Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы клирингтік шоттар бойынша есеп айырысудың техникалық тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 1076 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1994 жылғы 9 ақпанда Алматыда жасалған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы клирингтік шоттар бойынша есеп айырысудың техникалық тәртібі туралы келісімнің күші жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Келісімнің күшін жою ниеті туралы Өзбекстан Республикасының Үкіметін заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады