Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 1018 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысымен бекітілген |
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі борышының жай-күйін мониторингтеу, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген шектеулердің сақталуын бақылау болып табылады.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорынның, акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бесжылдық кезеңге арналған негізгі қызмет бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарызы – қарыз беруші Қазақстан Республикасының бейрезиденті, ал қарыз алушы квазимемлекеттік сектор субъектісі болатын қарыз қатынастары;
3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі қарызы – қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы квазимемлекеттік сектор субъектісі болатын қарыз қатынастары;
4) қарыз – ішкі және сыртқы нарықтардан тартылатын кредиттер, қарыздар, борыштық бағалы қағаздар және өзге де борыштық міндеттемелер;
5) қарыз алушы – квазимемлекеттік сектор субъектісі;
6) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі − тізілім) − Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті жəне мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;
7) сыртқы борыш – Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қарыз алушының белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыздарының сомасы;
8) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның бесжылдық кезеңге арналған негізгі қызмет бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
9) ішкі борыш – Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы қарыз алушының белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыздарының сомасы.
2-тарау. Мониторингті жүзеге асыру тәртібі
4. Қарыз алушылардың сыртқы және ішкі борышының ағымдағы жай-күйінің мониторингі даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарлары шеңберінде жүзеге асырылады.
5. Ішкі және сыртқы қарыздар қаражатының түсімдерін, борышты өтеу және оған қызмет көрсету бойынша төлемдерді тіркеуді және есепке алуды қарыз алушылар дербес жүзеге асырады.
6. Төлемдерді, борыш қалдығын есепке алу номиналды құны бойынша жүргізіледі. Борыштық бағалы қағаздарды есепке алу бастапқы орналастыру нәтижелері және номиналды құны бойынша жүзеге асырылады.
7. Қарыз алушылар тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес СБЕ-618 және ОЖЕ-618 нысандары бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілері ішкі және сыртқы қарыздарын (облигацияларды қоса алғанда) игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету туралы ақпаратты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
8. Қарыз алушылар жартыжылдық негізде есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес КСЕ-618 нысаны бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің алдағы бес жылдық кезеңге арналған қарыздары бойынша негізгі борышты жоспарланатын игеру және өтеу бойынша ақпаратты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
9. Қарыз алушылар:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын (бұдан әрі − қор) қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10663 болып тіркелген) 2-қосымшаның 10-нысанына;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18328 болып тіркелген) 26-қосымшаға сәйкес тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде алдағы бес жылдық кезеңге арналған қарыздарды тарту жоспарын көрсете отырып, қарыздар бойынша ақпаратты электрондық түрде тізілімге жібереді.
10. Қор "Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 87 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32612 болып тіркелген) 1-нысанға сәйкес тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күніне дейін алдағы бес жылдық кезеңге арналған қарыздарды тарту жоспарын көрсете отырып, қарыздар бойынша ақпаратты қордың интернет-ресурсында орналастырады.
11. Қарыз алушылар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тоқсан сайынғы негізде борыш бойынша ақпаратты қамтитын талдамалық жазбаны және жартыжылдық негізде ағымдағы жылға арналған сыртқы және ішкі қарыз алудың нақтыланған болжамын ұсынады.
Алдағы бес жылдық кезеңге арналған қарыздарды тарту жоспарлары өзгерген жағдайда қарыз алушылар осы өзгерістерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келіседі.
12. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес СБЕ-618 мен ОЖЕ-618 есептілік нысандары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыздары бойынша жиынтық ақпаратты жібереді.
13. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жартыжылдық негізде есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-і күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес КСЕ-618 нысаны бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің алдағы бес жылдық кезеңге арналған қарыздары бойынша негізгі борышты жоспарланатын игеру және өтеу бойынша ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
14. Қарыздар бойынша жиынтық ақпаратта:
1) қарыз алушылар борышының есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күніндегі жай-күйі туралы деректер;
2) шығарылған борыштық бағалы қағаздардың, сондай-ақ бюджеттік кредиттердің және өзге де борыштық міндеттемелердің жай-күйі туралы деректер (орналастыру күні, сыйақы мөлшерлемесі, өтеу күні, айналыс мерзімі, шығару және қызмет көрсету валютасы);
3) мерзімі өткен төлемдердің болуы және оларды төлеу туралы деректерді қоса алғанда, есепті кезеңде қарыздардың іс жүзінде түсуі, қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша жүргізілген төлемдер туралы деректер;
4) есепті кезеңде қарыздарды тарту туралы ақпарат;
5) алдағы бесжылдық кезеңге арналған қарыздарды тарту жоспары қамтылады.
3-тарау. Бақылауды жүзеге асыру тәртібі
15. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тоқсан сайынғы негізде мемлекеттік борыштың жай-күйі туралы мәліметтерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген мынадай борыштық шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік борыш пен квазимемлекеттік сектор борышының жоғарғы шегі жиынтығында жалпы ішкі өнімге шаққанда 53,2 %-дан аспайды, оның ішінде квазимемлекеттік сектор борышының жоғарғы шегі жалпы ішкі өнімге 21,2 %-дан аспайды (мемлекет бақылайтын ұйымдардың өзара міндеттемелері және бақыланатын бейрезидент ұйымдардың міндеттемелері борыштың жоғарғы шегінің есебіне енгізілмейді);
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі сыртқы борышының (мемлекет кепілдік берген сыртқы борышты ескере отырып) және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыртқы борышының көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық активтері сомасының 75 %-ына тең мөлшерден аспайды.
16. Квазимемлекеттік сектордың борышын есептеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтер;
қарыз алушылар борышының ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтер;
әлеуметтік-экономикалық даму болжамының макроэкономикалық көрсеткіштері (жалпы ішкі өнім, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық активтері, инфляция деңгейі, кірістердің өсу қарқыны) негізінде қалыптастырады.
17. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жартыжылдық негізде есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-ы күніне дейін қарыз алушылар борышының жай-күйі және борыштық шектеулердің сақталуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларына 1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Әкімшілік деректер нысанының атауы: квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда) ішкі және сыртқы қарыздарын (облигацияларды қоса алғанда) игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есеп.
Әкімшілік деректер нысаны https://www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық жазылуы): СБЕ-618.
Кезеңділік: тоқсандық.
Есепті кезең: 20 ___ жылғы ___ тоқсан.
Есептерді ұсынатын тұлғалар тобы және мерзімі:
1) квазимемлекеттік сектор субъектілері (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейін;
2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейін.
ЖСН/БСН
(деректерді жеке тұлғалар ұсынған, сондай-ақ агрегатталған түрде ұсынылған жағдайда толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық түрде.
Жол коды | Қарыз алушының атауы | Кредитордың атауы | Жобаның атауы немесе қарыз алу мақсаты | Қарыз сомасы | ||
А | Б | В | Г | 1 | ||
1.1-қарыз алушы | ||||||
1.1. ішкі | ||||||
1.1.1. | 1-жоба | |||||
1.1.2. | … | |||||
барлығы, мың теңге | ||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | ||||||
1.2. | сыртқы | |||||
1.2.1. | 1-жоба | |||||
1.2.2. | … | |||||
барлығы, мың теңге | ||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | ||||||
2.2-қарыз алушы | ||||||
2.1. | ішкі | |||||
2.1.1. | 1-жоба | |||||
2.1.2. | … | |||||
барлығы, мың теңге | ||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | ||||||
Жиыны, мың теңге | ||||||
Жиыны, мың АҚШ доллары |
Кестенің жалғасы
Күші жойылған қарыз сомасы | Қарыз валютасы | Есепті кезеңнің басындағы борыш | Қарыз қаражаты игерілді (түсуі) | Негізгі борыш өтелді | ||
барлығы, есепті кезеңді қоса алғанда | есепті кезеңде | барлығы, есепті кезеңді қоса алғанда | есепті кезеңде | |||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кестенің жалғасы
Есепті кезеңнің соңындағы борыш | Төленген пайыздар | Мыналар бойынша алдыңғы есепті түзетулер | Қосымша ақпарат | |||
барлығы, есепті кезеңді қоса алғанда | есепті кезеңде | игеру | өтеу | қызмет көрсету | ||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Ескертпе: "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда) ішкі және сыртқы қарыздарын (облигацияларды қоса алғанда) игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме нысанға қосымшада көрсетілген.
Аббревиатураның толық жазылуы:
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
Атауы ___________________________ Мекенжайы_________________
Телефоны________________________
Электрондық пошта мекенжайы
_________________________________
Орындаушы _______________________ ____________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы
адам
__________________________________ ___________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөр орны
Нысанға қосымша |
"Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда) ішкі және сыртқы қарыздарын (облигацияларды қоса алғанда) игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Әдіснамалық түсіндірмелер
1. Есепті тоқсанына бір рет:
1) квазимемлекеттік сектор субъектілері (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда) компанияның барлық деңгейлерінің құрылымына кіретін ұйымдарға бөле отырып, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейін;
2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейін жасайды.
2. Есеп:
1) бөлімнің символы мен атауын көрсете отырып, әрбір бөлім бойынша жеке-жеке толтырылады;
2) А бағанында квазимемлекеттік сектор субъектілерін нарықтық құрылымы бойынша ірі және еншілес компанияларға бөле отырып, реттік нөмірі көрсетіледі;
3) Б бағанында квазимемлекеттік сектор субъектілерін нарықтық құрылымы бойынша ірі және еншілес компанияларға бөле отырып, қарыз алушының атауы көрсетіледі;
4) В бағанында жобаның атауы және/немесе қарыз алу мақсаты көрсетіледі;
5) Г бағанында кредитордың немесе облигациялар ұстаушының атауы көрсетіледі;
6) 1-бағанда қол қойылған қарыз сомасы көрсетіледі;
7) 2-бағанда күші жойылған қарыз сомасы көрсетіледі;
8) 3-бағанда қарыз тартылған валютаның атауы көрсетіледі;
9) 4-бағанда қарыз алушының кредитор алдындағы есепті кезеңнің басындағы негізгі борышының қалдығы көрсетіледі (12 және 13-бағандарда көзделген түзету жағдайларын қоспағанда, борыш сомасы өткен есепті кезеңдегі 9-бағанмен сәйкес келуге тиіс);
10) 5 және 6-бағандарда қарыздың бүкіл қолданылу кезеңіндегі және есепті кезеңде қарыздың (облигацияларды орналастыруды қоса алғанда) игерілген (түскен) жалпы сомасы көрсетіледі.
Қарыз шартының талаптарында көзделген қарыз алушының негізгі борышына пайыздық төлемдерді капиталдандыру жағдайында деректер 5 және 6-бағандарда да ескеріледі, ал қосымша (нақтылайтын) ақпарат 15-бағанда көрсетіледі.
Бұрын игерілген қарыз қаражаты есепті кезеңде кредиторға қайтарылған жағдайда деректер минус (-) белгісімен ескеріледі, ал қосымша (нақтылайтын) ақпарат 15-бағанда көрсетіледі;
11) 7 және 8-бағандарда қарыздың бүкіл қолданылу кезеңіндегі және есепті кезеңдегі негізгі борышты өтеу (облигацияларды кері сатып алу) бойынша төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі;
12) 9-бағанда қарыз алушының кредитор алдындағы есепті кезеңнің аяғындағы негізгі борышының қалдығы көрсетіледі және 9-баған = 4-баған + 6-баған - 8-баған + 12-баған - 13-баған формуласымен есептеледі (берешек сомасы келесі есепті кезеңде 4-бағанға ауыстырылады);
13) 14 және 15-бағандарда қарыздың бүкіл қолданылу кезеңіндегі және есепті кезеңдегі пайыздар бойынша төлемдердің жалпы сомасы (біржолғы комиссия, резервке қойғаны үшін комиссия, сыйақы, айыппұлдар, өсімпұлдар және т.с.с.) көрсетіледі;
14) 12, 13 және 14-бағандарда, егер бұл деректер алдыңғы есепте көрсетілмеген жағдайда борышты игеру, өтеу және оған қызмет көрсету бойынша түзетілген сомалар көрсетіледі (мұндай ақпарат әрбір осындай жағдай бойынша ғана көрсетіледі);
15) 15-бағанда 12, 13 және 14-бағандарда көрсетілген деректерді түзету себептері бойынша ашылған ақпарат немесе басқа да маңызды нақтылайтын ақпарат (қарызды ұзарту, негізгі борышты ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу, қарызды өтеу және оған қызмет көрсету бойынша уақтылы төлемеулер, қарыз алушының төлем қабілетсіздігі) көрсетіледі.
Барлық цифрлық бағандар "Барлығы" және "Жиыны" деген жолдарды қоспағанда, қарыз валютасында және мың бірлікте толтырылады.
"Барлығы" және "Жиыны" деген жолдар мың теңгемен және мың Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі – АҚШ) долларымен есептеледі және толтырылады. Көрсеткіштерді АҚШ долларына келтіру есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніндегі бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін белгіленген бағам бойынша жүргізіледі.
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларына 2-қосымша |
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Әкімшілік деректер нысанының атауы: орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі және сыртқы қарыздарын (облигацияларды қоса алғанда) игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есеп.
Әкімшілік деректер нысаны https://www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық жазылуы): ОЖЕ-618.
Кезеңділік: тоқсандық.
Есепті кезең: 20 ___ жылғы ___ тоқсан.
Есептерді ұсынатын тұлғалар тобы және ұсыну мерзімі:
3) квазимемлекеттік сектор субъектілері (орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейін;
4) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейін.
ЖСН/БСН
(деректерді жеке тұлғалар ұсынған, сондай-ақ агрегатталған түрде ұсынылған жағдайда толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық түрде.
Р/с | Орталық мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы/қарыз алушы (ведомстволық бағынысты ұйым) | Қарыз алу мақсаты | Кредитор | Қарыз сомасы | Күші жойылған сома | ||
А | Б | В | Г | 1 | 2 | ||
1. | ОМО/ЖАО атауы | ||||||
1.1. | Ішкі нарықтағы қарыздар | ||||||
1.1.1. | ведомстволық бағынысты ұйым | ||||||
1.1.2. | … | ||||||
Ішкі қарыздар бойынша жиыны, мың теңге: | |||||||
Ішкі қарыздар бойынша жиыны, мың АҚШ доллары: | |||||||
1.2. | Сыртқы нарықтағы қарыздар | ||||||
1.2.1. | ведомстволық бағынысты ұйым | ||||||
1.2.2. | … | ||||||
Сыртқы қарыздар бойынша жиыны, мың теңге: | |||||||
Сыртқы қарыздар бойынша жиыны, мың АҚШ доллары: | |||||||
БАРЛЫҒЫ, мың теңге: | |||||||
БАРЛЫҒЫ, мың АҚШ доллары: |
Кестенің жалғасы
Қарыз валютасы |
Шартқа қол қойылған/бағалы қағаздар шығарылған күн |
Өтеу мерзімі | Біржолғы комиссия, резервке қойғаны үшін комиссия, сыйақы мөлшерлемесі | Негізгі борыштың есепті кезеңнің басындағы қалдығы |
3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кестенің жалғасы
Игеру сомасы | Негізгі борышты өтеу сомасы | Негізгі борыштың есепті кезеңнің соңындағы қалдығы, мың бірлік (7-баған + 9-баған - 12-баған + 17-баған - 18-баған) | ||||
|
|
есепті кезеңнің соңындағы | есепті кезеңнің басындағы | есепті кезеңде | есепті кезеңнің соңындағы (11-баған + 12-баған) | |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Кестенің жалғасы
мың бірлікте
Төленген пайыздық төлемдер (біржолғы комиссия, резервке қойғаны үшін комиссия, сыйақы, өсімпұл) | Мыналар бойынша алдыңғы есепті түзетулер (өткен кезеңде ескерілмеген айырма) | Қосымша ақпарат * | |||
есепті кезеңнің басындағы | есепті кезеңде | қарыз қаражатын игеру | негізгі борышты өтеу | пайыздарды төлеу | |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
Ескертпе: "Орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі және сыртқы қарыздарын (облигацияларды қоса алғанда) игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме нысанға қосымшада көрсетілген.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ОМО – орталық мемлекеттік органдар
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
КК.АА.ЖЖЖЖ – күні,айы,жылы
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
Атауы ________________________ Мекенжайы__________________
Телефоны_____________________
Электрондық пошта мекенжайы
______________________________
Орындаушы ___________________
тегі, аты және әкесінің аты __________________________
(бар болса) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін
атқарушы адам
______________________________ ___________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөр орны
Нысанға қосымша |
"Орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі және сыртқы қарыздарын (облигацияларды қоса алғанда) игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
Әдіснамалық түсіндірмелер:
1. Есепті тоқсанына бір рет:
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейін;
2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейін жасайды.
2. Есеп:
1) бөлімнің символы мен атауын көрсете отырып, әрбір бөлім бойынша жеке-жеке толтырылады;
2) А бағанында орталық мемлекеттік органдарға/жергілікті атқарушы органдарға, қарыз алудың нарықтық құрылымы бойынша, ведомстволық бағынысты компанияларға бөле отырып, реттік нөмірі көрсетіледі;
3) Б бағанында орталық мемлекеттік органдарға/жергілікті атқарушы органдарға, нарықтық құрылымы бойынша, ведомстволық бағынысты ұйымдарға бөле отырып, қарыз алушының атауы көрсетіледі;
4) В бағанында жобаның атауы және/немесе қарыз алу мақсаты көрсетіледі;
5) Г бағанында кредитордың немесе облигациялар ұстаушының атауы көрсетіледі;
6) 1-бағанда қарыздың жалпы сомасы көрсетіледі;
7) 2-бағанда күші жойылған қарыз сомасы көрсетіледі;
8) 3-бағанда қарыз тартылған валютаның атауы көрсетіледі;
9) 4-бағанда кредиттік келісімге қол қойылған күн немесе бағалы қағаздар шығарылған күн көрсетіледі;
10) 5-бағанда негізгі борышты өтеу кезеңі (төлемнің бірінші және соңғы күні) көрсетіледі (негізгі борышты өтеу кестесі өзгерген (қысқарту, ұзарту немесе ауыстыру) жағдайда негізгі борышты өтеу кезеңі қосымша көрсетіледі);
11) 6-бағанда қарыз тартылған барлық пайыздық мөлшерлемелер (біржолғы комиссия, резервке қойғаны үшін комиссия, сыйақы мөлшерлемесі) көрсетіледі;
12) 7-бағанда қарыз алушының кредитор алдындағы есепті кезеңнің басындағы негізгі борышының қалдығы көрсетіледі (17 және 18-бағандарда көзделген түзету жағдайларын қоспағанда, борыш сомасы өткен есепті кезеңдегі 14-бағанға сәйкес келуге тиіс);
13) 8 және 9-бағандарда есепті кезеңнің басындағы және есепті кезеңдегі қарыздың игерілген (түскен) сомасы көрсетіледі.
Қарыз шартының талаптарында көзделген қарыз алушының негiзгi борышына пайыздық төлемдерді капиталдандыру жағдайында деректер 9-бағанда да ескерiледi, ал нақтылайтын ақпарат 20-бағанда көрсетiледi.
Есепті кезеңде бұдан бұрын игерілген қарыз қаражаты кредиторға қайтарылған жағдайда деректер 9-бағанда (-) минус белгісімен ескеріледі және нақтылайтын ақпарат 20-бағанда көрсетіледі;
14) 10-бағанда есепті кезеңнің соңындағы қарыздың игерілген (түскен) сомасы көрсетіледі және 10-баған = 8-баған + 9-баған формуласымен есептеледі.
15) 11, 12-бағандарда есепті кезеңнің басындағы және есепті кезеңде негізгі борышты өтеу (облигацияларды кері сатып алу) бойынша төлемдер сомасы көрсетіледі;
16) 13-бағанда есепті кезеңнің соңындағы негізгі борышты өтеу (облигацияларды кері сатып алу) бойынша төлемдер сомасы көрсетіледі және 13-баған = 11-баған + 12-баған формуласымен есептеледі.
14-бағанда қарыз алушының кредитор алдындағы есепті кезеңнің соңындағы негізгі борышының қалдығы көрсетіледі және 14-баған = 7-баған + 9-баған - 13-баған + 17-баған - 18-баған формуласымен есептеледі.
15 және 16-бағандарда есепті кезеңнің басындағы және есепті кезеңдегі борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің (пайыздарды төлеудің) жалпы сомалары көрсетіледі.
17, 18 және 19-бағандарда, егер бұл деректер алдыңғы есептерде көрсетілмеген жағдайда игеру, өтеу және борышқа қызмет көрсету бойынша түзетілген сомалар көрсетіледі. Мұндай ақпарат әрбір осындай жағдай бойынша ғана көрсетіледі.
20-бағанда 17, 18 және 19-бағандарда көрсетілген деректерді түзету себептері бойынша ашылған ақпарат немесе басқа да маңызды нақтылайтын ақпарат (қарызды ұзарту, негізгі борышты ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу, қарызды өтеу және оған қызмет көрсету бойынша уақтылы төлемеулер, қарыз алушының төлем қабілетсіздігі және т.с.с.) көрсетіледі.
Барлық цифрлық бағандар "Барлығы" және "Жиыны" деген жолдарды қоспағанда, қарыз валютасында және мың бірлікте толтырылады.
"Барлығы" және "Жиыны" деген жолдар мың теңгемен және мың АҚШ долларымен (бұдан әрі – АҚШ) есептеледі және толтырылады. Көрсеткіштерді АҚШ долларына келтіру есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніндегі бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін белгіленген бағам бойынша жүргізіледі.
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларына 3-қосымша |
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Әкімшілік деректер нысанының атауы: квазимемлекеттік сектор субъектілерінің алдағы бес жылдық кезеңге арналған қарыздары бойынша негізгі борышты жоспарланып отырған игеру және өтеу жөніндегі есеп.
Әкімшілік деректер нысаны https://www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық жазылуы): КСЕ-618.
Кезеңділік: жартыжылдық.
Есепті кезең: 20 ___ жылдың ____ жартыжылдығы үшін.
Есептерді ұсынатын тұлғалар тобы және ұсыну мерзімі:
5) квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейін;
6) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-і күніне дейін.
ЖСН/БСН
(деректерді жеке тұлғалар ұсынған, сондай-ақ агрегатталған түрде ұсынылған жағдайда толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық түрде.
Р/с |
Қарыз алушының | Қарыз алу мақсаты | Есепті кезеңнің соңындағы борыш | Ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлы игеру | Ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлы өтеу | ||
А | Б | В | 1 | 2 | 3 | ||
1 | 1-қарыз алушы | ||||||
1.1. | 1.1. ішкі | ||||||
1.1.1 | |||||||
1.1.2 | |||||||
барлығы, мың теңге | |||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | |||||||
1.2. | 1.2. сыртқы | ||||||
барлығы, мың теңге | |||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | |||||||
2 | 2-қарыз алушы | ||||||
2 | 2.1 | 2.1. ішкі | |||||
барлығы, мың теңге | |||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | |||||||
2.2. | 2.2. сыртқы | ||||||
барлығы, мың теңге | |||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | |||||||
3 | басқа квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарызы | ||||||
3.1. | 3.1. ішкі | ||||||
1-жоба | |||||||
барлығы, мың теңге | |||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | |||||||
3.2. | 3.2. сыртқы | ||||||
1-жоба | |||||||
барлығы, мың теңге | |||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | |||||||
Жиыны, мың теңге | |||||||
Жиыны, мың АҚШ доллары |
Кестенің жалғасы
Ағымдағы жылдың соңындағы борыш | 1-ші жоспарланатын жыл | ||
қарыздарды, оның ішінде жоспарланатындарын игеру | негізгі борышты өтеу | жоспарланатын жылдың соңындағы борыш | |
4 | 5 | 6 | 7 |
Кестенің жалғасы
2-ші жоспарланатын жыл | 3-ші жоспарланатын жыл | ||||
қарыздарды, оның ішінде жоспарланатындарын игеру | негізгі борышты өтеу | жоспарланатын жылдың соңындағы борыш | қарыздарды, оның ішінде жоспарланатындарын игеру | негізгі борышты өтеу | жоспарланатын жылдың соңындағы борыш |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Кестенің жалғасы
4-ші жоспарланатын жыл | 5-ші жоспарланатын жыл | ||||
қарыздарды, оның ішінде жоспарланатындарын игеру | негізгі борышты өтеу | жоспарланатын жылдың соңындағы борыш | қарыздарды, оның ішінде жоспарланатындарын игеру | негізгі борышты өтеу | жоспарланатын жылдың соңындағы борыш |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Ескертпе: "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің алдағы бес жылдық кезеңге арналған қарыздары бойынша негізгі борышты жоспарланып отырған игеру және өтеу жөніндегі есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме нысанға қосымшада көрсетілген.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
КК.АА.ЖЖЖЖ – күні,айы,жылы
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
Атауы_____________________________ Мекенжайы_________________
Телефоны__________________________
Электрондық пошта мекенжайы
___________________________________
Орындаушы _________________________ _________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы
адам_______________________________ __________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөр орны
Нысанға қосымша |
"Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің алдағы бес жылдық кезеңге арналған қарыздары бойынша негізгі борышты жоспарланып отырған игеру және өтеу жөніндегі есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Әдіснамалық түсіндірмелер
1. Есепті жарты жылда бір рет:
1) квазимемлекеттік сектор субъектілері есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейін;
2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-і күніне дейін жасайды.
2. Есеп: бөлімнің символы мен атауын көрсете отырып, әрбір бөлім бойынша жеке-жеке толтырылады;
1) А бағанында квазимемлекеттік сектор субъектілерін нарықтық құрылымы бойынша ірі және еншілес компанияларға бөле отырып, реттік нөмірі көрсетіледі;
2) Б бағанында квазимемлекеттік сектор субъектілерін нарықтық құрылымы бойынша ірі және еншілес компанияларға бөле отырып, қарыз алушының атауы көрсетіледі;
3) В бағанында жобаның атауы және/немесе қарыз алу мақсаты көрсетіледі;
4) 1-бағанда қарыз алушының кредитор алдындағы есепті кезеңнің басындағы негізгі борышының қалдығы көрсетіледі;
5) 2 және 3-бағандарда бұдан бұрын тартылған немесе тартуға жоспарланып отырған қарыздардың ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланатын игерілуі және өтелуі көрсетіледі (бірінші жартыжылдық үшін есепті жасау кезінде толтырылады).
6) 4-бағанда қарыз алушының кредитор алдындағы ағымдағы жылдың соңындағы негізгі борышының жоспарланатын қалдығы көрсетіледі және 4-баған = 1-баған + 2-баған - 3-баған формуласымен есептеледі (екінші жартыжылдық үшін есепті жасау кезінде 1-бағанда көрсетілген есепті кезеңнің соңындағы борыш бойынша іс жүзіндегі деректер 4-бағанға ауыстырылады);
7) 5, 6 және 7-бағандарда ағымдағы жылдан кейінгі бірінші жоспарланатын жылы жоспарланып отырған игеру, өтеу және борыш көрсетіледі (бұл ретте 7-баған 7-баған = 4-баған + 5-баған - 6-баған формуласымен толтырылады).
Қалған жылдар бойынша жоспарланып отырған игеру, өтеу және борыш осыған ұқсас толтырылады.
Барлық цифрлық бағандар "Барлығы" және "Жиыны" деген жолдарда қоспағанда, қарыз валютасында және мың бірлікте толтырылады.
"Барлығы" және "Жиыны" деген жолдар мың теңгемен және мың АҚШ долларымен есептеледі және толтырылады. Көрсеткіштерді АҚШ долларына келтіру есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніндегі бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін белгіленген бағам бойынша жүргізіледі.