"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 шiлдедегi № 551 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      186) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "186) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету кезінде талаптардың сақталуы тұрғысынан жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 186-2), 186-3) және 186-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "186-2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінiң 85-2-бабына сәйкес мемлекеттiк органдарға қатысты кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      186-3) кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;

      186-4) кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарының нысанын, тексерулерді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актілердің нысандарын, тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарламаның нысанын, мерзімдік, жоспардан тыс тексерудің және қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындының нысандарын әзірлеу және бекіту;";

      200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "200) реттеушілік әсерге талдау жүргізу және оны пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      200-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "200-6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын, орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, мемлекеттік жоспарлау саласындағы құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларын сараптама кеңестерінің қарауын ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 200-13), 200-14), 200-15) және 200-16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "200-13) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай және мүліктік қолдау тәртібін, нысандарын, мөлшерін және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды әзірлеу;

      200-14) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын, экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды әзірлеу;

      200-15) реттеуші мемлекеттік органдар айқындайтын реттеушілік актілерге кейіннен талдау жүргізу мерзімдерін келісу;

      200-16) энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 "Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2024 года № 551.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 "Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      подпункт 186) изложить в следующей редакции:

      "186) осуществление государственного контроля в области поддержки субъектов частного предпринимательства на предмет соблюдения требований при оказании государственной поддержки субъектам частного предпринимательства;";

      дополнить подпунктами 186-2), 186-3) и 186-4) следующего содержания:

      "186-2) осуществление государственного контроля в области защиты субъектов предпринимательства в соответствии со статьей 85-2 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан в отношении государственных органов;

      186-3) утверждение полугодовых планов проведения периодических проверок в области защиты субъектов предпринимательства;

      186-4) разработка и утверждение формы полугодового плана проведения периодических проверок, форм актов о назначении, продлении, приостановлении и возобновлении проверок, формы уведомления о продлении срока проверки, форм заключений о результатах периодической, внеплановой проверки и дистанционного контроля в области защиты субъектов предпринимательства;";

      подпункт 200) изложить в следующей редакции:

      "200) разработка и утверждение правил проведения и использования анализа регуляторного воздействия;";

      подпункт 200-6) изложить в следующей редакции:

      "200-6) организация рассмотрения экспертными советами разрабатываемых центральными государственными, местными представительными и исполнительными органами проектов нормативных правовых актов, проектов международных договоров Республики Казахстан, проектов правовых актов в области системы государственного планирования, а также международных договоров, участницей которых намеревается стать Республика Казахстан, затрагивающих интересы субъектов частного предпринимательства;";

      дополнить подпунктами 200-13), 200-14), 200-15) и 200-16) следующего содержания:

      "200-13) разработка порядка, форм, размеров поддержки и других условий, необходимых для оказания государственной финансовой и имущественной поддержки субъектам частного предпринимательства, предоставляемой в различных отраслях экономики, которые относятся к компетенциям нескольких отраслевых государственных органов;

      200-14) разработка порядка, форм поддержки и других условий, необходимых для оказания государственной нефинансовой поддержки субъектам частного предпринимательства, предоставляемой в различных отраслях экономики, которые относятся к компетенциям нескольких отраслевых государственных органов;

      200-15) согласование сроков проведения последующего анализа регуляторных актов, определяемых регулирующими государственными органами;

      200-16) разработка и утверждение методики автоматического возмещения субъектам предпринимательства с установленной мощностью электрических установок до 200 кВт путем перерасчета и (или) возврата ранее произведенной суммы за использованную электрическую энергию потребителем в случае превышения энергопередающими организациями среднего показателя количества отключений на одного потребителя за один календарный год и среднего показателя продолжительности отключений на одного потребителя за один календарный год;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов