2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласы әуежайының ауданында Az Airlines авиакомпаниясы ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себебін тергеп-тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Ақтау қаласы әуежайының ауданында Эмбрайер 190 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себебін тергеп-тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия).
2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, ұшақтың құлау себебін жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, қайтыс болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Комиссия жетекшісі Қ.А. Бозымбаев ұшақтың құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себебін тергеп-тексеру нәтижесі қайтыс болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1103 қаулысына қосымша |
Ақтау қаласы әуежайының ауданында Эмбрайер 190 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себебін тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы
Бозымбаев | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші |
Қарабаев | - | Қазақстан Республикасының Көлік министрі, жетекшінің орынбасары |
Қоныспаев | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары |
Қилыбай | - |
Маңғыстау облысының әкімі |
Сүлейменов | - | Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуроры (келісу бойынша) |
Әділов | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Сарбасов | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі |
Тұрсынбаев | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Мұратов | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Томпиева | - | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы |