"Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 798 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

      Жедел басқарма

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      бөлім бастығы;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

      аға жедел уәкіл;

      жедел уәкіл.

      Кезекші бөлім

      бастық;

      аға инспектор-кезекші;

      инспектор-кезекші;

      әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы.

      Режим, қадағалау және күзет басқармасы

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

      аға жедел уәкіл, жедел уәкіл, бас маман;

      аға инспектор, инспектор.

      Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      бөлім бастығы;

      бас маман;

      бас маман-психолог;

      аға инспектор;

      инспектор, инспектор-психолог.

      Өзіндік қауіпсіздік басқармасы

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

      аға жедел уәкіл;

      жедел уәкіл.

      Кадр саясаты басқармасы

      кәсіптік даярлық тобының бас маманы;

      кәсіптік даярлық тобының аға инспекторы.

      Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру басқармасы

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      бас маман;

      аға инспектор;

      инспектор.

      Тергеу изоляторлары бөлімі (бөлімшесі, тобы)

      бастық;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

      аға жедел уәкіл;

      жедел уәкіл.

      Арнайы есепке алу бөлімі

      бастық;

      бас маман;

      аға инспектор;

      инспектор.

      Медициналық қамтамасыз ету бөлімі

      бөлім бастығы-дәрігер;

      бас маман-дәрігер;

      бас маман-мемлекеттік санитариялық дәрігер;

      аға инспектор-дәрігер;

      инспектор-дәрігер.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 5 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады