Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1994 жылғы 10 қаңтарда Ташкентте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі мен Орталық банкі арасында 1994 жылы есеп айырысуды ұйымдастыру туралы келісімнің күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Келісімнің 12-бабының 12.1-тармақшасына сәйкес Өзбекстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен хабарлама жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |