"Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2024 – 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жылдың қорытындысы бойынша 1 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 1 мамырдан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын және өзінің интернет-ресурсында орналастырып тұрсын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2021 – 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 479 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 24-тармағы.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 1019 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2024 – 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с | Реформалардың / негізгі іс-шаралардың атауы | Аяқтау нысаны | Аяқталу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Су ресурстары | ||||
Нысаналы 1-индикатор. Жер үсті суларының сапасы жақсы су айдындарының үлесі: 2021 ж. – 30 %, 2030 ж. – 35 %. | ||||
1. | Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен су сапасын қорғау, сондай-ақ трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісімдерді іске асыру | ЭТРМ интернет-ресурсындағы есептік ақпарат | жыл сайын | ЭТРМ, СРИМ, СІМ |
2. | Қазақстан Республикасының су объектілеріндегі су сапасының мемлекеттік мониторингі | Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының жай-күйі туралы ақпараттық бюллетень | жыл сайын | ЭТРМ, СРИМ, ДСМ, "Қазгидромет" РМК (келісу бойынша) |
3. | Каспий теңізінің теңіз суына мемлекеттік экологиялық мониторинг (pН) жүргізу | Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының жай-күйі туралы ақпараттық бюллетень | жыл сайын | ЭТРМ, СРИМ, "Қазгидромет" РМК (келісу бойынша) |
4. | Су ресурстарын үнемдеу үшін су үнемдейтін суару технологияларын ендіру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | СРИМ, АШМ, облыстардың әкімдіктері |
5. | Түрлі қаржыландыру механизмдері есебінен елді мекендерде кәріз-тазарту құрылысжайларын салу және реконструкциялау жобалары | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ӨҚМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
6. | Кәсіпорындардың I санаты үшін сарқынды суларды автоматтандырылған мониторингтеу жүйесін орнату | өнеркәсіптік пайдалануға беру | жыл сайын | ЭТРМ, I санатты кәсіпорындар (келісу бойынша) |
7. | Сумен жабдықтау желілерінің деңгейіне дейін су бұру желілерін дамыту жөніндегі ұсыныс | Үкіметке ақпарат | 2027 жыл | ӨҚМ, СРИМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
8. | Ірі қалаларда нөсер кәрізі желілерін дамыту | Үкіметке ақпарат | 2025 жыл | ӨҚМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
9. | Сарқынды сулардың тұнба шөгінділерін 75%-ға дейін кәдеге жарату және/немесе қайта өңдеу | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ӨҚМ, СРИМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
10. | Тұрғын үйлер мен коммуналдық желілердегі жасырын ысырапты жою, сондай-ақ тарату желілеріндегі су қысымын бақылау және реттеу арқылы коммуналдық шаруашылықта су пайдалануды оңтайландыру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
11. | "Су шаруашылығы" секторы бойынша бейімдеу шараларын әзірлеу және қабылдау | бейімдеу шаралары | 2025-2027 жылдар | СРИМ, ЭТРМ |
12. | "Азаматтық қорғау" (дүлей апат қаупін азайту) бағыты бойынша бейімдеу жөніндегі шараларды әзірлеу | ЭТРМ-ге ақпарат | 2025-2027 жылдар | ТЖМ, ЭТРМ, СРИМ, ӨҚМ, АШМ, ДСМ, ІІМ, КМ, ЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
13. | Су ресурстарын (бассейнаралық) қайта бөлудің перспективалық нұсқаларын зерттеу және әзірлеу | ЭТРМ-ге ақпарат | 2029 жыл | СРИМ, ЭТРМ, АШМ, ҒЖБМ |
14. | Айналымды және қайталама сумен жабдықталмаған ұйымдардың аталған жүйелерге көшу жоспарларын әзірлеу және қабылдау | ЭТРМ-ге ақпарат | 2027 жыл | СРИМ, ЭМ, ӨҚМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
15. | Су тасқыны кезінде су ағынын тежеу және жыл бойы өзгергіштігінің орнын толтыру үшін су қоймалары мен резервуарлар салу және реконструкциялау | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | СРИМ, ЭМ, ӨҚМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
2. Ауыл шаруашылығы | ||||
Нысаналы 4-индикатор. Бидайдың шығымдылығы: 2022 ж. – 12,8 ц/га, 2030 ж. – 20 ц/га. | ||||
16. | Бидай мен суды көп қажет ететін (күріш, мақта) монодақылды жоғары рентабельді дақылдардың (майлы дақылдар, жемшөп, көкөніс және т.б.) пайдасына қысқарту жолымен егіс алқаптарын әртараптандыру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | АШМ, облыстардың әкімдіктері |
17. | Жоғары сапалы тұқымдарды, оның ішінде елімізде шығарылған тұқымды пайдалануды ұлғайту | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | АШМ, облыстардың әкімдіктері, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ (келісу бойынша) |
18. | Климаттық өзгерістерге бейімделген сорттар мен дақылдарға көшу | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | АШМ, облыстардың әкімдіктері, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ (келісу бойынша) |
19. | Агроөнеркәсіптік кешенде "жасыл технологияларды" ендіруді ынталандыру бөлігінде субсидиялау жүйесін жетілдіру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың әкімдіктері |
20. | Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін ашық қолжетімділікте енгізу | тізілім | жыл сайын | АШМ |
21. |
Жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес бойынша іс-шаралар жүргізу: | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | АШМ, облыстардың әкімдіктері |
22. | Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдар мен топырақ, агрохимиялық, мелиорациялық, геоботаникалық ізденістерді жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу | өзара іс-қимыл алгоритмі | 2025-2026 жылдар | АШМ, облыстардың әкімдіктері |
23. | Халықаралық ұйымдармен әріптестікте жер ресурстарын тұрақты басқару бөлігінде жобаларды іске асыру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | АШМ |
24. | Топырақтың агрохимиялық қасиеттерін бағалауды жүргізу | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | АШМ |
25. | "Ауыл шаруашылығы" секторын бейімдеу жөніндегі шараларды әзірлеу | бейімделу шаралары | 2025-2027 жылдар |
АШМ, |
3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру | ||||
Нысаналы 7-индикатор. ЖІӨ-нің энергияны қажетсінуін 2021 жылғы деңгейден төмендету: 2030 жылға қарай 15 %-ға | ||||
26. | Жылына 50 мың және одан да көп тонна шартты отынға баламалы көлемде энергетикалық ресурс тұтынатын мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия тұтыну мониторингін қамтамасыз ету | энергия тұтынушылар тізілімі | жыл сайын | ӨҚМ |
27. | Жылына 50 мың және одан да көп тонна шартты отынға баламалы көлемде энергетикалық ресурс тұтынатын мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерін жыл сайын тыңдауды қамтамасыз ету | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ӨҚМ |
28. | Өнеркәсіп орындарын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларын іске асыруы | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ӨҚМ |
29. | Көшелерді энергия үнемдеуші технологияларды пайдалана отырып жарықтандыру инфрақұрылымын жаңғырту | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
30. | Көліктің баламалы түрлерін және электромобильдер үшін тиісті инфрақұрылымды дамыту | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | КМ, ӨҚМ, ЭМ, ТЖМ, Қаржымині, ІІМ, облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
31. | Энергия тиімділігін арттырудың инновациялық технологияларын ғылым мен өндірістің өзара әрекеттесуі арқылы ілгерілету және ынталандыру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ЦДИАӨМ, ҒЖБМ |
32. | Қоғамдық көлікті газ және электрге ауыстыру есебінен оның энергия тиімділігін арттыру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
33. | Энергия тиімділігі жоғары санаттағы жаңа ғимараттар мен құрылыстар салу (2030 жылға қарай салынған ғимараттардың жалпы санының кемінде 50%-ы) | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ӨҚМ, облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
34. | Тұрғындар мен ұйымдар үшін, оның ішінде Ұлттық энергия үнемдеуді дамыту және энергия тиімділігін арттыру институтының интернет-ресурсында ақпараттық науқандар жүргізу арқылы энергия үнемдеу мәселелері туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ӨҚМ, МАМ, облыстардың, Астана Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ (келісу бойынша) |
4. Электр энергетикасы | ||||
Нысаналы 8-индикатор. Электр энергиясын өндірудегі жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесі: 2022 ж. – 4,53 %, 2030 ж. – 15 %. | ||||
35. | Жел, күн электр станцияларын, гидроэлектростанцияларды және биомассаны пайдаланатын электр станцияларын салу арқылы ЖЭК дамыту | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ЭМ |
36. | Баламалы энергия көздерін дамыту | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ЭМ |
37. |
Генерациялаушы активтердің қалған қызмет мерзімін ескере отырып, техникалық жай-күй аудиті және энергия аудиті негізінде барлық қолданыстағы электр станцияларын жаңғырту кестесін бекіту. |
электр станцияларын жаңғырту кестесі, | 2029 жыл | ЭМ |
38. |
Газ және сутегі инфрақұрылымын құруға инвестиция тарту | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ЭМ |
39. | ЖЭК (Total, Masdar, Acwa Power, China Power және т.б.) ірі жобаларын салу жөніндегі үкіметаралық келісімдер шеңберінде Қазақстанда тауарлар өндірісін оқшаулау, "жасыл" технологиялар, стартаптар мен инновациялар саласындағы қазақстандық зерттеулер мен әзірлемелерді қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ экологиялық таза технологияларды әзірлеу мен ендіруде шағын және орта бизнеске жәрдемдесу мәселелерін қарастыру | ЭТРМ-ге ақпарат | 2025 жыл | ЭМ |
40. | Отынды пайдалану тиімділігі мен экологиялық параметрлер бойынша үздік әлемдік технологияларға сәйкес жаңа жылу станцияларын салу | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ЭМ |
41. | Көлемі мен бағасы бойынша қолжетімді болған жағдайда қолданыстағы ескі көмір қуатын ЖЭК немесе газға біртіндеп ауыстыру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
5. Ауаның ластануын азайту | ||||
Нысаналы 10-индикатор. Байқаулар жүргізілетін елді мекендердегі атмосфералық ауада диаметрі 2,5 микроннан кем өлшенген бөлшектердің (РМ 2,5) орташа жылдық шоғырлануы: 2021 ж. – 0,04 мг/м3, 2030 ж. – 0,0251 мг/м.3 | ||||
42. | Елді мекендердегі атмосфералық ауаның жай-күйінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі | Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының жай-күйі туралы ақпараттық бюллетень, санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг туралы ақпарат | жыл сайын | "Қазгидромет" РМК (келісу бойынша), ДСМ |
43. | Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту | мәслихат шешімі | 2025 жыл | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
44. | Жұмыс істеп тұрған, көмір жағатын ЖЭО-ды бірінші кезекте ірі қалаларда (Алматы, Астана, Қарағанды) газға ауыстыру, сондай-ақ осы қалалардағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2030 жылға дейін газбен істейтін жаңа станциялар салу | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ЭМ, Алматы, Астана қаласының, Қарағанды облысының әкімдіктері |
45. | ЖЭК-ке, орталықтандырылған жылумен жабдықтауға, газдандыруға көшу жолымен тұрғын үй секторында көмірді тікелей пайдаланудан біртіндеп бас тарту (Астана қ., Ақмола, Қарағанды облыстары, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлері) | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ЭМ, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Астана қаласының әкімдіктері |
46. | Монреаль хаттамасының хатшылығына ақпарат беру бойынша Қазақстанның міндеттемелерін орындау (ОДМ 12.4.1-ге сәйкес) | хаттама хатшылығына есеп | жыл сайын | ЭТРМ |
47. | 10 өнеркәсіп орны бойынша ірі қалалардағы стационарлық көздерден шығатын атмосфераға ластағыш заттардың шығарындыларын азайту, оның ішінде: "Qarmet" АҚ, Болат департаменті 2021 ж. – 285 мың тонна, 2027 ж. – 149 мың тонна; "Астана энергия" АҚ 2021 ж. – 70,7 мың тонна, 2025 ж. – 56,616 мың тонна; "АЛЭС" АҚ 2021 ж. – 47,6 мың тонна, 2025 ж. – 7,8 мың тонна; "ПҚОП" ЖШС 2021 ж. – 22,987 мың тонна, 2025 ж. – 18,38 мың тонна; "АМӨЗ" АҚ 2021 ж. – 19,566 мың тонна, 2025 ж. – 15,652 мың тонна; "Қазмырыш" ӨМК ЖШС 2021 ж. – 26,299 мың тонна, 2025 ж. – 22,5 мың тонна; "Қарағанды Энергия орталығы" ЖШС 2021 ж. – 39,162 мың тонна, 2025 ж. – 35,25 мың тонна; ЖМЗ "Kazakhmys Smelting" ЖШС 2021 ж. – 63,2 мың тонна, 2025 ж. – 31,06 мың тонна; "Kazakhmys Smelting" ЖШС БМЗ 2021 ж. – 75,2 мың тонна, 2025 ж. – 31,1 мың тонна; "ПМХЗ" ЖШС 2021 ж. – 21,8 мың тонна, 2025 ж. – 20 мың тонна | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын |
"Qarmet" АҚ, Болат департаменті (келісу бойынша); "Астана энергия" АҚ (келісу бойынша); "АЛЭС" АҚ (келісу бойынша); "ПҚОП" ЖШС (келісу бойынша); "АМӨЗ" АҚ (келісу бойынша); "Қазмырыш" ӨМК ЖШС (келісу бойынша); "Қарағанды Энергия орталығы" ЖШС (келісу бойынша); |
48. | "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін құру және ендіру | өнеркәсіптік пайдалануға беру | 2025 жыл | ЭТРМ, БҚДА, Қаржымині, "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша) |
49. | Велосипед және қоғамдық көлік инфрақұрылымын, жаяу жүргіншілер тротуарлары мен жаяу жүргіншілер (жүгіру жолдарын) дистанцияларын жақсарту және кеңейту, сондай-ақ жеке көліктен қоғамдық көлікке, велосипедке немесе жаяу серуендеуге көшуді ынталандыру үшін осы көлік түрлері мен жаяу жүргіншілер қозғалысын жерді пайдалануды және басқа жол көлігін жоспарлауға интеграциялау; велосипед көлігі мен жаяу жүргіншілер инфрақұрылымының жайлылығын, үздіксіздігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол кептелістері мен аварияларды азайту | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, КМ, ІІМ |
50. | I санаттағы кәсіпорындар үшін кешенді экологиялық рұқсаттар ала отырып, ең үздік қолжетімді техникаларды пайдалануға кезең-кезеңімен көшу | ЭТРМ интернет-ресурсындағы есептік ақпарат | жыл сайын | ЭТРМ |
51. | I санаттағы кәсіпорындарда атмосфералық ауаға шығарындыларды мониторингтеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату | пайдалануға беру | жыл сайын | ЭТРМ, I санатты кәсіпорындар (келісу бойынша) |
52. | "Қазгидромет" РМК-ның елді мекендердегі атмосфералық ауаны мониторингтеудің экологиялық станцияларын ұлғайту жөніндегі мәселені пысықтау | ЭТРМ интернет-ресурсындағы есептік ақпарат | 2027 жыл | ЭТРМ, Қаржымині, "Қазгидромет" РМК (келісу бойынша) |
6. Қалдықтарды басқару | ||||
Нысаналы 13-индикатор. Халықты коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару бойынша көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету (%): 2022 ж. – 82 %, 2030 ж. – 90 %. | ||||
53. | Экологиялық және экономикалық орындылығын ескере отырып, елді мекендерде коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету жөніндегі қызметтермен халықты қамту үлесін ұлғайту | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
54. | Ауылдық елді мекендерде коммуналдық алдықтарды фракциялар бойынша бөлек жинауды және тұрақты шығаруды ұйымдастыру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
55. |
Коммуналдық, құрылыс, ірі габаритті қалдықтарды және коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктерін сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі инфрақұрылымды дамыту, оның ішіңде: | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
56. | Биогазды компосттау жолымен алу арқылы органикалық, оның ішінде тамақ қалдықтарын қайта өңдеуді дамыту | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
57. | Әр бес жыл сайын коммуналдық алдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
58. | Сот шешімдерімен республикалық меншікке берілген иесіз қауіпті қалдықтарды басқару және оларды жою | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | "Жасыл Даму" АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
59. | Базель, Стокгольм және Роттердам конвенцияларының хатшылығына ақпарат беру жөніндегі Қазақстан міндеттемелерін орындау (ОДМ 12.4.1-ге сәйкес) | конвенциялардың хатшылықтарына есеп | жыл сайын | ЭТРМ |
60. | I санаттағы кәсіпорындардың өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, қайта пайдалану, оның ішінде олардан өнім немесе қайталама ресурс (материалдық немесе энергетикалық) алу жөніндегі жоспарларды іске асыруы | ЭТРМ интернет-ресурсындағы есептік ақпарат | жыл сайын | ЭТРМ, I санатты кәсіпорындар (келісу бойынша) |
61. | "Қалдықтар кадастры" ақпараттық жүйесін олардың меншік иелерінде жинақталған және түзілетін барлық қалдықтарды есепке алу үшін енгізу, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мониторингі үшін статистикалық ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді жетілдіру | ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалануға беру | 2025 жыл | ЭТРМ |
62. | Жұмыс істеп тұрған полигондар мен ТҚҚ полигондарын экологиялық және санитариялық нормаларға сәйкес келтіру немесе жұмыс істеп тұрған полигондарды жабу және ТҚҚ полигондарын рекультивациялау | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ДСМ |
63. | Заңнаманың талаптары мен нормаларына сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтардың жаңа полигондарын салу | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
64. | Қалдықтарды кейіннен сұрыптау, қайта өңдеу пункттеріне әкете отырып, заңсыз қоқыс үйінділерін жою | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
65. | Жаңа стихиялық үйінділерді барынша азайту бойынша шаралар қабылдау | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ІІМ, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК"АҚ (келісу бойынша) |
7. Экожүйелерді сақтау және тиімді басқару | ||||
Нысаналы 17-индикатор. Қорғалатын табиғи учаскелердің биоәртүрлілік үшін маңызды үлесі, Қазақстан аумағының ауданынан %: 2022 ж. – 10,77 %, 2030 ж. – 11,5 % | ||||
66. | "Мерке" мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру | Жамбыл облысы әкімінің шешімі | 2026 жыл | Жамбыл облысының әкімдігі (жинақтау), ЭТРМ |
67. | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ұсыныс | 2026 – 2030 жылдар | ЭТРМ |
68. | Үстірт мемлекеттік табиғи қаумалын кеңейту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2028 жыл | ЭТРМ |
69. | "Жайық өзенінің жайылмасы" мемлекеттік табиғи резерватын құру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2029 жыл |
|
70. | "Арал" мемлекеттік орман табиғи резерватын құру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2030 жыл |
|
71. | "Ертіс жайылмасы" мемлекеттік табиғи резерватын құру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2030 жыл |
|
72. | Ең көрнекті орындарды танымал ету және туризм объектілері бойынша 3D-турларды кезең-кезеңімен әзірлеу, ұлттық парктер желісінің экотуристік брендингін құру мүмкіндігін қарастыру, келушілерге қызмет көрсету және оларға білім беру үшін ЕҚТА кадрларын даярлау мен біліктілігін арттыруды (гидтер мен экскурсия жүргізушілерді оқыту) ұдайы жүргізу | жарияланымдар, БАҚ-та сөз сөйлеу, семинарлар, тренингтер, 3D-турлар | жыл сайын | ЭТРМ |
кестенің жалғасы
73. | Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардың айналасында жасыл аймақтар құру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
74. | 2 млрд ағаш отырғызу бағдарламасын іске асыру мақсатында елдің орманды жерлерін ұлғайту бойынша іс-шаралар өткізу | ЭТРМ интернет-ресурсындағы есептік ақпарат | жыл сайын | ЭТРМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
75. | "Орман шаруашылығы" секторын бейімдеу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру |
бейімдеу шаралары |
2025 жыл | ЭТРМ |
76. | Арал теңізінің құрғап қалған түбіне шөл өсімдіктері мен жартылай шөл өсімдіктерін отырғызу | ЭТРМ интернет-ресурсындағы есептік ақпарат | жыл сайын | ЭТРМ |
77. | Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін белгілеу үшін зерттеулер жүргізу | биологиялық негіздеме, жануарлардың аңшылық түрлерін алып қою лимиттері бойынша бұйрық | жыл сайын | ЭТРМ |
78. | Тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін есепке алу (құлан, қарақұйрық, арқар, асыл бұғы) | ҰСБ интернет-ресурсындағы сандарының есебі бойынша деректер | жыл сайын | ЭТРМ, ҰСБ (келісу бойынша) |
79. | Ақбөкендердің оңтайлы мекендеу ортасын қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар әзірлеу және іске асыру (көші-қон жолдары мен жем-шөп базасын сақтау, эпизоотиялардың алдын алу, табиғи және жасанды су айдындарын іздеу және қалпына келтіру) | кешенді шаралар ЭТРМ интернет-ресурсындағы есептік ақпарат |
2025 жыл | ЭТРМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
80. | Мүмкіндігі шектеулі, зейнеткерлік жастағы адамдардың, жаңа туған және үлкен балалары бар ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып, туристік маршруттар мен соқпақтар жасау | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
81. | Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылым жүргізу, ТҚҚ жинауды ұйымдастыру, биодәретханалар орнату | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
82. | Экотуризмнің әрқилы түрлерін дамыту – "жайлау-туризм", "бердвотчинг", "экологиялық квест", велосипед және су бағыттары, атпен жүру, табиғат музейі, балара шаруашылығы музейі, визит-орталықтарға бару | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ТСМ |
83. | Табиғи өнімдермен қамтамасыз етілген, табиғи материалдардан тұрғызылған, сарқынды суларды тазарту технологиясын қолданатын және суару мен аумақтарды күтіп ұстау үшін суды қайта пайдаланатын эко-қонақүйлерді құру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ТСМ |
84. | Анағұрлым перспективалы туристік кластерлерді дамыту | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ТСМ, Алматы және Маңғыстау облыстарының, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
85. | Қазақстанда жануарлар және өсімдіктер дүниесін түрлік деңгейде сақтау, оның ішінде жыртқыш құстарды қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру | шаралар кешені ЭТРМ интернет-ресурсындағы есептік ақпарат |
2025 жыл | ЭТРМ |
86. | Оңтайлы рұқсат етілген балық аулауды айқындау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және аулау лимиттерін бекіту | ғылыми зерттеу | жыл сайын | АШМ |
87. | Балық ресурстарын, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген ресурстарды қорғауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ бекітілген балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінде балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | АШМ |
8. Халықтың және бизнестің экологиялық мәдениетін қалыптастыру | ||||
Нысаналы 18-индикатор. Ресурстарды ұтымды пайдалану туралы есептерді (ESG) жариялайтын "ТОП-50" компаниялардың үлесі: 2022 ж. – 2 %, 2030 ж. – 20 %. | ||||
88. | Ресурстарды ұтымды пайдалану туралы есептерді жариялау мониторингісі (ESG) | "ТОП-50" компанияларының ESG есептерін жариялауы туралы ақпарат | жыл сайын | ЭТРМ, I санатты кәсіпорындар (келісу бойынша) |
89. | Жарияланымдар арқылы "жасыл" саясатты іске асыру және ілгерілету, ережелер мен қағидаттарды түсіндіре отырып, реттеуші мен компаниялар арасындағы тікелей байланыстар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктері үшін салалық наградаларды тапсыру | БАҚ-та жарияланымдар | жыл сайын | ЭТРМ, МАМ, "ХЖТИЖО" КеАҚ (келісу бойынша), облыстардың, Астана Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
90. | "Astana Finance Days" конференциясында жасыл/тұрақты өсу трегін өткізу | баспасөз релиздері | жыл сайын | ЭТРМ, АХҚО (келісу бойынша) |
91. | Бассейндік кеңестер қызметі шеңберінде шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуына мониторинг жүргізу | бассейндік кеңестер отырыстарының хаттамалары | жыл сайын | СРИМ |
92. | Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама дайындау | баяндама | жыл сайын | ЭТРМ |
93. | ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық шеңберінде "жасыл" экономиканың ұлттық көрсеткіштерін қалыптастыру |
| жыл сайын | ЭТРМ, СРИМ, ЭМ, АШМ, ДСМ, ҒЖБМ, ТЖМ, Қаржымині, ӨҚМ, ҰСБ (келісу бойынша), облыстардың, Астана Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
94. | БҰҰ ЕЭК-пен ынтымақтастық шеңберінде қоршаған ортаны мониторингтеу және бағалау үшін статистикалық деректерді өзектілендіру | ҰСБ интернет порталында қоршаған ортаны мониторингтеу және бағалау индикаторларын жариялау | жыл сайын | ЭТРМ, СРИМ, АШМ, ДСМ, ӨҚМ, ҰСБ (келісу бойынша), облыстардың, Астана Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
95. | ЕҚТ қағидаттарын, жасыл технологияларды және "жасыл" экономиканың басқа да мәселелерін ілгерілету бойынша хабардар ету | БАҚ-та жарияланымдар, баяндамалар | жыл сайын | ЭТРМ, МАМ, "ХЖТИЖО" КеАҚ (келісу бойынша) |
96. | Қоршаған ортаны қорғау және ресурстардың өнімділігі мәселелері бойынша инженерлерді, экологиялық және орнықты даму мамандықтары бойынша мамандарды даярлау | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ҒЖБМ, СРИМ, ӨҚМ, АШМ |
97. | Тарифтерді белгілеу немесе түзету кезінде осал үй шаруашылықтары үшін энергетикалық кедейлікті болғызбау мақсатында ағымдағы әлеуметтік төлемдер саясатына өзгерістер енгізу | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | облыстардың, Астана Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
9. "Жасыл" қаржыландыру | ||||
Нысаналы 20-индикатор. Банк секторының портфеліндегі "жасыл" кредиттердің үлесі: 2023 ж. – 3,17 %, 2030 ж. – 7,5 %. 2023 ж. – 2,27 % 2030 ж. – 4 % | ||||
98. | Банктердің кредит портфелінің көміртегі ізін бағалау | ЭТРМ-ге ақпарат | 2026 жыл | ҚНРДА (келісу бойынша) |
99. |
Қаржы ұйымдарының | ЭТРМ-ге ақпарат | 2026 жыл, 2029 жыл | ҚНРДА (келісу бойынша) |
100. | Оқыту семинарларын, дөңгелек үстелдерді және өзара іс-қимылдың өзге де нысандарын өткізу арқылы ESG және тұрақты қаржыландыру мәселелері бойынша қаржы нарығының сараптамалық әлеуетін арттыру | ЭТРМ-ге ақпарат | жыл сайын | ҚНРДА (келісу бойынша) |
101. | Қаржы нарығын реттеуге ESG қағидаттарын ендіруді қамтамасыз ету | ЭТРМ-ге ақпарат | 2025 жыл | ҚНРДА (келісу бойынша) |
102. | Кейіннен нарық қаражатымен араластыра отырып, бюджет қаражатын тарту есебінен жеңілдікпен қаржыландыру жолымен "жасыл жобаларды" іске асыруды ынталандыру құралын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына | 2026 жыл | ҚДБ (келісу бойынша) |
103. | Отандық жасыл технологиялар мен жабдықтарды өндірушілер мен жеткізушілердің тізілімін жүргізу | тізілім | жыл сайын | ЭТРМ, "ХЖТИЖО" КеАҚ (келісу бойынша) |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
"АЛЭС" АҚ | - | "Алматы электр станциялары" акционерлік қоғамы |
"АМӨЗ" АҚ | - | "Атырау мұнай өңдеу зауыты" акционерлік қоғамы |
"Астана Энергия" АҚ | - | "Астана Энергия" акционерлік қоғамы |
АХҚО | - | "Астана" халықаралық қаржы орталығы |
АШМ | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
БМБЗ "Kazakhmys Smelting" ЖШС | - | Балқаш мыс балқыту зауытының "Kazakhmys Smelting" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
БҰҰ ЕЭК | - | Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы |
ҒЖБМ | - | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
ДСМ | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
"Жасыл Даму" АҚ | - | "Жасыл Даму" акционерлік қоғамы |
ЖМБЗ "Kazakhmys Smelting" ЖШС | - | Жезқазған мыс балқыту зауытының "Kazakhmys Smelting" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
ЖЭК | - | жаңартылатын энергия көздері |
КМ | - | Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі |
"Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК" АҚ | - | "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
"Қазгидромет" РМК | - | "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
"Қазмырыш" ӨМК ЖШС | - | "Қазмырыш" Өскемен металлургия кешені жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
"Қарағанды Энергия орталығы" ЖШС | - | "Қарағанды Энергия орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Қаржымині | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
ҚДБ | - | Қазақстан Даму Банкі |
ҚНРДА | - | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
МАМ | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі |
Облыстардың әкімдіктері | - | Абай облысының әкімдігі |
- | Ақмола облысының әкімдігі | |
- | Ақтөбе облысының әкімдігі | |
- | Алматы облысының әкімдігі | |
- | Атырау облысының әкімдігі | |
- | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі | |
- | Жамбыл облысының әкімдігі | |
- | Жетісу облысының әкімдігі | |
- | Қарағанды облысының әкімдігі | |
- | Қостанай облысының әкімдігі | |
- | Қызылорда облысының әкімдігі | |
- | Маңғыстау облысының әкімдігі | |
- | Павлодар облысының әкімдігі | |
- | Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі | |
- | Түркістан облысының әкімдігі | |
- | Ұлытау облысының әкімдігі | |
- | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | |
ӨҚМ | - | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
"ПҚОП" ЖШС | - | "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
"ПМХЗ" ЖШС | - | "Павлодар мұнай-химия зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
СРИМ | - | Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі |
СІМ | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
ТЖМ | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
ТҚҚ | - | тұрмыстық қатты қалдықтар |
ТСМ | - | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі |
"ҰАТ" АҚ | - | "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы |
"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ | - | "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
ҰСБ | - | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы |
ҰЭМ | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
"ХЖТИЖО" КеАҚ | - | "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
ЦДИАӨМ | - | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
ІІМ | - | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
"Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ | - | "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" акционерлік қоғамы |
ЭМ | - | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
ЭТРМ | - | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі |
ЭЫДҰ | - | Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы |
ESG | - | Экологиялық, әлеуметтік және басқару саласы (Environmental, Social, Governance) |
"Qarmet" АҚ, Болат департаменті | - | "Qarmet" акционерлік қоғамының Болат департаменті |