Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу шартымен "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімі 2052 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылсын.
2. "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 903 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген |
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Р/с | Мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері (атауы) | Өлшем бірлігі | Базалық кезең 2023 жыл | 2027 жылға қарай қол жеткізу | 2032 жылға қарай қол жеткізу | 2037 жылға қарай қол жеткізу | 2042 жылға қарай қол жеткізу | 2047 жылға қарай қол жеткізу | 2052 жылға қарай қол жеткізу |
нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1. | Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде: | млрд теңге | 290 | 340 | 390 | 440 | 490 | 540 | 590 |
1.1 | Шетелдік инвестициялардың көлемі | млрд теңге | 170 | 175 | 185 | 200 | 220 | 245 | 275 |
1.2 | Отандық инвестициялардың көлемі | млрд теңге | 120 | 165 | 205 | 240 | 270 | 295 | 315 |
2. | АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі | млрд теңге | 450 | 490 | 500 | 520 | 550 | 590 | 640 |
3. | Қатысушылар саны | компаниялар | 50 | 55 | 60 | 65 | 70 | 75 | 80 |
4. | АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны | адам | 2300 | 3300 | 3500 | 3700 | 3900 | 4100 | 4300 |
5. | АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесінің орташа мәні | % | 50 | 53 | 58 | 63 | 68 | 73 | 78 |