Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) жалпы ауданы 180,1 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.
2. Ақтөбе облысының әкімі елді мекен шекараларының (шегінің) өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігіне берілуін қамтамасыз етсін.
3. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын республикалық бюджет кірісіне өтесін, екпелер кесілген жағдайда алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 625 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы ауданы, | оның ішінде: | |||
орман | орман көмкермеген | жолдар | басқа да жерлер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ақтөбе облысының әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 180,1 | 111,2 | 67,0 | 0,6 |
1,3 |
Барлығы: | 180,1 | 111,2 | 67,0 | 0,6 | 1,3 |