Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 576 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2024 № 476 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2024 № 476 қаулысымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2024 № 476 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 14 шілдедегі
№ 576 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары

      Ескерту. Кешенді жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2024 № 476 қаулысымен.

Р/с№

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көлемі
(мың теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:
1. Бастауыш сыныптардағы балаларды шахмат үйретумен 20 % үлеспен қамту (2024 ж. – 5 % – 350 мектеп; 2025 ж. – 10 % – 700 мектеп; 2026 ж. – 15 % – 1050 мектеп; 2027 ж. – 20 % – 1400 мектеп).
2. Өңірлер бөлінісінде кемінде 200 шахмат клубын ашу (2023 ж. – 0; 2024 ж. – 20; 2025 ж. – 40; 2026 ж. – 50; 2027 ж. – 90).
3. Қазақстан Республикасының шахматтан құрама командасының (шахматтан ұлттық құрама команда) рейтинг бойынша әлемнің ТОП-10 қатарына кіруі (2023 ж. – ерлер құрамасы – 43-орын, әйелдер құрамасы – 11-орын; 2024 ж. – ерлер құрамасы – ТОП-30, әйелдер құрамасы – ТОП-10; 2025 ж. – ерлер құрамасы – ТОП-20; 2026 ж. – ерлер құрамасы – ТОП-15; 2027 ж. – ерлер құрамасы – ТОП-10).
4. 20 жасқа дейінгі қазақстандық шахматшылардың "халықаралық ерлер гроссмейстері" спорттық атағын алуы (2023 ж. – 0; 2024 ж. – 1; 2025 ж. – 1; 2026 ж. – 1; 2027 ж. – 2).
5. Әлем, Азия чемпионаттарында, Шахмат олимпиадасында және Халықаралық шахмат федерациясының басқа да ресми чемпионаттарында қазақстандық шахматшылар жеңіп алған медальдар санын ұлғайту (2023 ж. – 20; 2024 ж. – 30; 2025 ж. – 40; 2026 ж. – 50; 2027 ж. – 60).
6. Шахмат бойынша кемінде 250 педагог даярлау (2023 ж. – 0; 2024 ж. – 0; 2025 ж. – 50; 2026 ж. – 100; 2027 ж. – 100).
7. 250 адамнан кем болмайтын кадрлардың біліктілігін арттыру (2023 ж. – 0; 2024 ж. – 50; 2025 ж. – 50; 2026 ж. – 50; 2027 ж. – 100).

1-бағыт. Білім беруде шахматты дамыту

1.     

Оқу жоспарының вариативтік компоненті сағаттарының есебінен жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сыныптарына шахматты енгізу

жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық кеңесінің шешімі

2024 – 2027 жылдар

ЖАО,
"Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

2024 жылы – 631220,6;
2025 жылы –
825761,1;
2026 жылы – 974413,3;
2027 жылы –607408,6

ЖБ

2.     

Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына шахмат модулін және бастауыш сынып педагогтері үшін шахмат бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және бекіту

білім беру бағдарламасы

2023 – 2025 жылдар

ОМ, "Өрлеу" БАҰО келісу бойынша),
"Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

талап етілмейді

3.     

Жалпы білім беретін мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы шахмат секцияларының желісін кеңейту
 

шахмат секцияларының санын ұлғайту
 

2023 – 2027 жылдар

ОМ, ТСМ, ЖАО
 

2023 жылы – 450090,1;
2024 жылы – 623136,0;
2025 жылы – 721429,8;
2026 жылы – 740657,5;
2027 жылы – 704986,2

ЖБ
 

4.     

Оқытудың жеке траекториясы шеңберінде шахмат бойынша мұғалімдерді даярлау жөніндегі қосымша білім беру бағдарламасын әзірлеу

білім беру бағдарламасы

2023 жылғы 3-тоқсан

ҒЖБМ, ОМ,
ЖЖКБҰ (келісу бойынша),
"Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

талап етілмейді

5.     

"Шахмат бойынша мұғалімдерді даярлау" білім беру бағдарламасын әзірлеу

білім беру бағдарламасы
 

2024 жылғы 1-тоқсан

ҒЖБМ, ЖЖКБҰ (келісу бойынша), "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ
(келісу бойынша)

талап етілмейді

6.     

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штатында педагогикалық бағыттар бойынша жұмыс істеп тұрған кафедралар базасында жалпы білім беретін мектептердің педагогтерін шахмат бойынша даярлау жөнінде бірлік бөлу

ТСМ-ге ақпарат

2023 жылғы 3-тоқсан

ҒЖБМ, ЖЖКБҰ (келісу бойынша), "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ
(келісу бойынша)

талап етілмейді

7.     

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында шахмат клубтарын ашу

спорт клубтары туралы ереже

2024 жылғы 3-тоқсан

ҒЖБМ, ЖЖКБҰ
(келісу бойынша)

талап етілмейді

8.     

Шахмат бойынша жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу

сертификаттар

2023 – 2027 жылдар

ТСМ,
"Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

2023 жылы – 570;
2024 жылы – 589;
2025 жылы – 604;
2026 жылы – 615;
2027 жылы – 615

РБ

2-бағыт. Ақпараттық қолдау

9.

Шахмат үйрету бойынша анимациялық сериалды бастау

республикалық телеарналарда трансляциялау

2023 жылғы 4-тоқсан

МАМ
 

бөлінген қаражат шеңберінде

РБ

10.

Шахматқа қатысты ақпараттық контент қалыптастыру және маңызды шахмат жарыстарын жария ету, турнирлерді республикалық БАҚ-та трансляциялау

республикалық телеарналарда жария ету

2023 – 2027 жылдар

МАМ,
"Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

бөлінген қаражат шеңберінде

РБ

3-бағыт. Шахматты танымал ету

11.

Орталық мемлекеттік органдардың жұмыскерлері арасындағы спартакиада шеңберінде шахматтан турнир өткізу
 

спартакиада

2024 – 2027 жылдар

ТСМ,
"Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ
(келісу бойынша)

2024 жылы – 630,9;
2025 жылы – 630,9;
2026 жылы – 630,9;
2027 жылы – 630,9

РБ

12.

Жергілікті атқарушы органдардың жұмыскерлері арасындағы спартакиада шеңберінде шахматтан турнир өткізу

спартакиада

2024 – 2027 жылдар

ТСМ,
"Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ
(келісу бойынша)

2024 жылы – 630,9;
2025 жылы – 630,9;
2026 жылы – 630,9;
2027 жылы – 630,9

РБ

13.

Халық арасында онлайн-турнирлер өткізу

Онлайн - турнир

2023 – 2027 жылдар

ТСМ, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

бюджеттен
тыс қаражат есебінен

14.

Chess Legends мобильді қосымшасында онлайн форматта шахмат оқыту

Онлайн - форматта оқыту

2024 – 2027 жылдар

ТСМ, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

бюджеттен
тыс қаражат есебінен

15.

Бір мезгілде өтетін ойын сеанстарын, автограф-сессияларды, жетекші шахматшылардың қатысуымен конкурстар ұйымдастыру және өткізу

бір мезгілде өтетін ойын сеанстары, автограф-сессиялар, конкурстар

2023 – 2027 жылдар

ТСМ, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

бюджеттен
тыс қаражат есебінен

16.

Қазақстандық компаниялар (корпорациялар) арасында классикалық шахматтан корпоративтік турнир өткізу

турнир

2023 – 2027 жылдар

ТСМ, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

бюджеттен
тыс қаражат есебінен

17.

Әуесқойлар арасында классикалық шахматтан, рапидтен, блицтен турнирлер өткізу

турнир

2023 – 2027 жылдар

ТСМ, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

бюджеттен
тыс қаражат есебінен

18.

Мүгедектігі бар спортшылар арасында классикалық шахматтан, рапидтен, блицтен турнирлер өткізу

турнир

2023 – 2027 жылдар

ТСМ,
"Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ
(келісу бойынша)

2023 жылы – 1568;
2024 жылы – 2494;
2025 жылы – 2506;
2026 жылы – 2514;
2027 жылы – 2514

РБ

19.

Пенитенциарлық мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адамдар арасында онлайн-турнир өткізу

турнир

2023 – 2027 жылдар

ТСМ, ІІМ, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

бюджеттен
тыс қаражат есебінен

20.

ХШФ комитетімен "Білім берудегі шахмат" ынтымақтастық және тәжірибе алмасу

ХШФ мен "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ арасындағы меморандум

2023 жылғы 4-тоқсан
 

ТСМ, ОМ,
ҒЖБМ, ЖЖКБҰ (келісу бойынша),
"Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

талап етілмейді

4-бағыт. Жоғары жетістіктер шахматы

21.

Зияткерлік спорт түрлерін, оның ішінде шахматты ескере отырып, басым спорт түрлерінің республикалық тізбесін қайта қарау

"Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 293 бұйрығына өзгерістер енгізу

2023 жылғы 4-тоқсан
 

ТСМ

талап етілмейді

22.

Шахматтан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының спортшыларын даярлауға үздік қазақстандық және шетелдік жаттықтырушыларды тарту

оқу-жаттығу жиындары

2024 – 2027 жылдар

ТСМ,
"Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ
(келісу бойынша)

бюджеттен
тыс қаражат есебінен

23.

9-дан 16 жасқа дейінгі дарынды жас шахматшыларға қолдау көрсету
 

дарынды шахматшыларды қолдау бағдарламасы

2024 – 2027 жылдар

ТСМ,
"Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ
(келісу бойынша)

бюджеттен
тыс қаражат есебінен

24.

Қазақстан Республикасының шахматтан құрама командасының (шахматтан ұлттық құрама командасының) құрамына кіретін үздік шахматшыларға және олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылымды белгілеу

әкімдіктің қаулысы

2023 – 2027 жылдар

ЖАО

2023 жылы – 68900,3;
2024 жылы – 73712,8;
2025 жылы – 75667,7;
2026 жылы – 77366,0;
2027 жылы – 80072,9

ЖБ

5-бағыт. Шахматтың даму орнықтылығы

25.

Астана, Шымкент қалаларында шахмат орталықтарын салуға жер учаскесін бөлу

әкімдіктің қаулысы

2023 – 2024 жылдар

Астана, Шымкент қалаларының әкімдіктері

бөлінген қаражат шеңберінде

ЖБ

26.

Инвесторлар тарту және Астана, Шымкент қалаларында шахмат орталықтарын салу

пайдалануға беру актісі

2024 – 2027 жылдар

Астана, Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

бюджеттен
тыс қаражат есебінен

27.

Өңірлерде шахмат үйлерін ашу

әкімдіктің қаулысы

2024 жылғы 4-тоқсан

ЖАО,
"Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

2024 жылы –
318991,0;
2025 жылы – 312865,0;
2026 жылы – 340793,7;
2027 жылы – 229569,7

ЖБ

28.

Ауладағы шахмат клубтарын және шахмат алаңдарын ашу

ауладағы шахмат клубтарын және алаңдарын ашу

2023 – 2027 жылдар

ЖАО,
"Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

2023 жылы – 9758,0;
2024 жылы – 21494,9;
2025 жылы – 27912,0;
2026 жылы – 53912,0;
2027 жылы – 93662,0

ЖБ

29.

Өңірлерде саябақтар мен гүлзарларда шахмат экспозицияларын құру

пайдалануға беру актісі

2023 – 2027 жылдар

ЖАО

2023 жылы – 10940,0;
2024 жылы – 30370,0;
2025 жылы – 74150,0;
2026 жылы – 22500,0;
2027 жылы – 90600,0

ЖБ

30.

Өңірлік шахматты дамыту жоспарларын әзірлеу және бекіту

шахматты дамыту жоспарлары

2023 жылғы 3 – 4- тоқсан

ЖАО, "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ (келісу бойынша)

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

БАҚ

-

бұқаралық ақпарат құралдары

ҒЖБМ

-

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

ЖАО

-

жергілікті атқарушы органдар

ЖЖКБҰ

-

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

ЖБ

-

жергілікті бюджет

МАМ

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ОМ

-

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

"Өрлеу" БАҰО

-

"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

РҚБ

-

республикалық қоғамдық бірлестік

РБ

-

республикалық бюджет

ТСМ

-

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі

ТОП-10

-

алғашқы 10 үздік нәтиже

ХШФ

-

Халықаралық шахмат федерациясы

ІІМ

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады