"Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 837 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

      реттік нөмірлері 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

26

Азаматтық құқықтар объектілерінің құқықтық табиғаты мен сыныптамасын айқындау және олардың құқықтық режимін нақтылау, "талап ету құқығы" және "зияткерлік меншік құқығы" сияқты объектілердің осы сыныптамадағы орнын айқындау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы желтоқсан

Әділетмині, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

27

Жеке құқық субъектілеріне тиесілі азаматтық құқықтардың алуан түрлілігін ескере отырып заңнаманы жетілдіру, оның ішінде заңды тұлғалар мен мемлекетке тиесілі құқықтардың тізбесін басқа да заттық және міндеттемелік құқықтармен, сондай-ақ мүліктік емес, айрықша құқықтармен, мұрагерлік құқығымен және өзге де мүліктік құқықтармен толықтыру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы желтоқсан

Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

28

Иелену, иелену мерзімі және негаторлық талап қою туралы нормаларды жетілдіру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы желтоқсан

Әділетмині, ЖС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

29

Талап мерзімі институтын жетілдіру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы желтоқсан

Әділетмині, ЖС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰҚП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

30

Смарт-келісімшарттар және электрондық коммерция (e-commerce) туралы заңнаманы жетілдіру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы желтоқсан

Әділетмині, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

31

Материалдық емес (моральдық) зиянды өтеу институтын қолдану салаларын, оны өтеу шарттарын, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы желтоқсан

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

32

Жеке қатынастарды реттеудің жария-құқықтық әдістерінің негізсіз басымдығын жою жөніндегі тетіктерді әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы желтоқсан

Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

      ";

      реттік нөмірлері 35, 36, 37 және 38-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

35

Азаматтық кодекске азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуының, өзгеруінің және тоқтатылуының дербес негіздері ретінде заңды тұлғалардың жиналыстары мен алқалы басқару органдарының шешімдері туралы ереже бөлігінде өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы желтоқсан

Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

36

Корпоративтік лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы нормаларды дамыту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы желтоқсан

Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

37

Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыруды және құқықтық мирасқорлық мәселелерін регламенттейтін, оның ішінде коммерциялық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нысандары, сондай-ақ қайта ұйымдастырудың кешенді нысандарын жүзеге асырудың шарттары мен тәртібін реттеу бөлігінде азаматтық заңнаманы реформалау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы желтоқсан

Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

38

Корпоративтік басқарудың озық практикасының ұсынымдары мен стандарттары негізінде корпоративтік заңнаманы жаңғырту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы желтоқсан

Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады