ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 6,5 пайызға арттыру жүргізілсін.
2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |