“Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 462 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 17 Жарлығы.

      1. “Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 462 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2017 жыл, № 13, 87-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына енгізілсін:

Қойшыбаев
Ғалымжан Тельманұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төрағаның орынбасары,

Әбдіғалиұлы
Берік Бақытұлы

- “Киелі Қазақстан” ғылыми-зерттеу орталығының басшысы (келісім бойынша),

Атамқұлов
Бейбіт Бәкірұлы

- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі,

Дәленов
Руслан Ерболұлы

- Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі,

Жамилова
Эльмира Нариманқызы

- “КТК” телеарнасының Бас директоры (келісім бойынша),

Елгезек
Ақберен Елгезекұлы

- Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша),

Қыдырәлі
Дархан Қуандықұлы

- “Егемен Қазақстан” акционерлік қоғамның Басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Маржықпаев
Ермек Боранбайұлы

- Ақмола облысының әкімі,

Матыжанов
Кенжехан Слямжанұлы

- М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры (келісім бойынша),

Махашов
Жангелді Меңлібайұлы

- Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры (келісім бойынша),

Нұразхан
Алмаз Шайкенұлы

- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы (келісім бойынша),

Омаров
Асқар Қуанышұлы

- “Қазақпарат” халықаралық ақпарат агенттігінің Бас директоры (келісім бойынша),

Сатаев
Ахан Асханұлы

- кинорежиссер (келісім бойынша),

Шәмшидинова
Күләш Ноғатайқызы

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

      мына жолдар:

"Тәжин
Марат Мұханбетқазыұлы

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары”,

“Кәлетаев
Дархан Аманұлы

- Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі, төрағаның орынбасары”,

“Абаев
Дәурен Әскербекұлы

- Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі”,

“Бабақұмаров
Ержан Жалбақұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары”,

“Мырзалин
Мәлік Кеңесбайұлы

- Ақмола облысының әкімі”,

“Смайылов
Әлихан Асханұлы

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрі”,

“Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

- Астана қаласының әкімі”,

“Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы

- Түркістан облысының әкімі”,

“Оразалин Оңдасын
Сейілұлы

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары”,

“Шөкеев
Өмірзақ Естайұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі”

      тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

“Тәжин
Марат Мұханбетқазыұлы

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға”,

“Кәлетаев
Дархан Аманұлы

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары”,

“Абаев
Дәурен Әскербекұлы

- Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі”,

“Бабақұмаров
Ержан Жалбақұлы

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі”,

“Мырзалин
Мәлік Кеңесбайұлы

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары”,

“Смайылов
Әлихан Асханұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі”,

“Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

- Нұр-Сұлтан қаласының әкімі”,

“Түймебаев
Жансейіт Қансейітұлы

- Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі”;

“Оразалин
Оңдасын Сейілұлы

- Ақтөбе облысының әкімі”;

"Шөкеев
Өмірзақ Естайұлы

- Түркістан облысының әкімі”;

      жоғарыда аталған комиссия құрамынан шығарылсын: Ә.Ө. Исекешев, Н.Ш. Алдабергенов, Қ.Қ. Әбдірахманов, Г.В. Кан, А.Б. Қожахметов, Л.А. Прокопенко, Е.К. Сағадиев, Б.М. Сапарбаев, Т.М. Сүлейменов, А.Ы. Үкібай.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады