеу |
білім беру бағдарламасы | 2024 жылғы 1-тоқсан |
ҒЖБМ, ЖЖКБҰ (келісу бойынша), "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ | талап етілмейді | – |
6. | Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штатында педагогикалық бағыттар бойынша жұмыс істеп тұрған кафедралар базасында жалпы білім беретін мектептердің педагогтерін шахмат бойынша даярлау жөнінде бірлік бөлу | ТСМ-ге ақпарат | 2023 жылғы 3-тоқсан |
ҒЖБМ, ЖЖКБҰ (келісу бойынша), "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ | талап етілмейді | – |
7. | Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында шахмат клубтарын ашу | спорт клубтары туралы ереже | 2024 жылғы 3-тоқсан |
ҒЖБМ, ЖЖКБҰ | талап етілмейді | – |
8. | Шахмат бойынша жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу | сертификаттар | 2023 – 2027 жылдар |
ТСМ, |
2023 жылы – 570; | РБ |
2-бағыт. Ақпараттық қолдау | ||||||
9. | Шахмат үйрету бойынша анимациялық сериалды бастау | республикалық телеарналарда трансляциялау | 2023 жылғы 4-тоқсан |
МАМ | бөлінген қаражат шеңберінде | РБ |
10. | Шахматқа қатысты ақпараттық контент қалыптастыру және маңызды шахмат жарыстарын жария ету, турнирлерді республикалық БАҚ-та трансляциялау | республикалық телеарналарда жария ету | 2023 – 2027 жылдар |
МАМ, | бөлінген қаражат шеңберінде | РБ |
3-бағыт. Шахматты танымал ету | ||||||
11. |
Орталық мемлекеттік органдардың жұмыскерлері арасындағы спартакиада шеңберінде шахматтан турнир өткізу | спартакиада | 2024 – 2027 жылдар |
ТСМ, |
2024 жылы – 630,9; | РБ |
12. | Жергілікті атқарушы органдардың жұмыскерлері арасындағы спартакиада шеңберінде шахматтан турнир өткізу | спартакиада | 2024 – 2027 жылдар |
ТСМ, |
2024 жылы – 630,9; | РБ |
13. | Халық арасында онлайн-турнирлер өткізу | Онлайн - турнир | 2023 – 2027 жылдар | ТСМ, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша) |
бюджеттен | – |
14. | Chess Legends мобильді қосымшасында онлайн форматта шахмат оқыту | Онлайн - форматта оқыту | 2024 – 2027 жылдар | ТСМ, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша) |
бюджеттен | – |
15. | Бір мезгілде өтетін ойын сеанстарын, автограф-сессияларды, жетекші шахматшылардың қатысуымен конкурстар ұйымдастыру және өткізу | бір мезгілде өтетін ойын сеанстары, автограф-сессиялар, конкурстар | 2023 – 2027 жылдар | ТСМ, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша) |
бюджеттен | – |
16. | Қазақстандық компаниялар (корпорациялар) арасында классикалық шахматтан корпоративтік турнир өткізу | турнир | 2023 – 2027 жылдар | ТСМ, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша) |
бюджеттен | – |
17. | Әуесқойлар арасында классикалық шахматтан, рапидтен, блицтен турнирлер өткізу | турнир | 2023 – 2027 жылдар | ТСМ, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша) |
бюджеттен | – |
18. | Мүгедектігі бар спортшылар арасында классикалық шахматтан, рапидтен, блицтен турнирлер өткізу | турнир | 2023 – 2027 жылдар |
ТСМ, |
2023 жылы – 1568; | РБ |
19. | Пенитенциарлық мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адамдар арасында онлайн-турнир өткізу | турнир | 2023 – 2027 жылдар | ТСМ, ІІМ, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша) |
бюджеттен | – |
20. | ХШФ комитетімен "Білім берудегі шахмат" ынтымақтастық және тәжірибе алмасу | ХШФ мен "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ арасындағы меморандум |
2023 жылғы 4-тоқсан |
ТСМ, ОМ, | талап етілмейді | – |
4-бағыт. Жоғары жетістіктер шахматы | ||||||
21. | Зияткерлік спорт түрлерін, оның ішінде шахматты ескере отырып, басым спорт түрлерінің республикалық тізбесін қайта қарау | "Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 293 бұйрығына өзгерістер енгізу |
2023 жылғы 4-тоқсан | ТСМ | талап етілмейді | – |
22. | Шахматтан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының спортшыларын даярлауға үздік қазақстандық және шетелдік жаттықтырушыларды тарту | оқу-жаттығу жиындары | 2024 – 2027 жылдар |
ТСМ, |
бюджеттен | – |
23. |
9-дан 16 жасқа дейінгі дарынды жас шахматшыларға қолдау көрсету | дарынды шахматшыларды қолдау бағдарламасы | 2024 – 2027 жылдар |
ТСМ, |
бюджеттен | – |
24. | Қазақстан Республикасының шахматтан құрама командасының (шахматтан ұлттық құрама командасының) құрамына кіретін үздік шахматшыларға және олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылымды белгілеу | әкімдіктің қаулысы | 2023 – 2027 жылдар | ЖАО |
2023 жылы – 68900,3; | ЖБ |
5-бағыт. Шахматтың даму орнықтылығы | ||||||
25. | Астана, Шымкент қалаларында шахмат орталықтарын салуға жер учаскесін бөлу | әкімдіктің қаулысы | 2023 – 2024 жылдар | Астана, Шымкент қалаларының әкімдіктері | бөлінген қаражат шеңберінде | ЖБ |
26. | Инвесторлар тарту және Астана, Шымкент қалаларында шахмат орталықтарын салу | пайдалануға беру актісі | 2024 – 2027 жылдар | Астана, Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша) |
бюджеттен | – |
27. | Өңірлерде шахмат үйлерін ашу | әкімдіктің қаулысы | 2024 жылғы 4-тоқсан |
ЖАО, |
2024 жылы – | ЖБ |
28. | Ауладағы шахмат клубтарын және шахмат алаңдарын ашу | ауладағы шахмат клубтарын және алаңдарын ашу | 2023 – 2027 жылдар |
ЖАО, |
2023 жылы – 9758,0; | ЖБ |
29. | Өңірлерде саябақтар мен гүлзарларда шахмат экспозицияларын құру | пайдалануға беру актісі | 2023 – 2027 жылдар | ЖАО |
2023 жылы – 10940,0; | ЖБ |
30. | Өңірлік шахматты дамыту жоспарларын әзірлеу және бекіту | шахматты дамыту жоспарлары | 2023 жылғы 3 – 4- тоқсан | ЖАО, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша) | талап етілмейді | – |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БАҚ | - | бұқаралық ақпарат құралдары |
ҒЖБМ | - | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
ЖАО | - | жергілікті атқарушы органдар |
ЖЖКБҰ | - | жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары |
ЖБ | - | жергілікті бюджет |
МАМ | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі |
ОМ | - | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
"Өрлеу" БАҰО | - | "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы |
РҚБ | - | республикалық қоғамдық бірлестік |
РБ | - | республикалық бюджет |
ТСМ | - | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі |
ТОП-10 | - | алғашқы 10 үздік нәтиже |
ХШФ | - | Халықаралық шахмат федерациясы |
ІІМ | - | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |