Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.";
3) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын мониторингтеу;";
8), 9), 10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесін стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу және түзету әдістемесін бекіту;
10) қабылданған тұжырымдамалардың, ұлттық жобалардың, доктриналардың (стратегиялардың), кешенді жоспарлардың тізілімін жүргізу;
11) тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), кешенді жоспарларды әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу қағидаларын бекіту;";
13) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) және 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-1) қолданылатын дереккөздерді және (немесе) түйінді ұлттық индикаторлар картасы индикаторларының тиісті есеп-қисаптарының әдістемелерін стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекіту;
15-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын декомпозициялау кезінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
15-3) ресми статистикалық ақпарат қалыптастырылмайтын Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемелерін келісу;";
мынадай мазмұндағы 80-1) және 80-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"80-1) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін уәкілетті тұлғаларға (сарапшыларға, сараптама ұйымдарына) қойылатын өлшемшарттар мен талаптарды айқындау;
80-2) табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынылған деректері негізінде сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу;";
98) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"98) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |