ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
Жедел басқарма
бастық;
бастықтың орынбасары;
бөлім бастығы;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Кезекші бөлім
бастық;
аға инспектор-кезекші;
инспектор-кезекші;
әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы.
Режим, қадағалау және күзет басқармасы
бастық;
бастықтың орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл, жедел уәкіл, бас маман;
аға инспектор, инспектор.
Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы
бастық;
бастықтың орынбасары;
бөлім бастығы;
бас маман;
бас маман-психолог;
аға инспектор;
инспектор, инспектор-психолог.
Өзіндік қауіпсіздік басқармасы
бастық;
бастықтың орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Кадр саясаты басқармасы
кәсіптік даярлық тобының бас маманы;
кәсіптік даярлық тобының аға инспекторы.
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру басқармасы
бастық;
бастықтың орынбасары;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Тергеу изоляторлары бөлімі (бөлімшесі, тобы)
бастық;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Арнайы есепке алу бөлімі
бастық;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Медициналық қамтамасыз ету бөлімі
бөлім бастығы-дәрігер;
бас маман-дәрігер;
бас маман-мемлекеттік санитариялық дәрігер;
аға инспектор-дәрігер;
инспектор-дәрігер.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 5 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |