Қазақстан Республикасының Үкімет ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұловаға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 қарашадағы № 914 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісім
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі
заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасау тиімділігін арттыру мақсатында ынтымақтастықты нығайтуға толық шешім қабылдай отырып;
ұйымдасқан қылмыстық топтардың көшіп-қонушыларды заңсыз тасымалдау бойынша әрекетінің айтарлықтай артуына алаңдаушылық білдіре отырып;
осы Келісімді жасасу арқылы және өзара негізде Тараптар мемлекеттерінің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдарды сәйкестендірудің және қайтаруды ұйымдастырудың жылдам және тиімді рәсімдерін белгілеуге, сондай-ақ ынтымақтастық аясында осындай адамдарды транзитін жеңілдетуге ниет білдіре отырып;
Тараптар тиісті жағдайларда Тараптардың өздерінің тиісті мемлекеттеріне заңсыз келген немесе онда болған үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды шыққан немесе тұрақты тұратын мемлекеттеріне кері жіберу үшін барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс екенін назарға ала отырып;
2009 жылғы 6 қазандағы Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді назарға ала отырып;
2015 жылғы 21 желтоқсанда Астанада қол қойылған Бір жағынан, Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан, Еуропалық Одақтың және оған мүше мемлекеттердің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді назарға ала отырып;
адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттігін мойындай отырып және осы Келісім қатысушы мемлекеттердің халықаралық құқықтан, атап айтқанда 1944 жылғы 7 желтоқсандағы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциядан, Женевада қол қойылған 1951 жылғы 28 шілдедегі Босқындар мәртебесі туралы конвенциядан және Нью-Йоркте қол қойылған 1967 жылғы 31 қаңтардағы Босқындар мәртебесіне қатысты хаттамадан, Нью-Йоркте қол қойылған 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіден және мемлекеттер қатысушылары болып табылатын ұстап беру туралы халықаралық келісімдерден туындайтын құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейтінін атап көрсете отырып;
төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
1) "Реадмиссия" сұрау салынатын Тарап мемлекетінің өз азаматтары, сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз келген, болатын немесе тұратын үшінші мемлекеттердің азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар болсын, осындай адамдарды осы Келісімнің ережелеріне сәйкес сұрау салатын Тараптың Құзыретті органының қайтаруын және сұрау салынатын Тараптың Құзыретті органының қабылдауын білдіреді;
2) "Үшінші мемлекеттің азаматы" – Тараптар мемлекеттерінің азаматтығынан өзге азаматтығы бар адам;
3) "Азаматтығы жоқ адам" – қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелдемелері жоқ адам;
4) "Болуға немесе тұруға рұқсат" – Тарап мемлекетінің уәкілетті органдары берген, адамға осы Тарап мемлекетінің аумағында болуға немесе тұруға құқық беретін жарамды рұқсат;
5) "Виза" – әуежайда берілетін транзиттік визаны қоспағанда, Тарап мемлекетінің Құзыретті органы берген, оның мемлекетінің аумағына келуге немесе оның аумағы арқылы транзиттеуге құқық беретін рұқсат;
6) "Транзит" – үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың Сұрау салатын Тарап мемлекетінен межелі мемлекетке Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы өтуі;
7) "Сұрау салатын Тарап" – осы Келісімге сәйкес реадмиссиялау туралы өтінішхат немесе транзиттеу туралы өтінішхат жіберетін Тараптардың бірінің мемлекеті;
8) "Сұрау салынатын Тарап" – осы Келісімге сәйкес реадмиссиялау туралы өтінішхат немесе транзиттеу туралы өтінішхат жіберілетін Тараптардың бірінің мемлекеті;
9) "Құзыретті органдар" – Тараптар мемлекеттерінің осы Келісімді іске асыру жүктелетін уәкілетті органдары.
Тараптар мемлекеттерінің азаматтарын реадмиссиялау
1. Сұрау салынатын Тарап осы Келісім шеңберінде Сұрау салатын Тараптың өтінішхаты бойынша Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан кез келген адамды, егер осы Келісімге сәйкес бұл адам Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматы болып табылатыны анықталса, осы Келісімде айқындалғаннан басқа шарттылықсыз өз мемлекетінің аумағында қабылдайды. Осы міндеттеме Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына келгеннен кейін Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтығынан айырылған не одан бас тартқан және Сұрау салытын Тарап мемлекетінің не үшінші мемлекеттің азаматтығын қабылдамаған адамдарға да қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарды реадмиссиялаумен бір мезгілде Сұрау салынатын Тарап олардың:
а) егер кәмелетке толмаған, 18 жасқа толмаған некеде тұрмайтын балаларының Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағында болуға немесе тұруға тәуелсіз құқығы болмаса, олардың туған жеріне немесе азаматтығына қарамастан, осындай балаларының;
b) егер Тараптар мемлекеттерінің халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың азаматтығынан өзге азаматтығы бар жұбайларының (зайыптарының) Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына келуге, онда болуға немесе тұруға құқығы болса және Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағында болуға немесе тұруға тәуелсіз құқығы болмаса, оларды реадмиссиялауды да жүзеге асырады.
3. Сұрау салынатын Тарап реадмиссиялауға жататын адамның ерік білдіруіне қарамастан, қажет болған кезде осы адамды қайтару үшін қажетті, қолданылу мерзімі кемінде 6 (алты) айды құрайтын жол жүру құжатын береді. Жол жүру құжаты реадмиссиялау туралы өтінішхатқа оң жауап алынғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде тегін беріледі.
4. Егер реадмиссиялауға жататын адамды заңды немесе нақты себептер бойынша берілген жол жүру құжатының қолданылу мерзімі ішінде беру мүмкін болмаса, Сұрау салынатын Тараптың Құзыретті органы осы тармақта көзделген тәртіппен және қолданылу мерзімі бұрын берілген жол жүру құжатының мерзіміндей болатын жаңа жол жүру құжатын 3 (үш) жұмыс күні ішінде береді.
Үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау
1. Сұрау салынатын Тарап осы Келісім шеңберінде Сұрау салатын Тараптың өтінішхаты бойынша Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан үшінші мемлекеттің кез келген азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды, егер осы Келісімге сәйкес мұндай адамның:
а) Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз келгені немесе
b) келу кезінде Сұрау салынатын Тарап берген онда болуға немесе тұруға жарамды рұқсатының болғаны немесе
c) келу кезінде Сұрау салынатын Тарап берген жарамды визасының болғаны дәлелденсе, осы Келісімде айқындалғаннан басқа шарттылықсыз өз мемлекетінің аумағында қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген реадмиссиялауға қатысты міндеттеме, егер тек:
осы адамның Сұрау салынатын Тарап берген және қолданылу мерзімі неғұрлым ұзақ визасы немесе болуға немесе тұруға рұқсаты болса немесе
Сұрау салатын Тарап берген виза немесе болуға немесе тұруға рұқсат қолдан жасалған құжаттардың көмегімен алынса, егер Сұрау салатын Тарап үшінші мемлекеттің азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға өз мемлекетінің аумағына келгенге дейін немесе келгеннен кейін виза немесе тұруға/онда болуға рұқсат берсе қолданылмайды.
3. Сұрау салатын Тарап қажет болған кезде реадмиссиялау туралы өтінішхатқа оң жауап алғаннан кейін реадмиссиялауға жататын адамға Сұрау салынатын Тарап мойындайтын, қолданылу мерзімі кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайтын жол жүру құжатын береді.
Сұрау салатын Тарап, егер Сұрау салынатын Тарап кері қайтаратын адамды бергеннен кейін 3 (үш) ай ішінде осы Келісімнің 2 және 3-баптарында қамтылған талаптардың сақталмағаны анықталса немесе адамды беру кезінде осы Келісімде көзделген осындай адамды реадмиссиялау үшін талаптардың болмағаны расталса, осындай адамды кері қабылдайды. Мұндай жағдайларда осы Келісімнің реадмиссиялау және транзиттеу рәсімдерін реттейтін ережелері қолданылады, ал Сұрау салынатын Тарап қайтарылатын адаммен бірге Сұрау салатын Тарапқа беруге жататын адамның жеке басы мен азаматтығы туралы қолда бар барлық ақпаратты береді.
Реадмиссиялау туралы өтінішхат
1. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес адамды реадмиссиялауды жүзеге асыру үшін Сұрау салатын Тараптың Құзыретті органы реадмиссиялау туралы өтінішхатты пошта немесе электронды пошта арқылы техникалық байланыс құралдарының көмегімен Сұрау салынатын Тараптың Құзыретті органына жібереді.
2. Реадмиссиялау туралы өтініш нысанының үлгісі осы Келісімге 1-қосымшада келтірілді.
3. Реадмиссиялау туралы өтінішхатта мынадай:
а) реадмиссиялауға жататын адам туралы барлық қолда бар мәлімет (аты, тегі, туған күні, жынысы және егер мүмкін болса, оның туған жері мен соңғы тұрғылықты жері), оның кәмелетке толмаған, некеде тұрмайтын балалары және (немесе) жұбайы (зайыбы) туралы қолжетімді ақпарат, сондай-ақ реадмиссиялауға жататын адамның түрлі-түсті фотосуреті;
b) адамның Сұрау салынатын Тараптың азаматтығына тиесілігі дәлелдемелерінің бар-жоғы туралы немесе
c) үшінші мемлекеттің азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды реадмиссиялау үшін дәлелдемелердің бар-жоғы туралы ақпарат қамтылады.
4. Реадмиссиялау туралы өтінішхатқа Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтығы құжаттарға сәйкес дәлелденген немесе олардың негізінде үшінші мемлекеттер азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшін шарттардың болуы анықталған құжаттардың қолда бар көшірмелері қоса беріледі.
5. Қажет болған жағдайларда реадмиссиялау туралы өтінішхат мынадай ақпаратты:
а) реадмиссиялауға жататын адам ұлттық заңнамаға және дербес деректерді қорғау қағидаларына сәйкес медициналық көмекке немесе арнайы күтімге мұқтаж екенін куәландыратын өтінішке нақты келісім берген жағдайда тиісті адамның осындай өтінішін;
b) беру жағдайында қажет болуы мүмкін қорғау немесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кез келген басқа да шаралар туралы мәліметтерді;
с) реадмиссиялауға жататын адамның азаматтығын анықтау мақсатында әңгімелесу өткізу туралы өтінішхатты да қамтуға тиіс.
6. Егер реадмиссиялауға жататын адамда осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген жарамды құжаттардың біреуі болса, ал бұл адам үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылған жағдайда Сұрау салынатын Тарап берген жарамды визасы немесе болуға немесе тұруға рұқсаты болса, реадмиссиялау туралы өтінішхат талап етілмейді.
7. Тараптар осы Келісім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кешіктірмей, азаматтыққа тиесілігі оларға сәйкес дәлелденетін құжаттардың үлгілерін, сондай-ақ осы Келісімнің 3-бабының 3-тармағында көрсетілген жол жүру құжатының үлгілерін дипломатиялық арналар арқылы алмасады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарға өзгерістер енгізілген жағдайда Тараптар бір-біріне бұл туралы дереу хабарлайды және құжаттардың өзгертілген немесе жаңа үлгілерін бір-біріне жібереді.
8. Реадмиссиялау туралы өтінішхатқа жауап электрондық пошта арқылы беріледі.
Азаматтыққа тиесіліктің дәлелдемелері
1. Адамның Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтығына тиесілігі:
а) осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген құжаттардың ең болмаса біреуінің негізінде, егер тіпті осындай құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, расталуы мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда Сұрау салынатын Тарап адамның азаматтығын одан әрі тексеру жүргізбестен таниды;
b) осы Келісімге 3-қосымшада көрсетілген құжаттардың ең болмаса біреуінің негізінде, егер тіпті осындай құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, болжануы мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда Сұрау салынатын Тарап, егер ол басқаша дәлелдей алмаса, адамның азаматтығы анықталды деп есептейді.
2. Сұрау салынатын Тарап мемлекеті беретін азаматтың осы Келісімнің 2-бабының 2-тармағында көрсетілген, реадмиссиялауға жататын адамдармен отбасылық байланысы және олардың Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына келуге құқығы осы Келісімге 4-қосымшада көрсетілген құжаттарды ұсыну арқылы дәлелденуі мүмкін.
3. Тараптар мемлекеттерінің азаматтығына тиесілік қолдан жасалған дәлелдемелердің немесе құжаттардың негізінде расталмайды.
Үшінші мемлекеттердің азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты дәлелдемелер
1. Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз келуі:
а) осы Келісімге 5 (А) қосымшада көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну арқылы дәлелденуі мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда Сұрау салынатын Тарап өз мемлекетінің аумағынан Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз келу фактісін одан әрі тексеру жүргізбестен таниды;
b) осы Келісімге 5 (В) қосымшада көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну арқылы дәлелденуі мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда Сұрау салынатын Тарап тергеп-тексеру жүргізеді және егер өзгеше дәлелденбесе, өз мемлекетінің аумағынан Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз келу фактісін таниды.
2. Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына келудің заңсыздығы осы Келісімнің 3-бабы 1-тармағының а) тармақшасына сәйкес тиісті адамның жол жүру құжаттарында қажетті визаның немесе Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағында болуға немесе тұруға рұқсаттың болмауына байланысты белгіленеді. Сұрау салатын Тараптың тиісті адамда қажетті жол жүру құжаттарының, визаның немесе болуға немесе тұруға рұқсаттың болмауы туралы негізделген мәлімдемесі де осы адамның заңсыз келуінің, болуының немесе тұруының дәлелдемесі болады.
3. Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында заңды түрде болуы немесе тұруы, осы Келісімнің 3-бабы 1-тармағының а) және b) тармақшаларына сәйкес Сұрау салынатын Тараптың болуға немесе тұруға рұқсатының немесе визасының болуы:
а) осы Келісімге 6 (А) қосымшада көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну арқылы дәлелденуі мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда Сұрау салынатын Тарап өз мемлекетінің аумағында осындай адамдардың болуын немесе тұруын одан әрі тексеру жүргізбестен таниды;
b) осы Келісімге 6 (В) қосымшада көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну арқылы дәлелденуі мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда Сұрау салынатын Тарап тергеп-тексеру жүргізеді және егер өзгеше дәлелденбесе, өз аумағында үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың заңды түрде болуы немесе тұруы фактісін таниды.
4. Қолдан жасалған құжаттар үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшін негіздердің бар-жоғының дәлелдемесі бола алмайды.
1. Сұрау салынатын Тараптың Құзыретті органы осы Келісімге 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген құжаттардың ешқайсысын ұсынуы мүмкін болмаған жағдайда Сұрау салынатын Тарап реадмиссиялауға жататын адаммен әңгімелесу жүргізеді.
2. Әңгімелесуді:
Қазақстан Тарапынан – Француз Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкерлері;
Франция Тарапынан – Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің өкілдері өткізеді.
3. Әңгімелесу телефон арқылы немесе бейнеконференция режимінде әкімшілік ұстап алу орталықтарында және түрмелерде, ал олай болмаған жағдайда Сұрау салатын Тараптың аумағындағы сұрау салынатын мемлекеттің дипломатиялық немесе консулдық өкілдігінің үй-жайында мүдделі тұлғаның қатысуымен өткізіледі. Француз Республикасының теңіздің арғы жағындағы аумақтарында тыңдаулар, қажет болған жағдайда, негізінен телефон арқылы немесе бейнеконференция режимінде өткізіледі. Әңгімелесу барысында Сұрау салатын Тараптың Құзыретті органы өкілінің қатысу мүмкіндігіне кепілдік беріледі.
4. Сұрау салынатын Тараптың Құзыретті органы Сұрау салатын Тараптың Құзыретті органын мүмкіндігінше жылдам, бірақ әңгімелесуді ұйымдастыру сұралған реадмиссиялау туралы өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей, электрондық пошта арқылы әңгімелесудің нәтижелері туралы хабардар етеді.
5. Тыңдау аяқталғаннан кейін, егер Сұрау салынатын мемлекеттің Құзыретті органдары мүдделі тұлғаны өз азаматтарының бірі деп таныса, олар күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жол жүру құжатын беруге тиіс.
6. Әңгімелесу нәтижелері реадмиссиялауға жататын адамның Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматы болып табылатынын растауға мүмкіндік бермеген жағдайда, осы Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі оны растауға мүмкіндік бермеген себептер туралы электрондық пошта арқылы жазбаша хабардар етеді.
1. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматын реадмиссиялау туралы өтінішхат осындай азаматтың Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтыны немесе орындауды тоқтатқаны белгілі болған кез келген уақытта Сұрау салынатын Тараптың Құзыретті органына жіберілуі мүмкін.
2. Үшінші мемлекеттің азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды реадмиссиялау туралы өтінішхат үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтыны немесе орындауды тоқтатқаны туралы факт анықталған күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын мерзімде Сұрау салынатын Тараптың Құзыретті органына жіберіледі. Үшінші мемлекеттің азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды реадмиссиялауға қатысты міндеттеме, егер мұндай адамды реадмиссиялау туралы өтінішхат осы тармақта көрсетілген мерзім өткен соң жіберілген жағдайда туындамайды.
3. Реадмиссиялау туралы өтінішхатқа жауапты Сұрау салынатын Тараптың Құзыретті органы осындай өтінішхатты алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде жібереді. Реадмиссиялау туралы өтінішхатқа уақтылы жауап беруге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде Сұрау салынатын Тараптың Құзыретті органының негізделген сұрау салуы негізінде жауап беру мерзімі күнтізбелік 20 (жиырма) күнге дейінгі мерзімге ұзартылады.
4. Реадмиссиялау туралы өтінішті растау жөніндегі түбіртек Сұрау салатын Тараптың Құзыретті органына осындай өтінішхат алынған күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде жеделдетілген тәртіппен жіберіледі.
5. Егер Сұрау салатын Тараптың Құзыретті органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде реадмиссиялау туралы өтінішхатқа жауап алмаған болса, реадмиссиялау туралы өтінішхатқа жауап оң деп есептеледі.
6. Реадмиссиялау туралы өтінішхатқа теріс жауап болған жағдайда Сұрау салатын Тараптың Құзыретті органына оның себептері жазбаша түрде хабарланады.
7. Сұрау салатын Тараптың Құзыретті органы реадмиссиялау туралы өтінішхатқа оң жауап алғаннан кейін осы Келісімнің 11-бабының 1-тармағына сәйкес реадмиссиялауға жататын адамды дереу береді.
1. Құзыретті органдар реадмиссиялауға жататын адамды бергенге дейін кемінде күнтізбелік 2 (екі) күн бұрын реадмиссиялауға жататын адамды беру күнін, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктін, ықтимал ертіп жүру шарттарын және беруге қатысты басқа да мәселелерді жазбаша нысанда келіседі.
2. Реадмиссиялауға жататын адамды беру үшін әуе көлігінің түрі пайдаланылады. Мұндай адамды тасымалдау кезінде таңдау Тараптар мемлекеттерінің ұлттық авиакомпанияларын пайдаланумен шектелмейді. Осы мақсаттар үшін тұрақты рейстер де, чартерлік рейстер де пайдаланылуы мүмкін.
3. Сұрау салатын мемлекет қайтару мемлекетіне операцияға дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын чартерлік рейсті ұйымдастыру туралы хабарлайды және реадмиссияланатын азаматтардың алдын ала тізімін тасымалдауға дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей жібереді.
1. Тараптар үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдарды межелі мемлекетке тікелей қайтару мүмкін болмаған жағдайда мұндай адамдарды транзиттеуді мүмкіндігінше шектейді.
2. Сұрау салынатын Тарап үшінші мемлекеттердің азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды транзиттеуге, егер мұндай адамдардың барлық транзит мемлекетінің аумағы арқылы одан әрі межелі мемлекетке жол жүру мүмкіндігіне және оларды осы мемлекеттің қабылдауына кепілдік берілсе, рұқсат етеді.
3. Сұрау салынатын Тараптың өтінішхаты бойынша үшінші мемлекеттердің азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды транзиттеу ертіп жүру арқылы жүзеге асырылады.
4. Сұрау салынатын Тарап:
а) егер межелі мемлекетте немесе транзит мемлекетінде үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның азаптауға, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекетке немесе жазалауға, өлім жазасына немесе нәсілдік, діни, ұлттық тиесілігі, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілігі белгісі бойынша немесе саяси сенім белгісі бойынша қудалауға ұшырау қатері болса;
b) егер Сұрау салынатын Тарап мемлекетінде, транзит мемлекетінде немесе межелі мемлекетте үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның қылмыстық қудалауға немесе жазалауға ұшырауы мүмкін болса;
c) Сұрау салынатын Тарап мемлекеті халқының денсаулығын, ұлттық қауіпсіздігін және қоғамдық тәртібін сақтау немесе өзге де ұлттық мүдделері тұрғысынан;
d) егер Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы шегінде транзиттеу үшін келген әуежайдан басқа әуежайға бару қажет болса;
e) егер Сұрау салатын Тарап өтініш білдірген көмекті көрсету негізделген себептер бойынша мүмкін болмаса, транзиттеуден бас тартуы мүмкін.
5. Егер кейіннен осы баптың 4-тармағында көзделген транзиттеуге кедергі келтіретін мән-жайлар туындаса немесе анықталса не басқа да транзит мемлекеттері немесе межелі мемлекет транзиттеу арқылы баратын адамның жол жүруіне немесе оны қабылдауға кепілдік бермесе, Сұрау салынатын Тарап транзиттеу берілген кез келген рұқсаттың күшін жоя алады. Бұл жағдайда Сұрау салатын Тарап үшінші мемлекеттің азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды дереу кері қабылдайды.
1. Транзиттеу туралы өтінішхат осы Келісімге 7-қосымшада көрсетілген нысан бойынша жасалады.
2. Транзиттеу туралы өтінішхат транзиттеу басталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмей жіберіледі. Транзиттеу туралы өтінішхат және оған жауап электрондық пошта арқылы жіберіледі.
1. Транзиттеу туралы өтінішхат Сұрау салынатын Тараптың Құзыретті органына электрондық пошта арқылы немесе техникалық байланыс құралдарының көмегімен ұсынылады және онда мынадай:
а) транзиттеу маршруты, егер бар болса, транзит мемлекеттері және межелі мемлекет туралы;
b) транзитпен өткізілетін адам туралы (аты, тегі, некеге дейінгі тегі, адам пайдаланатын өзге де аттары немесе танымал болған аттары, бүркеншік аттары, туған күні, жынысы, мүмкіндігінше туған жері, азаматтығы, тілі, жол жүру құжатының түрі мен нөмірі) ақпарат, сондай-ақ осы адамның түрлі-түсті фотосуреті;
c) пайдалануы болжанатын мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті, транзитпен өткізілетін адамды беру уақыты және ықтимал ертіп жүру туралы;
d) басқа да транзит мемлекеттерінің және межелі мемлекеттің реадмиссиялауға жататын адамның транзитпен өткізілуіне және оны қабылдауға келісімі туралы ақпарат қамтылады.
2. Сұрау салынатын Тарап транзиттеу туралы өтінішхатты алғаннан кейін жоспарланған транзиттеу жүзеге асырылғанға дейін күнтізбелік 2 (екі) күннен кешіктірмей жазбаша нысанда Сұрау салатын Тараптың Құзыретті органын транзиттеуге келісетіні туралы хабардар етеді, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктін және транзитпен жүретін адамды қабылдаудың болжамды уақытын растайды не транзиттен бас тарту туралы хабардар етеді және мұндай бас тартудың себептерін көрсетеді.
Адамдарды ертіп жүру арқылы беру және транзиттеу мынадай қағидаттар сақтала отырып жүзеге асырылады:
а) Сұрау салатын Тараптың Құзыретті органы ертіп жүретін адамдардың аттары мен тектерін және олардың жол жүру құжаттарының сәйкестендіру деректерін, оның ішінде сериясын, нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсетеді;
b) Сұрау салатын Тараптың Құзыретті органы Сұрау салынатын Тараптың Құзыретті органын осы баптың а) тармақшасында көрсетілген ертіп жүретін адамдардың деректеріндегі кез келген өзгерістер туралы дереу хабардар етеді;
c) ертіп жүретін адамдар өз міндеттерін қарусыз және азаматтық киімде орындайды, өздерінде жол жүру құжаты, сондай-ақ межелі мемлекеттің Құзыретті органдарына берілуге тиіс, Сұрау салынатын Тараптың еріп жүретін адамды реадмиссиялауға және (немесе) транзиттеуге келісімін растайтын құжаттар болады;
d) ертіп жүретін адамдар реадмиссиялауға жататын адамдар үшін және осы адамдарды межелі мемлекетке беру үшін жауапты болады;
e) ертіп жүретін адамдар Сұрау салынатын Тараптың заңнамасын оның аумағында болғанда сақтауға міндетті. Беру немесе транзиттеу уақытында ертіп жүретін адамдардың өкілеттіктері осы баптың g) тармақшасы ескеріле отырып, өзін-өзі қорғаумен шектеледі;
f) Сұрау салынатын Тарап ертіп жүретін адамдарға өз заңнамасына сәйкес осындай міндеттерді орындайтын өз адамдарына қамтамасыз ететін қорғау мен қолдаудың сондай деңгейіне кепілдік береді;
g) Сұрау салынатын Тараптың құқық қорғау органдары болмаған кезде немесе оларға көмек көрсету мақсатында Сұрау салынатын Тараптың ертіп жүретін адамдары реадмиссиялауға жататын адамның қашып кетуін, өзіне дене жарақатын салуын немесе үшінші тұлғаларға нұқсан келтіруін немесе мүлікті бүлдіруін болғызбау мақсатында тікелей және елеулі қауіп төнген жағдайда ақылға қонымды және тиісті әрекеттер жасай алады;
h) ертіп жүретін адамдарда қажет болған кезде межелі мемлекеттің немесе транзит мемлекетінің визалары болуға тиіс;
і) өз қызметтік міндеттерін орындап жүрген ертіп жүретін адамдар және транзитпен жүретін адамдар, егер транзиттік талаптарға байланысты ертіп жүретін адамдарға әуежайдың халықаралық аймағынан кету қажет болса, Сұрау салынатын Тараптан әуежайдың транзиттік визасын немесе қысқа мерзімді визаны алудан босатылады.
Көлік және транзиттеу шығыстары
Реадмиссиялауға жататын адамдардың өздерінің немесе үшінші тараптардың есебінен және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көзделген қаражат шегінде адамды реадмиссиялау бойынша шығындарды өтеуге Құзыретті органдардың құқықтарына нұқсан келтірмей:
а) осы Келісімге сәйкес реадмиссиялаумен және транзиттеумен байланысты соңғы межелі мемлекеттің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейінгі барлық көлік шығыстарын, сондай-ақ осы Келісімнің 4-бабында көрсетілген адамдарды қайтаруға байланысты Сұрау салынатын Тараптың көлік және басқа да шығыстарын Сұрау салатын Тарап көтереді;
b) Сұрау салынатын Тараптың Құзыретті органы осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген құжатпен бірге банктік шот туралы ақпаратты және есеп беру үшін қажетті басқа да мәліметтерді береді.
1. Дербес деректерді беру және өңдеу, егер бұл Құзыретті органдардың осы Келісімді іске асыруы үшін қажет болған жағдайда ғана мынадай қағидаттар сақтала отырып жүзеге асырылады:
а) дербес деректер Тараптар мемлекеттерінің заңнамамасына сәйкес өңделеді;
b) дербес деректер берілетін мақсаттарына қатысты барабар, өзекті және шектен аспайтын болуға тиіс;
c) дербес деректер нақты, толық және өзекті болуға тиіс және тек қана мыналарға:
- реадмиссиялауға жататын адам туралы (аты, тегі, алдыңғы тектері, адам пайдаланатын өзге де аттары немесе танымал болған аттары, бүркеншік аттары, туған күні және жері, жынысы, отбасылық жағдайы, тұрғылықты жері, қазіргі және кез келген бұрынғы азаматтығы) мәліметтерге;
- жеке басты куәландыратын (нөмірі, қолданыс мерзімі, берілген күні, берген орган, берілген жері) құжаттарға;
- адамның болған жерлеріне және жүріп-тұру маршруттарына;
- реадмиссиялауға жататын адамды сәйкестендіру немесе осы Келісімге сәйкес реадмиссиялау немесе транзиттеу үшін негіз болып табылатын шарттардың болуы туралы мәселені зерделеу үшін қажетті өзге де ақпаратқа және басқа да құжаттарға қатысты болуы мүмкін;
d) дербес деректер мүдделі адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нысанда оларды өңдеу мақсаттары үшін қажетті мерзімнен аспайтын кезең ішінде ғана сақталуға тиіс;
e) дербес деректерді беретін және алатын Құзыретті органдар, егер дербес деректерді өңдеу осы баптың ережелеріне сәйкес келмесе, атап айтқанда, егер мұндай деректер оларды жинау мақсатына сәйкес келмесе, оларды түзету, жою немесе өңдеуді тоқтата тұру үшін барлық шараны қабылдауға тиіс. Құзыретті органдар осы деректердің кез келген түзетулері, оларды жою немесе өңдеуді тоқтата тұру туралы бір-бірін хабардар етеді;
f) дербес деректерді алатын Құзыретті орган сұрау салу бойынша дербес деректерді беретін Құзыретті органға берілген деректердің пайдаланылуы және олардың негізінде алынған нәтижелер туралы хабарлайды;
g) дербес деректерді тек Құзыретті органдарға беруге болады. Оларды кейіннен беру үшін дербес деректерді беретін Құзыретті органның алдын ала келісімі талап етіледі;
h) дербес деректерді беретін Құзыретті орган және дербес деректерді алатын Құзыретті орган дербес деректерді беруді және алуды жазбаша нысанда тіркейді;
і) кез келген адамның өз Тарапының ұлттық заңнамасында оған кепілдік берілген құқықтары бұзылған жағдайда сотқа жүгінуге құқығы бар.
2. Дербес деректерді беру кезінде органы дербес деректерді беретін Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген оларды сақтау мерзімдері көрсетіледі, ал бұл мерзім өткен соң бұл деректер жойылуға жатады. Осы мерзімдерге қарамастан, берілген деректер берілу мақсатына орай олардың қажет еместігі анықталғаннан кейін дереу жойылады.
3. Егер осы Келісім бойынша өз дербес деректерін беруге байланысты кез келген адам осы деректердің өңделуін реттейтін қағидаттар сақталмады деп есептесе, оның тиімді құқықтық қорғау құралына құқығы бар.
4. Бұл адамның өз деректері берілген Тараптан дербес деректерге қол жеткізуге, оларды түзетуге және жоюға да құқығы бар. Деректерді өңдеуге жауапты адам, егер құқықтар 1-тармақта көрсетілген мақсаттардың біріне әсер ететін немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын болса, олардың жүзеге асырылуын шектеуі немесе кейінге қалдыруы мүмкін.
5. Деректерді өңдеуге жауаптылар немесе оған қол жеткізе алатын уәкілетті үшінші тұлғалар деректердің қауіпсіздігін сақтау үшін, атап айтқанда, олардың бұрмалануын, бүлінуін болғызбау үшін деректердің сипатына және оларды өңдеуге байланысты қауіп-қатерлерге қатысты барлық қажетті сақтық шараларын қабылдайды.
Басқа да халықаралық міндеттемелермен арақатынас
Осы Келісім өз мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Құзыретті органдар және мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері
1. Осы Келісімді іске асыру, оның ішінде тікелей өзара іс-қимыл жасау үшін Құзыретті органдар:
Қазақстан Республикасы үшін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Француз Республикасы үшін – Француз Республикасының Ішкі істер министрлігі.
2. Құзыретті органдар осы Келісім күшіне енген күннен бастап 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өздерінің байланыс деректері туралы бір-біріне хабарлайды.
3. Осы Келісімді іске асыру үшін мемлекеттік шекара арқылы мынадай өткізу пункттері пайдаланылады:
Қазақстан Республикасы үшін:
Астана қаласының халықаралық әуежайы;
Алматы қаласының халықаралық әуежайы;
Француз Республикасы үшін:
Шарль-де-Голль халықаралық әуежайы;
Париж-Орли халықаралық әуежайы.
4. Құзыретті органдардың өзара келісуі бойынша адамдарды беру немесе транзиттеу халықаралық қатынастар үшін ашық болатын мемлекеттік шекараның басқа да өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Тараптар өз Құзыретті органдарының не олардың атауларының немесе функцияларының өзгергені туралы, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері тізіміне өзгерістер немесе толықтырулар туралы осы деректер өзгерген күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне хабарлайды.
6. Егер Құзыретті органдар өзгеше келіспесе, Құзыретті органдар арасындағы хат-хабар алмасу ағылшын тілінде жүзеге асырылады.
Сарапшылардың кездесулері мен консультациялары және ақпарат алмасу
1. Осы Келісімді іске асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және (немесе) оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды қарау мақсатында Тараптардың кез келгені немесе Құзыретті органдар сарапшылардың кездесулерін немесе консультацияларын ұйымдастыра алады.
2. Осы Келісімде көрсетілген құжаттарға өзгерістер енгізілген жағдайда Құзыретті органдар бұл туралы дереу бір-біріне хабарлайды және бір-біріне құжаттардың өзгертілген немесе жаңа үлгілерін жібереді.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Тараптар осы Келісімге өзара келісу бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, жекелеген хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің 23-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
Тараптар арасында осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға байланысты туындауы мүмкін келіспеушіліктерді Құзыретті органдар келіссөздер мен өзара консультациялар арқылы шешеді.
Осы Келісімге 1 – 7-қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.
2. Тараптардың әрқайсысы Осы Келісімнің 2-бабын қоспағанда, өз мемлекетінің ұлттық қауіпсіздігін, қоғамдық тәртібін немесе халқының денсаулығын және өзге де ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапты жазбаша хабардар ету жолымен осы Келісімнің қолданылуын уақытша, толық немесе ішінара тоқтата тұра алады. Бұл жағдайда осы Келісімнің қолданылуы осындай хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң тоқтатыла тұрады. Тараптар осы Келісімнің қолданылуын уақытша, толық немесе ішінара қайта бастау күнін дипломатиялық арналар арқылы келіседі.
3. Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің қолданысын дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапты жазбаша хабардар ету жолымен тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Келісімнің қолданысы осындай хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткен соң тоқтатылады.
20 ___ жылғы _____ "__" _______ __________ әрқайсысы қазақ, француз тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Француз РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімге 1-қосымша |
[Мемлекеттің елтаңбасы]
____________________________________
(орны мен күні)
(Сұрау салатын Тараптың Құзыретті органының атауы)
Нөмірі
□ Әңгімелесу өткізу туралы сұрау салу (..-бап)
Кімге:
(Сұрау салынатын Тараптың Құзыретті органының атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімнің 5-бабына сәйкес
РЕАДМИССИЯЛАУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШХАТ
В. Жұбайының (зайыбының) (егер бар болса) жеке деректері
1. Аты мен тегі (тегі баспа әріптермен, оның ішінде ана тілінде):
2. Некеге дейінгі/ туған кездегі тегі: ________________________
3. Туған күні және жері:
4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, ерекше белгілері және т.б.):
5. Бұрынғы тегі немесе бүркеншік аттары:
6. Азаматтығы және тілі:
С. Балаларының (егер бар болса) жеке деректері
1. Аттары мен тегі (тегі баспа әріптермен, оның ішінде ана тілінде):
2. Туған күні және жері:
3. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, ерекше белгілері және т.б.):
4. Азаматтығы және тілі:
D. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар
1. Денсаулық жағдайы (ерекше медициналық күтім қажеттігін көрсету):
2. Берілетін адамның тарапынан қауіптілік туралы белгі (ауыр құқық бұзушылық жасағаны туралы ақпарат, агрессивті мінез-құлық):
Е. Ескертулер
F. Өтінішхатқа қосымшалар
Сұрау салатын Тараптың Құзыретті
органы өкілінің аты мен тегі, лауазымы
қолы
М.О.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімге 2-қосымша |
Тараптар мемлекеттерінің азаматтығын растайтын құжаттардың тізімі
Қазақстан Республикасы үшін:
1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі.
3. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты.
4. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты.
5. Теңізшінің жеке куәлігі.
6. Қайтаруға арналған куәлік.
7. Баланың туу туралы куәлігі (ата-анасының біреуінің паспортында жазба болған кезде).
Француз Республикасы үшін:
1. Француз Республикасы азаматының паспорты.
2. Француз Республикасы азаматының жеке куәлігі.
3. Француз Республикасының дипломатиялық паспорты.
4. Француз Республикасының қызметтік паспорты.
5. Теңізшінің жеке куәлігі.
6. Қайтаруға арналған куәлік.
7. Баланың туу туралы куәлігі (ата-анасының біреуінің паспортында жазба болған кезде).
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімге 3-қосымша |
Тараптар мемлекеттерінің азаматтығын болжауға мүмкіндік беретін құжаттар мен басқа да мәліметтердің тізімі
1. Осы Келісімге 2-қосымшада санамаланған құжаттардың көшірмелері.
2. Жүргізуші куәлігі немесе оның көшірмелері.
3. Туу туралы куәлік немесе оның көшірмелері.
4. Қызметтік куәлік немесе оның көшірмелері.
5. Әскери билет немесе оның көшірмелері.
6. Тиісті адамның азаматтығын анықтауға көмектесе алатын кез келген басқа да құжаттар.
7. Визалық ақпараттық жүйеде іздеу нәтижесінде жеке басты растау.
8. Дактилоскопиялық зерттеу негізінде жеке басты растау.
9. Реадмиссиялауға жататын адам берген өтініш.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімге 4-қосымша |
Отбасылық байланысты растайтын құжаттардың тізімі
1. Баланың туу туралы куәлігі.
2. Неке қию туралы куәлік.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімге 5-қосымша |
Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз келуінің дәлелдемесі болып табылатын құжаттардың тізімі
А бөлігі
1. Тараптардың бірі шетелдіктерге екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған уақытында берген ресми құжаттар.
2. Тиісті адам Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына тікелей келген кезде оның мемлекеттік шекараны кесіп өту фактісін куәландыра алатын, шекара қызметтерінің уәкілетті өкілдері жасаған ресми мәлімдемелер.
3. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына келуді растайтын, авиарейстерге атаулы билеттер және жолаушылар тізімі.
4. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына келуді растайтын фотосурет, бейне және дыбыс түріндегі құжаттама.
В бөлігі
1. Тиісті адамның мемлекеттік шекараны кесіп өту фактісін растай алатын, атап айтқанда, Сұрау салатын Тараптың шекара қызметтерінің өкілдері және басқа да куәлар жасаған ресми мәлімдемелер.
2. Тиісті адамның Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болғанын анық растайтын кез келген дәлелдемелер.
3. Реадмиссиялауға жататын адам жасаған ресми мәлімдеме.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімге 6-қосымша |
Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында заңды түрде болуының немесе тұруының дәлелдемесі болып табылатын құжаттардың тізімі
А бөлігі
1. Сұрау салынатын Тарап берген виза немесе болуға немесе тұруға рұқсат.
2. Реадмиссиялауға жататын адамның жол жүру құжатындағы шекаралық бақылаудың мөртабандары.
В бөлігі
1. Осы Қосымшаның А бөлігінде санамаланған кез келген құжаттың көшірмелері.
2. Реадмиссиялауға жататын адамның Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына келуін, онда болуын немесе тұруын растайтын басқа да дәлелдемелер.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімге 7-қосымша |
[Мемлекеттің елтаңбасы]
(орны мен күні)
(Сұрау салатын Тараптың Құзыретті органының атауы)
Нөмірі:
Кімге
(Сұрау салынатын Тараптың Құзыретті органының атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімнің 13-бабына сәйкес
ТРАНЗИТТЕУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШХАТ
В. Транзиттік операция
1. Әуе жолымен транзиттеу:
2. Межелі мемлекет:
3. Басқа да ықтимал транзит мемлекеттері:
4. Шекараны кесіп өтудің жоспарланған жері, рейс нөмірі, беру күні, уақыты:
5. Ертіп жүретін адамдар туралы ақпарат:
6. Транзиттеу барысында қолдау көрсету қажеттігі туралы ақпарат.
□ иә (жағдайды қысқаша сипаттау)
□ жоқ
7. Басқа да транзит мемлекеттерінде транзиттеуге алынған рұқсаттар және межелі мемлекеттің қабылдауға келісімі туралы ақпарат (жағдайды қысқаша сипаттау):
С. Ескертулер
1. Денсаулық жағдайы (ерекше медициналық күтім қажеттігін көрсету):
2. Басқалары
Сұрау салатын Тараптың Құзыретті
органы өкілінің аты мен тегі, лауазымы
(қолы)
М.О.