Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі мен Орталық банкі арасында 1994 жылы есеп айырысуды ұйымдастыру туралы келісімнің күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 қарашадағы № 960 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1994 жылғы 10 қаңтарда Ташкентте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі мен Орталық банкі арасында 1994 жылы есеп айырысуды ұйымдастыру туралы келісімнің күші жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Келісімнің 12-бабының 12.1-тармақшасына сәйкес Өзбекстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен хабарлама жіберсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов



О денонсации Соглашения между Правительством и Национальным Банком Республики Казахстан и Правительством и Центральным банком Республики Узбекистан об организации расчетов в 1994 году

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2024 года № 960

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Денонсировать Соглашение между Правительством и Национальным Банком Республики Казахстан и Правительством и Центральным банком Республики Узбекистан об организации расчетов в 1994 году, совершенное в Ташкенте 10 января 1994 года.

      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке направить Правительству Республики Узбекистан уведомление в соответствии с пунктом 12.1 статьи 12 Соглашения, указанного в пункте 1 настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов