Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірлеуін бірлесіп пайдалану туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Хасенұлы Мәдиевке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірлеуін бірлесіп пайдалану туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 қазандағы № 891 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірлеуін бірлесіп пайдалану туралы
келісім
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелерін жетілдіру мақсатында төмендегілер туралы келісті:
Тараптар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада қамтылған Дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірлеу аймақтарының кодтарын Қазақстан Республикасына және Ресей Федерациясына бекітіп беру кестесіне сәйкес дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірлеу кодтарын өздеріне белгілейді.
Ортақ резервтегі нөмірлеу ресурсы Тараптардың әрқайсысына Тараптардың жеке келісім жасасуы арқылы бекітіледі.
Тараптар Дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірлеу аймақтарының кодтарын Қазақстан Республикасына және Ресей Федерациясына бекітіп беру кестесіне сәйкес өздеріне бекітіп берілген дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірлеу кодтарын белгілеуді өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар:
Қазақстан Тарапынан – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
Ресей Тарапынан – Ресей Федерациясының Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі болып табылады.
Уәкілетті органдардың атауының немесе функцияларының өзгергені туралы Тараптар бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
Дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағы нөмірлеуінің ұлттық жүйелеріне және жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді Тараптар осы Келісімді басшылыққа ала отырып, өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тараптардың уәкілетті органдары осы Келісімнің ережелерін орындау және іске асыру мерзімдері туралы уақтылы ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Осы Келісімнің ережелерін қолдануға және (немесе) түсіндіруге қатысты даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар консультациялар мен келіссөздер жолымен шешеді.
Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен ресімделеді.
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 2006 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлігінің арасындағы әлемдік нөмірлеудің 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім өз күшін жояды.
Тараптардың бірі осы Келісімнің қолданысын тоқтатуға және дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағынан шығуға ниет білдірген жағдайда ол екінші Тарапқа Келісімнің қолданысын тоқтату және өзінің шығуы болжанған күнге дейін кемінде 24 ай бұрын тиісті жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Тараптар бұл туралы Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭБО) Электр байланысын стандарттау бюросын дереу хабардар етеді. Шығатын тарап Электр байланысын стандарттау бюросының (ЭБСБ) қолданыстағы қағидаларына және ХЭБО Электр байланысын стандарттау секторының ұсынымдарына сәйкес халықаралық телефон нөмірлеуінің өз елінің кодын алу үшін ЭБСБ-ға жүгінеді. Осы мәселені ХЭБО-да қарастырған кезінде Тараптар өз ұстанымдарын тату көршілік пен өзара түсіністік рухында үйлестіреді.
Тараптардың бірі осы Келісімнің қолданысын тоқтатқан және дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағынан шыққан жағдайда бұған дейін оған бекітіп берілген дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының кодтарын пайдалану құқығы екінші Тарапқа бекітіледі.
20__ жылғы _____ ____ _________ әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей. Осы Келісімнің мәтіндері арасында алшақтықтар болған жағдайда орыс тіліндегі мәтінің басым күші болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірлеуін бірлесіп пайдалану |
|
туралы келісімге қосымша |
Дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірлеу аймақтарының кодтарын Қазақстан Республикасына және Ресей Федерациясына бекітіп беру кестесі
* - нөмірлеу кодтарының диапазондарын бірлесіп пайдалану кезінде Тараптар:
1) нөмірлеу кодтарының бірлесіп пайдаланылатын диапазонында кодтарды өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес өздері белгілейді;
2) нөмірлеу кодтарының көрсетілген диапазонындағы нөмірлеуді өз мемлекеттерінің телефон желілерінде ғана пайдаланады.
** - Үлестірілмеген кодтар ресурсы (26 код - 819, 822 - 829, 830, 832, 837 - 839, 849, 852 - 854, 858 - 859, 864, 868, 870, 864) ортақ резервке бекітіледі. Үлестірілмеген кодтар ресурсын резервтен шығару және одан кейінгі үлестіру Тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірлеуін бірлесіп пайдалану туралы келісімге жеке хаттамалармен ресімделеді, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады.