"2021 жылдың 1 қаңтарына қоршаған ортаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 1131 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2021 жылдың 1 қаңтарына қоршаған ортаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 187 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулы 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2021 жылдың 1 қаңтарына қоршаған ортаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-жолдарын, жылу электр орталығы бөлігінде реттік нөмірі 32-жолын, жылу электр орталығы бөлігінде реттік нөмірі 40-жолын қоспағанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 жылдың 1 қаңтарына қоршаған ортаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20

"Qarmet" акционерлік қоғамы

"Qarmet" акционерлік қоғамы Болат департаменті және жылу электр орталықтары

  ";

      реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

40

"Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы

Рудный алаңы және жылу электр орталығы

  ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2022 года № 187 "Об утверждении перечня пятидесяти объектов I категории, наиболее крупных по суммарным выбросам загрязняющих веществ в окружающую среду на 1 января 2021 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2024 года № 1131

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2022 года № 187 "Об утверждении перечня пятидесяти объектов I категории, наиболее крупных по суммарным выбросам загрязняющих веществ в окружающую среду на 1 января 2021 года" следующие изменения:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2025 года, за исключением строк, порядковые номера 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 и 20, строки, порядковый номер 32, в части теплоэлектроцентрали и строки, порядковый номер 40, в части теплоэлектроцентрали перечня пятидесяти объектов I категории, наиболее крупных по суммарным выбросам загрязняющих веществ в окружающую среду на 1 января 2021 года, которые вводятся в действие с 1 января 2031 года, и подлежит официальному опубликованию.";

      в перечне пятидесяти объектов I категории, наиболее крупных по суммарным выбросам загрязняющих веществ в окружающую среду на 1 января 2021 года, утвержденном указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 20, изложить в следующей редакции:

      "

20

Акционерное общество "Qarmet"

Стальной департамент акционерного общества "Qarmet" и теплоэлектроцентрали

      ";

      строку, порядковый номер 40, изложить в следующей редакции:

      "

40

Акционерное общество "Соколовско-Сарбайское горно-обогатительное производственное объединение"

Рудненская площадка и теплоэлектроцентраль

      ".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов