Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 749 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтыру) бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 2-тармағының төртінші, алтыншы, сегізінші, он екінші, он үшінші, он жетінші, он сегізінші, жиырма екінші, жиырма бесінші, отыз бірінші, отыз екінші, отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтарын, 3-тармағының үшінші, бесінші және жетінші абзацтарын қоспағанда, 2024 жылғы 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 749 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. "Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 520 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары үш жұмыс күні ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 107861 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен жиынтық төлем тапсырмаларымен электрондық түрде төлем жүйелері операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарлар форматтарында аударылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген төлем тапсырмаларына сәйкес пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалар жөніндегі ақпаратты Мемлекеттік корпорация бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді.".

      2. "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:

      4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіптері еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, жұмыстардың, ондағы жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары өз қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын агенттер жұмыскердің кірісінен ай сайын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке жазады және БЖЗҚ-ға аударады.";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. БЖЗҚ-ға төленуге тиіс міндетті зейнетақы жарналары Әлеуметтік кодекстің 249-бабында белгіленген мөлшерлемені міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісіне қолдану арқылы осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімде есептеледі.";

      7-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары Әлеуметтік кодекстің 76-бабының 1-тармағына, 117-бабының 1-тармағына және 174-бабының 3-тармағына сәйкес осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімде ұсталады.";

      12, 13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 107861 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) айқындалған тәртіппен төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарлар форматтарында электрондық төлем тапсырмаларымен аударылады.

      Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған келісімде (бұдан әрі – келісім) белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген төлем тапсырмаларына сәйкес пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалар жөніндегі ақпаратты жібереді.

      Мемлекеттік корпорация үш жұмыс күні ішінде деректемелерінде қате жіберілген міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға үшін, сондай-ақ Әлеуметтік кодекстің 248-бабының 3 және 5-тармақтарында көрсетілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған тұлғалар үшін қайтару себебін көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агенттің шотына қайтаруды жүзеге асырады.

      Алдыңғы операциялық күні жүргізілген төлемдер (сомасы мен міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың саны) туралы үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға күн сайын береді.

      13. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді агент "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына қолма-қол ақшамен не қолма-қол емес тәсілмен екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырады, бұл ретте жарналарды аудару Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен, төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарлар форматтарында, сондай-ақ төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорация деректемелері, пайдасына жарналар аударылатын жеке тұлғалардың деректемелері (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жарналар сомалары мен жарналар төленетін кезең ("ААЖЖЖЖ" форматында ай және жыл) көрсетіліп, жиынтық төлем тапсырмасы қалыптастырылып, әрбір ай үшін бөлек жүргізіледі.

      Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған жағдайда аудару осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген тәртіппен жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастыра отырып, әрбір ай үшін бөлек жүргізіледі.

      14. Жеке практикамен айналысатын тұлғалар, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ Әлеуметтік кодекстің 248-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларының бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын өз пайдасына және өз жұмыскерлерінің және жұмыстарды орындауды (қызметтер көрсетуді) көздейтін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалардың кірістерінен ұстап қалынған сомаларды аудару (қолма-қол ақшамен енгізу) кезінде төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін, осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген тәртіппен өзі, жұмыскерлер және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалар туралы деректемелер мен мәліметтерді көрсетеді.

      15. Банктер міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын агенттердің банктік шоттарынан осы сомалар есептен шығарылған күні Мемлекеттік корпорацияға аударады.

      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары қолма-қол ақшамен банктердің кассаларына енгізілген кезде төлем немесе ақшаны аудару бойынша нұсқау сомаларын аудару қолма-қол ақша енгізілген күннен кейінгі операциялық күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Банктер Мемлекеттік корпорацияға ақшаны Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен электронды түрде жиынтық төлем тапсырмаларымен, төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарлар форматтарында аударады.

      Жұмыскерлерінің саны елу адамнан асатын агент осы Қағидалардың 14-тармағының талаптарын орындаудан басқа банкке осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген форматтағы электрондық жеткізгіштерде жиынтық төлем тапсырмасын ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, агенттердің, Мемлекеттік корпорацияның, банктің және БЖЗҚ әрекеттері, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы аудармаған кезде өсімпұл төлеу және берешекті өндіріп алу БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын аударуға арналған тараудың 1 және 2-параграфында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы зейнетақы төлемдерін немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді алу кезінде төленген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың жекелеген сомалары жоқ екенін анықтаған кезде тиісті мәліметтерді алу және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін агентке қателердің анықталғаны және БЖЗҚ-ға немесе Мемлекеттік корпорацияға міндетті зейнетақы жарналарының (немесе) өсiмпұлдың аударылғаны туралы кез келген уақыттағы төлем құжаттарының көшірмелерін өзіне беру туралы жазбаша өтініш береді және осы салымшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жарналар сомасы және кезеңі ("ААЖЖЖЖ" форматында айы мен жылы) бойынша ақпарат қамтылған төлем құжатын қоса береді.

      18. Агент заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған және тарату процесі аяқталған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы агенттің орналасқан жеріндегі мемлекеттік архив мекемелеріне, ал тарату өндірісі барысында тарату комиссиясына жүгінеді, олар оған төлем құжаттарының куәландырылған көшірмелерін ұсынады. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы алған төлем құжаттарының көшірмелерін өтінішпен қоса Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";

      22-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Электрондық түрдегі өтінімде міндетті зейнетақы жарналары салымшысының деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қайтарылатын сомалары, қайтару себебі көрсетіледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын қайтаруды БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияның электрондық түрдегі өтінімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың БЖЗҚ-ға нақты енгізілген номиналды сомасы бойынша Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына жиынтық төлем тапсырмасымен жүргізіп, жеке тұлғалардың деректемелерін көрсетеді.";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. БЖЗҚ-да тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлеміне, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға өтініш болып, ол орындалмаған болса, сондай-ақ жеке табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау үшін міндетті зейнетақы жарналары салымшысының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері кезінде есептелген жеке табыс салығын төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болған кезде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылмайды.

      Базалық зейнетақы төлемінің сомасын есептеу кезінде ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылмайды.

      29. Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың сомалары БЖЗҚ-дан түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация оларды агенттің өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес жиынтық төлем тапсырмасымен аударуды жүргізіп, жеке тұлғалардың деректемелерін көрсетеді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Кіріс нақты төленген және оны жұмыскер алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе агент міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің пайдасына мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға жарналарды төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен аударуға тиіс.

      Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы есептейді, ұстап қалады (есепке жазады) және төлейді.";

      33, 34, 35, 36, 37, 38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл төлеуді агенттер осы Қағидалардың 13-тармағының бірінші абзацында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

      Әрбір төлем құжаты, оған қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімдері даналарының саны, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 13-тармағында міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін белгіленген шарттарға ұқсас.

      34. Жұмыскерлерінің саны елу адамнан асатын агент өсiмпұл төлеген кезде осы Қағидалардың 14-тармағында айқындалған тәртіппен банкке жеке тұлғалардың деректемелерін көрсете отырып, қағаз және электрондық жеткізгіштердегі жиынтық төлем құжатын ұсынады.

      35. Төлем құжатына қоса берілетін жеке тұлғалардың деректемелері көрсетілген жиынтық төлем тапсырмаларында осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген "жарна сомасы" деген бағанды қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезіндегі әрбір жеке тұлға бойынша деректемелер қамтылады. Жарна сомасының орнына өсiмпұлдың тиісті сомасы көрсетіледі.

      36. Агенттер төлем құжаттарын алған кезде банктер өсiмпұлды Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарлар форматтарында Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударады.

      37. БЖЗҚ-ға ақшаны уақтылы аудармағаны үшін Мемлекеттік корпорация Әлеуметтік кодексте белгіленген мөлшерде өсiмпұл төлейді.

      Өсімпұлды төлеу үшін төлем тапсырмаларын Мемлекеттік корпорация агенттің төлем тапсырмасы негізінде Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарлар форматтарында қалыптастырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген төлем тапсырмасына сәйкес пайдасына өсімпұл аударылатын жеке тұлғалар жөніндегі ақпаратты Мемлекеттік корпорация келісімде белгіленген тәртіппен осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген тәртіппен жеке тұлғалардың деректемелерін көрсете отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді, бұл ретте жарна сомасының орнына әрбір жеке тұлға бойынша бөлінген өсімпұлдың тиісті сомасы көрсетіледі.

      38. БЖЗҚ алынған өсiмпұлды міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына аударады.

      39. Осы Қағидалардың 37-тармағының талаптары бұзылып аударылған өсiмпұл Мемлекеттік корпорацияға қайтарылуға тиіс, келесі аударғанда өсiмпұл сомасы көрсетілген тізімді ұсыну кезінде кешіктірілген күндер санына ұлғаяды.".

      3. "Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 540 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:

      2-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы алып тасталсын;

      6-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін жеке практикамен айналысатын тұлғалардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің алатын табысы Әлеуметтік кодекстің 251-бабы 2-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде өздері айқындайтын сома болып табылады.";

      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 12) және 50) тармақшаларында, сондай-ақ 341-бабы 1-тармағының 42) және 43) тармақшаларында (жоғалған табысы (кірісі) бөлігінде) белгіленгендерді қоспағанда, 341-бабының 1-тармағында көрсетілген;";

      10, 11, 12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Агенттер кейіннен БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шоттарына аудару үшін банктер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударады.

      Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 107861 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен әрбір ай үшін жеке жиынтық төлем тапсырмасымен, төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарлар форматтарында, сондай-ақ төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорация деректемелері, пайдасына жарналар аударылатын жеке тұлғалардың деректемелері (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жарналар сомалары және жарналар төленетін кезең ("ААЖЖЖЖ" форматында айы және жылы) көрсетіліп аударылады).

      Агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған жағдайда аудару осы Қағидалардың осы тармағының бірінші абзацында белгіленген тәртіппен жиынтық төлем тапсырмасы қалыптастырылып, әрбір ай үшін бөлек жүргізіледі.

      11. Жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары сомаларын өзінің пайдасына және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүргізілетін тұлғалардың пайдасына аударумен қатар осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін, жеке тұлғалардың деректемелерін көрсетіп, жиынтық төлем құжаттарын қалыптастырады.

      12. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомалары БЖЗҚ-ға Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық төлем тапсырмаларымен, төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарлар форматтарында 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген төлем тапсырмаларына сәйкес пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалар жөніндегі ақпаратты Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған келісімде (бұдан әрі – Келісім) белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға жібереді.

      13. Жиынтық төлем тапсырмасында көрсетілген жұмыскердің ЖСН болмаған және (немесе) агент жеке тұлғаның деректемелерінде қателіктер жіберген жағдайларда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын Мемлекеттік корпорация 3 (үш) жұмыс күні ішінде агенттің шотына қайтарып, қайтару себебін көрсетеді.

      14. Жеке тұлға зейнетақы төлемдерін немесе шартты зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді алу кезінде жұмыс беруші төлеген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдардың жекелеген сомалары жоқ екені анықтаған кезде агентті, оның ішінде бухгалтерияны қателердің анықтағаны және оған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуы туралы төлем құжаттарының және кез келген уақыт үшін Мемлекеттік корпорацияға өсімпұл және (немесе) өсімпұлдың аударылғаны туралы төлем құжаттары көшірмелерінің берілгені туралы ауызша хабардар етеді және осы салымшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жарналар сомасы және кезеңі ("ААЖЖЖЖ" форматында айы мен жылы) бойынша ақпарат қамтылған төлем құжатын қоса береді.";

      18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Агенттер мен банктерден қате аударылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтаруға алынған құжаттар негізінде Мемлекеттік корпорация көрсетілген зейнетақы жарналарының түсу фактісін және олар бойынша бұған дейін қайтару жүзеге асырылмағанын тексергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын қайтаруға электрондық түрде өтінім қалыптастырады.

      Электрондық түрдегі өтінімде жеке тұлғаның деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, жұмыс беруші қайтаратын міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл сомалары, қайтару себебі көрсетіледі.

      Электрондық түрдегі өтінім келісімге сәйкес БЖЗҚ-ға жіберіледі.";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате есепке жазылған сомаларын БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияның өтінімінде көрсетілген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың БЖЗҚ-ға нақты енгізілген номиналды сомасы бойынша Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына жеке тұлғалардың деректемелері көрсетілген жиынтық төлем тапсырмасымен электрондық түрде қайтарады.

      21. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан жұмыс берушінің қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл сомалары келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде агент өтінішінде көрсетілген жеке тұлғалардың деректемелері көрсетілген жиынтық төлем тапсырмасымен аударады.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл төлеуді агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын агент уақтылы аудармаған жеке тұлғаларды көрсете отырып, осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорация арқылы жүргізеді.

      Жеке тұлғалар көрсетілмей аударылған өсімпұл агентке қайтарылады, кейіннен аударылған кезде өсімпұл сомасы кідірту күндерінің санын ескере отырып ұлғайтылады.

      26. БЖЗҚ алынған өсімпұлды осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорациядан алынған ақпаратқа сәйкес шартты зейнетақы шоттарына есептейді.";

      31-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агенттердің банктік шоттарынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен ресімделген мемлекеттік кіріс органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.".

О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 2024 года № 749

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения и дополнение, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан (далее – изменения и дополнение).

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 11 ноября 2024 года, за исключением абзацев четвертого, шестого, восьмого, двенадцатого, тринадцатого, семнадцатого, восемнадцатого, двадцать второго, двадцать пятого, тридцать первого, тридцать второго, тридцать пятого и тридцать шестого пункта 2, абзацев третьего, пятого и седьмого пункта 3 изменений и дополнения, которые вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 16 сентября 2024 года № 749

Изменения и дополнение, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 520 "Об утверждении Правил осуществления обязательных профессиональных пенсионных взносов":

      в Правилах осуществления обязательных профессиональных пенсионных взносов, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Суммы обязательных профессиональных пенсионных взносов, поступившие на счет Государственной корпорации, в течение трех рабочих дней перечисляются в единый накопительный пенсионный фонд сводными платежными поручениями в электронном виде в порядке, определенном Правилами осуществления безналичных платежей и (или) переводов денег на территории Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 208 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 107861), форматами сообщений, утвержденными оператором или операционным центром платежных систем.

      Информация по физическим лицам, в чью пользу перечисляются обязательные профессиональные пенсионные взносы согласно платежным поручениям, указанным в части первой настоящего пункта, направляется Государственной корпорацией в единый накопительный пенсионный фонд в порядке, установленном соглашением, заключенным между единым накопительным пенсионным фондом и Государственной корпорацией.".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 525 "Об утверждении Правил и сроков исчисления, удержания (начисления) и перечисления обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в единый накопительный пенсионный фонд и взыскания по ним":

      в Правилах и сроках исчисления, удержания (начисления) и перечисления обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в единый накопительный пенсионный фонд и взыскания по ним, утвержденных указанным постановлением:

      абзац второй пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "Агенты, использующие труд работников, профессии которых предусмотрены перечнем производств, работ, профессий работников, занятых на работах с вредными условиями труда, в пользу которых вкладчиками обязательных профессиональных пенсионных взносов за счет собственных средств осуществляются обязательные профессиональные пенсионные взносы, ежемесячно от дохода работника начисляют и перечисляют обязательные профессиональные пенсионные взносы в ЕНПФ.";

      абзац первый пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Обязательные пенсионные взносы, подлежащие уплате в ЕНПФ, исчисляются путем применения ставки, установленной статьей 249 Социального кодекса к объекту исчисления обязательных пенсионных взносов, в сроки, предусмотренные в пункте 10 настоящих Правил.";

      абзац шестой пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "Из социальных выплат, указанных в подпункте 26) пункта 1 статьи 341 Налогового кодекса, обязательные пенсионные взносы удерживаются в соответствии с пунктом 1 статьи 76, пунктом 1 статьи 117 и пунктом 3 статьи 174 Социального кодекса в сроки, предусмотренные в пункте 10 настоящих Правил.";

      пункты 12, 13, 14 и 15 изложить в следующей редакции:

      "12. Со дня поступления на счет Государственной корпорации суммы обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов вкладчиков обязательных пенсионных взносов, физических лиц, за которых перечислены обязательные профессиональные пенсионные взносы, в течение трех рабочих дней перечисляются в ЕНПФ электронными платежными поручениями в порядке, определенном Правилами осуществления безналичных платежей и (или) переводов денег на территории Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 208 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 107861) (далее – Правила осуществления безналичных платежей), форматами сообщений, утвержденными оператором или операционным центром платежных систем.

      Информация по физическим лицам, в чью пользу перечисляются обязательные пенсионные взносы, обязательные профессиональные пенсионные взносы согласно платежным поручениям, указанным в части первой настоящего пункта, направляется Государственной корпорацией в ЕНПФ в порядке, установленном соглашением, заключенным между ЕНПФ и Государственной корпорацией (далее – соглашение).

      Государственная корпорация в течение трех рабочих дней осуществляет возврат обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов с указанием причины возврата на счет агента за вкладчика обязательных пенсионных взносов, физического лица, за которого перечислены обязательные профессиональные пенсионные взносы, в реквизитах которого допущены ошибки, а также за лиц, освобожденных от уплаты обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в единый накопительный пенсионный фонд, указанных в пунктах 3 и 5 статьи 248 Социального кодекса.

      Государственная корпорация ежедневно представляет в ЕНПФ выписку за предыдущий операционный день о проведенных платежах (сумма и количество вкладчиков обязательных пенсионных взносов, физических лиц, за которых перечислены обязательные профессиональные пенсионные взносы).

      13. Уплата обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов осуществляется агентом наличными деньгами либо безналичным способом через банки второго уровня и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, на банковский счет Государственной корпорации с учетом требований Закона Республики Казахстан "О платежах и платежных системах", при этом перечисление взносов производится за каждый месяц отдельно с формированием сводного платежного поручения в порядке, определенном Правилами осуществления безналичных платежей, форматами сообщений, утвержденными оператором или операционным центром платежных систем, а также с указанием в платежных документах реквизитов Государственной корпорации и физических лиц, в чью пользу перечисляются взносы (индивидуальный идентификационный номер (далее – ИИН), фамилия, имя, отчество (при его наличии), суммы взносов и периода (месяц и год в формате "ММГГГГ"), за который уплачиваются взносы).

      В случае несвоевременного перечисления агентами обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов перечисление производится за каждый месяц отдельно с формированием сводного платежного поручения в порядке, установленном абзацем первым настоящего пункта.

      14. Лица, занимающиеся частной практикой, индивидуальные предприниматели, а также граждане Республики Казахстан, указанные в подпунктах 1) и 2) части первой пункта 2 статьи 248 Социального кодекса, при перечислении (внесении наличными) суммы обязательных пенсионных взносов в свою пользу и удержанных из доходов своих работников и физических лиц, с которыми заключены договоры гражданско-правового характера, предметом которых является оказание услуг (выполнение работ), указывают в платежных документах реквизиты Государственной корпорации, реквизиты и сведения о себе, работниках и физических лицах, заключивших договор гражданско-правового характера в порядке, установленном пунктом 13 настоящих Правил.

      15. Банки перечисляют суммы обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в Государственную корпорацию в день списания данных сумм с банковских счетов агентов.

      При внесении обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов наличными деньгами в кассы банков перечисление сумм указаний по платежу или переводу денег производится не позднее следующего операционного дня со дня внесения наличных денег.

      Перечисление банками денег в Государственную корпорацию осуществляется сводными платежными поручениями в электронном виде в порядке, определенном Правилами осуществления безналичных платежей, форматами сообщений, утвержденными оператором или операционным центром платежных систем.

      Агент, имеющий численность работников более пятидесяти человек, кроме выполнения требований пункта 14 настоящих Правил представляет в банк сводное платежное поручение на электронных носителях в формате, установленном пунктом 13 настоящих Правил.";

      дополнить пунктом 16-1 следующего содержания:

      "16-1. Действия физических лиц, за которых перечислены обязательные профессиональные пенсионные взносы, агентов, Государственной корпорации, банка и ЕНПФ в случае обнаружения ошибок при перечислении обязательных профессиональных пенсионных взносов, а также уплата пени и взыскание задолженности при несвоевременном перечислении обязательных профессиональных пенсионных взносов в ЕНПФ производятся в порядке и сроки, предусмотренные параграфом 1 и 2 настоящей главы для перечисления обязательных пенсионных взносов в ЕНПФ.";

      пункты 17 и 18 изложить в следующей редакции:

      "17. Вкладчик обязательных пенсионных взносов, обнаружив отсутствие отдельных сумм уплаченных обязательных пенсионных взносов и (или) пени, при получении пенсионных выплат или сведений о суммах пенсионных накоплений на индивидуальных пенсионных счетах направляет письменное заявление агенту об обнаружении ошибок и представлении ему копий платежных документов о перечислении обязательных пенсионных взносов (или) пени в ЕНПФ или Государственную корпорацию за любое время и прилагает платежный документ с информацией по данному вкладчику (фамилия, имя, отчество (при его наличии), сумме взносов и периоду (месяц и год в формате "ММГГГГ") для получения соответствующих сведений и принятия мер к исправлению допущенных ошибок.

      18. В случаях ликвидации агента в установленном законодательством порядке и окончания ликвидационного процесса вкладчик обязательных пенсионных взносов обращается в государственные архивные учреждения по месту нахождения агента, а в ходе ликвидационного производства в ликвидационную комиссию, которые представляют ему заверенные копии платежных документов. Полученные копии платежных документов вкладчик обязательных пенсионных взносов направляет с заявлением в Государственную корпорацию.";

      абзац второй пункта 22 изложить в следующей редакции:

      "22. В заявке в электронном виде указываются реквизиты вкладчика обязательных пенсионных взносов: фамилия, имя, отчество (при его наличии), ИИН, суммы обязательных пенсионных взносов и (или) пени, подлежащие возврату, причина возврата.";

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Возврат ЕНПФ ошибочно зачисленных сумм обязательных пенсионных взносов и (или) пени производится сводным платежным поручением с указанием реквизитов физических лиц на банковский счет Государственной корпорации по номинальной сумме фактически внесенных в ЕНПФ обязательных пенсионных взносов и (или) пени, указанной в заявке Государственной корпорации в электронном виде";

      пункты 28 и 29 изложить в следующей редакции:

      "28. Возврату не подлежит сумма обязательных пенсионных взносов при наличии в ЕНПФ неисполненного заявления на единовременную пенсионную выплату в целях улучшения жилищных условий и (или) оплаты лечения, перевод пенсионных накоплений в страховую организацию, а также при недостаточности суммы пенсионных накоплений на индивидуальном пенсионном счете вкладчика обязательных пенсионных взносов для исполнения налоговых обязательств по уплате индивидуального подоходного налога, исчисленного при единовременных пенсионных выплатах в целях улучшения жилищных условий и (или) оплаты лечения.

      Возврату не подлежит сумма обязательных пенсионных взносов, учтенная при расчете суммы базовой пенсионной выплаты.

      29. Государственная корпорация в течение трех рабочих дней со дня поступления от ЕНПФ ошибочно зачисленных сумм обязательных пенсионных взносов и (или) пени производит их перечисление сводным платежным поручением с указанием реквизитов физических лиц согласно реквизитам, указанным в заявлении агента.";

      пункт 31 изложить в следующей редакции:

      "31. Своевременно не удержанные (не начисленные) и (или) не перечисленные агентом суммы обязательных пенсионных взносов при условии фактической выплаты и получения работником дохода взыскиваются органами государственных доходов или подлежат перечислению агентом в пользу вкладчиков обязательных пенсионных взносов, лиц, за которых уплачиваются обязательные профессиональные пенсионные взносы, с начисленной пеней в размере 1,25-кратной базовой ставки Национального Банка за каждый день просрочки (включая день оплаты в Государственную корпорацию).

      Агенты своевременно исчисляют, удерживают (начисляют) и уплачивают обязательные пенсионные взносы в ЕНПФ.";

      пункты 33, 34, 35, 36, 37, 38 и 39 изложить в следующей редакции:

      "33. Уплата пени за несвоевременное перечисление обязательных пенсионных взносов в ЕНПФ производится агентами в порядке, установленном абзацем первым пункта 13 настоящих Правил.

      Количество экземпляров каждого платежного документа, а также порядок и сроки их передачи аналогичны условиям, установленным в пункте 13 настоящих Правил, для перечисления обязательных пенсионных взносов.

      34. Агент, имеющий численность работников более пятидесяти человек, при уплате пени представляет в банк сводное платежное поручение с указанием реквизитов физических лиц на бумажном и электронном носителях в порядке, определенном пунктом 14 настоящих Правил.

      35. Сводное платежное поручение с указанием реквизитов физических лиц содержит по каждому физическому лицу реквизиты, предусмотренные пунктом 13 настоящих Правил, при перечислении обязательных пенсионных взносов, за исключением графы "сумма взноса". Вместо "суммы взноса" указывается соответствующая "сумма пени".

      36. Банки при получении платежных документов агентами производят перечисление пени на банковский счет Государственной корпорации в порядке, определенном Правилами осуществления безналичных платежей, форматами сообщений, утвержденными оператором или операционным центром платежных систем.

      37. За несвоевременное перечисление денег в ЕНПФ Государственная корпорация уплачивает пеню в размере, установленном Социальным кодексом.

      Для уплаты пени Государственная корпорация на основании платежного поручения агента формирует платежное поручение в порядке, определенном Правилами осуществления безналичных платежей, форматами сообщений, утвержденными оператором или операционным центром платежных систем.

      Информация по физическим лицам, в чью пользу перечисляется пеня согласно платежному поручению, указанному в части первой настоящего пункта, направляется Государственной корпорацией в единый накопительный пенсионный фонд в порядке, установленном соглашением, с указанием реквизитов физических лиц в порядке, установленном пунктом 13 настоящих Правил, при этом вместо суммы взноса указывается соответствующая сумма пени, распределенная по каждому физическому лицу.

      38. ЕНПФ зачисляет полученную пеню на индивидуальные пенсионные счета вкладчиков обязательных пенсионных взносов.

      39. Пеня, перечисленная с нарушением требований пункта 37 настоящих Правил, подлежит возврату Государственной корпорации, при последующем перечислении сумма пени увеличивается на количество дней задержки представления указанного списка.".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 3 июля 2023 года № 540 "Об утверждении Правил и сроков исчисления (начисления) и перечисления обязательных пенсионных взносов работодателя в единый накопительный пенсионный фонд и взыскания по ним":

      в Правилах и сроках исчисления, удержания (начисления) и перечисления обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в единый накопительный пенсионный фонд и взыскания по ним, утвержденных указанным постановлением:

      абзац второй подпункта 4) пункта 2 исключить;

      абзац второй подпункта 4) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "При этом получаемым доходом для лиц, занимающихся частной практикой, а также индивидуальных предпринимателей для целей исчисления обязательных пенсионных взносов работодателя является сумма, определяемая ими самостоятельно в пределах размеров, установленных пунктом 2 статьи 251 Социального кодекса.";

      подпункт 3) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "3) указанных в пункте 1 статьи 341, за исключением установленных подпунктами 12) и 50) пункта 1 статьи 341, а также подпунктами 42) и 43) пункта 1 статьи 341 Налогового кодекса (в части утраченного заработка (дохода);";

      пункты 10, 11, 12, 13 и 14 изложить в следующей редакции:    

      "10. Перечисление обязательных пенсионных взносов работодателя осуществляется агентами через банки в Государственную корпорацию для последующего перечисления на условные пенсионные счета в ЕНПФ.

      Обязательные пенсионные взносы работодателя перечисляются сводным платежным поручением за каждый месяц отдельно в порядке, определенном Правилами осуществления безналичных платежей и (или) переводов денег на территории Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 208 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 107861) (далее – Правила осуществления безналичных платежей), форматами сообщений, утвержденными оператором или операционным центром платежных систем, а также с указанием в платежных документах реквизитов Государственной корпорации и физических лиц, в чью пользу перечисляются взносы (индивидуальный идентификационный номер (далее – ИИН), фамилия, имя, отчество (при его наличии), суммы взносов и периода (месяц и год в формате "ММГГГГ"), за который уплачиваются взносы.

      В случае несвоевременного перечисления агентами обязательных пенсионных взносов работодателя перечисление производится за каждый месяц отдельно с формированием сводного платежного поручения в порядке, установленном абзацем первым настоящего пункта настоящих Правил.

      11. Лица, занимающиеся частной практикой, а также индивидуальные предприниматели, перечисляя суммы обязательных пенсионных взносов работодателя в свою пользу и пользу лиц, за которых производятся обязательные пенсионные взносы работодателя, формируют сводные платежные документы с указанием реквизитов Государственной корпорации и физических лиц в порядке, установленном в пункте 10 настоящих Правил.

      12. Суммы обязательных пенсионных взносов работодателя, поступившие на счет Государственной корпорации, в течение 3 (три) рабочих дней перечисляются в ЕНПФ электронными платежными поручениями в порядке, определенном Правилами осуществления безналичных платежей, форматами сообщений, утвержденными оператором или операционным центром платежных систем.

      Информация по физическим лицам, в чью пользу перечисляются обязательные пенсионные взносы работодателя согласно платежным поручениям, указанным в части первой настоящего пункта, направляется Государственной корпорацией в ЕНПФ в порядке, установленном соглашением, заключенным между ЕНПФ и Государственной корпорацией (далее – соглашение).

      13. В случаях отсутствия ИИН работника, указанного в сводном платежном поручении, и (или) допущения агентом ошибок в реквизитах физического лица суммы обязательных пенсионных взносов работодателя возвращаются Государственной корпорацией в течение 3 (три) рабочих дней на счет агента с указанием причины возврата.

      14. Физическое лицо, обнаружив отсутствие отдельных сумм уплаченных обязательных пенсионных взносов работодателя и (или) пени при получении пенсионных выплат или сведений о суммах пенсионных накоплений на условном пенсионном счете, устно уведомляет агента, в том числе бухгалтерию, об обнаружении ошибок и представлении ему копий платежных документов о перечислении обязательных пенсионных взносов работодателя и (или) пени в Государственную корпорацию за любое время и прилагает платежный документ с информацией по данному вкладчику (фамилия, имя, отчество (при его наличии), сумме взносов и периоду (месяц и год в формате "ММГГГГ") для получения соответствующих сведений и принятия мер к исправлению допущенных ошибок.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. На основании полученных от агентов и банков документов на возврат ошибочно перечисленных обязательных пенсионных взносов работодателя и (или) пени Государственная корпорация в течение 5 (пять) рабочих дней после проверки фактов поступления указанных пенсионных взносов и отсутствия ранее осуществленных возвратов по ним формирует заявку в электронном виде на возврат ошибочно зачисленных сумм обязательных пенсионных взносов работодателя и (или) пени.

      В заявке в электронном виде указываются реквизиты физического лица: фамилия, имя, отчество (при его наличии), ИИН, суммы обязательных пенсионных взносов работодателя и (или) пени, подлежащие возврату, причина возврата.

      Заявка в электронном виде направляется в ЕНПФ в соответствии с соглашением.";

      пункты 20 и 21 изложить в следующей редакции:

      "20. Возврат ЕНПФ ошибочно зачисленных сумм обязательных пенсионных взносов работодателя и (или) пени производится сводным платежным поручением с указанием реквизитов физических лиц на банковский счет Государственной корпорации по номинальной сумме фактически внесенных в ЕНПФ обязательных пенсионных взносов работодателя и (или) пени, указанной в заявке Государственной корпорации, в электронном виде.

      21. Государственная корпорация в течение 3 (три) рабочих дней со дня поступления от ЕНПФ ошибочно зачисленных сумм обязательных пенсионных взносов работодателя и (или) пени производит их перечисление сводным платежным поручением с указанием реквизитов физических лиц, указанных в заявлении агента.";

      пункты 25 и 26 изложить в следующей редакции:

      "25. Уплата пени за несвоевременное перечисление обязательных пенсионных взносов работодателя в ЕНПФ производится агентами через Государственную корпорацию в порядке, установленном пунктом 10 настоящих Правил, с указанием физических лиц, за которых обязательные пенсионные взносы работодателя агентом были перечислены несвоевременно.

      Пеня, перечисленная без указания физических лиц, подлежит возврату агенту, при последующем перечислении сумма пени увеличивается с учетом количества дней задержки.

      26. ЕНПФ зачисляет полученную пеню на условные пенсионные счета согласно информации, полученной от Государственной корпорации в порядке, установленном в пункте 12 настоящих Правил.";

      абзац второй пункта 31 изложить в следующей редакции:

      "Взыскание задолженности по обязательным пенсионным взносам работодателя с банковских счетов агентов производится на основании инкассового распоряжения органа государственных доходов, оформленного в порядке, определенном Правилами осуществления безналичных платежей.".

      _____________________________