Az Airlines авиакомпаниясының Эмбрайер 190 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себебін тергеп-тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1103 қаулысы

      2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласы әуежайының ауданында Az Airlines авиакомпаниясы ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себебін тергеп-тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Ақтау қаласы әуежайының ауданында Эмбрайер 190 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себебін тергеп-тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия).

      2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, ұшақтың құлау себебін жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, қайтыс болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Комиссия жетекшісі Қ.А. Бозымбаев ұшақтың құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себебін тергеп-тексеру нәтижесі қайтыс болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1103 қаулысына
қосымша

Ақтау қаласы әуежайының ауданында Эмбрайер 190 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себебін тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы

Бозымбаев
Қанат Алдабергенұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

Қарабаев
Марат Кәрімжанұлы 

-

Қазақстан Республикасының Көлік министрі, жетекшінің орынбасары

Қоныспаев
Ермұхамбет Болатпекұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары

Қилыбай
Нұрдәулет Игілікұлы

-

Маңғыстау облысының әкімі
 

Сүлейменов
Тимур Қайырбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуроры (келісу бойынша)

Әділов
Санжар Әскенұлы

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Сарбасов
Ақмәди Әділұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі

Тұрсынбаев
Кеген Ахметұлы 

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

Мұратов
Тимур Мұратұлы 

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Томпиева
Салтанат Еркінқызы

-

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады