Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 199-2) тармақшамен толықтырылсын:
"199-2) таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оның енгізілетін күнін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 201-1) және 201-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"201-1) стандарттау саласындағы мемлекеттік органдар әзірлейтін ұлттық стандарттарды әзірлеуді келісу;
201-2) стандарттау саласындағы мемлекеттік органдар әзірлейтін ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді келісу;";
мынадай мазмұндағы 228-13) және 228-14) тармақшалармен толықтырылсын:
"228-13) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке тұлғалардың петицияларын қарау;
228-14) цифрлық трансформациялау жүргізу;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |