Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
реттік нөмірлері 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
26 | Азаматтық құқықтар объектілерінің құқықтық табиғаты мен сыныптамасын айқындау және олардың құқықтық режимін нақтылау, "талап ету құқығы" және "зияткерлік меншік құқығы" сияқты объектілердің осы сыныптамадағы орнын айқындау | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2027 жылғы желтоқсан | Әділетмині, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
27 | Жеке құқық субъектілеріне тиесілі азаматтық құқықтардың алуан түрлілігін ескере отырып заңнаманы жетілдіру, оның ішінде заңды тұлғалар мен мемлекетке тиесілі құқықтардың тізбесін басқа да заттық және міндеттемелік құқықтармен, сондай-ақ мүліктік емес, айрықша құқықтармен, мұрагерлік құқығымен және өзге де мүліктік құқықтармен толықтыру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2027 жылғы желтоқсан | Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
28 | Иелену, иелену мерзімі және негаторлық талап қою туралы нормаларды жетілдіру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2027 жылғы желтоқсан | Әділетмині, ЖС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
29 | Талап мерзімі институтын жетілдіру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2027 жылғы желтоқсан | Әділетмині, ЖС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰҚП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
30 | Смарт-келісімшарттар және электрондық коммерция (e-commerce) туралы заңнаманы жетілдіру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2027 жылғы желтоқсан | Әділетмині, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
31 | Материалдық емес (моральдық) зиянды өтеу институтын қолдану салаларын, оны өтеу шарттарын, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2027 жылғы желтоқсан | Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
32 | Жеке қатынастарды реттеудің жария-құқықтық әдістерінің негізсіз басымдығын жою жөніндегі тетіктерді әзірлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2027 жылғы желтоқсан | Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
";
реттік нөмірлері 35, 36, 37 және 38-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
35 | Азаматтық кодекске азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуының, өзгеруінің және тоқтатылуының дербес негіздері ретінде заңды тұлғалардың жиналыстары мен алқалы басқару органдарының шешімдері туралы ереже бөлігінде өзгерістер енгізу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2027 жылғы желтоқсан | Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
36 | Корпоративтік лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы нормаларды дамыту | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2027 жылғы желтоқсан | Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
37 | Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыруды және құқықтық мирасқорлық мәселелерін регламенттейтін, оның ішінде коммерциялық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нысандары, сондай-ақ қайта ұйымдастырудың кешенді нысандарын жүзеге асырудың шарттары мен тәртібін реттеу бөлігінде азаматтық заңнаманы реформалау | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2027 жылғы желтоқсан | Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
38 | Корпоративтік басқарудың озық практикасының ұсынымдары мен стандарттары негізінде корпоративтік заңнаманы жаңғырту | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2027 жылғы желтоқсан | Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |