Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1994 жылғы 9 ақпанда Алматыда жасалған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы клирингтік шоттар бойынша есеп айырысудың техникалық тәртібі туралы келісімнің күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Келісімнің күшін жою ниеті туралы Өзбекстан Республикасының Үкіметін заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |