Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2021 жылдың 1 қаңтарына қоршаған ортаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 187 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулы 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2021 жылдың 1 қаңтарына қоршаған ортаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-жолдарын, жылу электр орталығы бөлігінде реттік нөмірі 32-жолын, жылу электр орталығы бөлігінде реттік нөмірі 40-жолын қоспағанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.";
көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 жылдың 1 қаңтарына қоршаған ортаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесінде:
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
20 | "Qarmet" акционерлік қоғамы | "Qarmet" акционерлік қоғамы Болат департаменті және жылу электр орталықтары |
"; |
реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
40 | "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы | Рудный алаңы және жылу электр орталығы |
". |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |