Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекараны шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 675 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекараны шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағына, 2005 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың 5-бабына, 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2002 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманың 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) шегендеу, сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлесіп тексеру және (немесе) қайта шегендеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекараны шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының (бұдан әрі – делегация) құрамы құрылсын.";
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) 2005 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа сәйкес Мемлекеттік шекараны шегендеуді ұйымдастырсын және жүргізсін;
2) шегендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы халықаралық шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Мемлекеттік шекара сызығы өтуінің сипаттамасын, Мемлекеттік шекара картасын, шекаралық белгілердің хаттамаларын (шекаралық белгілердің орналасу схемаларын қоса алғанда), шекаралық белгілердің (бағаналардың) координаталары мен биіктіктерінің каталогын, аралдардың тиесілілік кестесінен қамтитын аталған шарттың жобасын дайындасын;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Мемлекеттік шекара сызығын шегендеу мен оның белгіленуін бірлесіп тексеру және (немесе) қайта шегендеу барысында туындаған және Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекараны шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссиялар шеше алмайтын мәселелерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынсын;";
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және шектес мемлекеттермен шектесетін облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп шекаралық соқпақтардағы ағаштарды кесу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және шектес мемлекеттермен шектесетін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының аумағында келіссөздер, консультациялар және кездесулер өткізу кезінде хаттамалық іс-шараларды ұйымдастыруды және қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуді, делегациялар мүшелерінің жеке қауiпсiздiгiн, мүлкі мен құжаттамасына, оның ішінде кедендік шекараны кесіп өту кезінде қолсұғылмаушылықты қамтамасыз етуді, оларды тіркеуді (қажет болса) және Қазақстан Республикасының аумағында келіссөздер барысында және Мемлекеттік шекара сызығын шегендеу мен оның белгіленуін бірлесіп тексеру және (немесе) қайта шегендеу жұмыстарын жүргізу кезінде кедергісіз жүріп-тұруын жүзеге асыру бойынша жәрдем көрсетуді қоса алғанда, Мемлекеттік шекара сызығын шегендеу мен оның белгіленуін бірлесіп тексеру және (немесе) қайта шегендеу жөніндегі бірлескен комиссиялардың жұмыс істеуіне жағдай жасауды қамтамасыз етсін.";
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 қарашадағы № 1009 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 675 қаулысына қосымша |
Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекараны шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының құрамы
Аманжолова Зульфия Алтайқызы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, жетекші
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің кеңесшісі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметінің басшысы, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті мемлекеттік шекара басқармасының басшысы, хатшы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография департаменті директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Геоақпараттық қамтамасыз ету департаменті бастығының орынбасары – Департаменттің Әскери-топографиялық басқармасының бастығы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия-Тынық мұхит өңірі департаменті директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография департаменті геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Шекараны күзету департаменті шегендеу және қайта шегендеу бөлімінің бастығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Шекараны күзету департаменті шегендеу және қайта шегендеу бөлімі бастығының орынбасары
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография департаменті геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті Мемлекеттік шекара басқармасының кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті мемлекеттік шекара басқармасының бірінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті мемлекеттік шекара басқармасының екінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті мемлекеттік шекара басқармасының үшінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті мемлекеттік шекара басқармасының атташесі
Абай облысы әкімінің орынбасары
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Алматы облысы әкімінің орынбасары
Атырау облысы әкімінің орынбасары
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Жетісу облысы әкімінің орынбасары
Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі
Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімі
Абай облысы Бородулиха ауданының әкімі
Абай облысы Мақаншы ауданының әкімі
Абай облысы Үржар ауданының әкімі
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімі
Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімі
Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі
Алматы облысы Райымбек ауданының әкімі
Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімі
Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімі
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының әкімі
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімі
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының әкімі
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әкімі
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының әкімі
Қостанай облысы Денисов ауданының әкімі
Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімі
Қостанай облысы Қамысты ауданының әкімі
Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі
Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі
Қостанай облысы Федоров ауданының әкімі
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі
Атырау облысы жер қатынастары басқармасының басшысы
Жетісу облысы жер қатынастары басқармасының басшысы
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
Павлодар облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы
Павлодар облысының жер қатынастары басқармасының басшысы
Алматы облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары
Абай облысы Ақсуат ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы
Абай облысы Бесқарағай ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы
Абай облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы
Абай облысы Мақаншы ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы
Абай облысы Үржар ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы
Павлодар облысы Железин ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы
Павлодар облысы Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы
Павлодар облысы Успен ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы
Павлодар облысы Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты басшысының бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі бас директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі бас директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі бас директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны орман орналастыру өндірісінің басшысы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Абай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметі басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметінің жетекші сарапшысы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметінің сарапшысы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметінің карталардың инженер-редакторы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметінің инженер-картографы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметінің аудармашысы
аудармашы (келісу бойынша)