ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Халықаралық шарттарға сәйкес уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін кызметтерді сатып алу үшін бөлінген ақша қаражатының оңтайлы және тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1146 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
ТІЗБЕСІ
1. Қызметінің негізгі нысанасы "Байқоңыр" ғарыш айлағының ғарыштық инфрақұрылым объектілерінің базасында экологиялық қауіпсіз жаңа "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін (бұдан әрі – "Бәйтерек" Ғ3К) құру болып табылатын "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2004 жылғы 22 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" Ғ3К құру туралы келісімге сәйкес сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер:
1) "Бәйтерек" ҒЗК құрамында пайдалану болжанатын техникалық және старттық кешендердің жабдығына ревизия жүргізу, бөлшектелетін жабдықтың құрамын анықтау, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының көлемін анықтау;
2) "Бәйтерек" ҒЗК құрамында пайдалану болжанатын техникалық және старттық кешендердің құрылыс конструкциялары мен инженерлік-техникалық жүйелерін қарап тексеру;
3) "Бәйтерек" ҒЗК-ға техникалық жобаны әзірлеу, агрегаттардың, старттық және техникалық кешендер жүйелерін жаңаларын жасау және жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіру жөніндегі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға техникалық тапсырмалар беру, инвестицияларды негіздеу үшін бастапқы деректерді беру;
4) старттық және техникалық кешендердің, жердегі жабдық жинақтарының, тексеру аппаратурасы мен тасымалдау құралдарының жаңадан жасалатын және жетілдірілетін технологиялық агрегаттары мен жүйелеріне эскиздік жобалар мен конструкторлық құжаттама шығару;
5) техникалық тапсырмаларды, бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу, "Бәйтерек" ҒЗК құрамында пайдалану болжанатын старттық және техникалық кешендер жабдығының белгіленген көрсеткіштерін ұзарту жөнінде жұмыс жүргізу, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, қорытындылар беру;
6) "Бәйтерек" ҒЗК жұмыстарында пайдаланылмайтын жабдықты бөлшектеу;
7) кешеннің құрылыс бөлігіне бастапқы деректерді беру, старттық және техникалық кешендерді реконструкциялауға арналған инвестициялардың негіздемесін әзірлеу;
8) жобаның жұмыс құжаттамасының негізінде іздестіру жұмыстарын жүргізу;
9) старттық және техникалық кешендерді реконструкциялау жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған жұмыс жобасын әзірлеу;
10) жетілдірілетін және жаңадан енгізілетін технологиялық агрегаттар мен жүйелердің, жердегі жабдық жинақтарының, тексеру аппаратурасының және тасымалдау құралдарының жабдығын жасау әрі жеткізу;
11) технологиялық агрегаттар мен жүйелерге, жердегі жабдық жинақтарына, тексеру аппаратурасы мен тасымалдау құралдарына арналған пайдалану құжаттамасын және кешенді құжаттаманы шығару;
12) технологиялық жабдықты жасау және жеткізу;
13) құрылыс жұмыстарын жүргізу, старттық және техникалық кешендерде арнайы техникалық жүйелерді монтаждау;
14) технологиялық жабдықты, жердегі жабдық жинақтарының тексеру аппаратурасын монтаждау;
15) іске қосу-жөндеу жұмыстарын, старттық және техникалық кешендердің жүйелері мен агрегаттарын дербес және кешенді сынауды жүргізу;
16) "Бәйтерек" ҒЗК үшін қазіргі "Байқоңыр" кешеніндегі байланыс және телекоммуникациялық қамтамасыз ету жүйесін жете жарақтандыру;
17) "Бәйтерек" ҒЗК өлшеу, ақпарат жинау және өңдеу құралдарының кешенін құру;
18) темір жолдарды реконструкциялау;
19) оттегі-азот зауытын және зымыран отынының компоненттерін сақтау кешенін реконструкциялау;
20) 11Г141 және 11Г12 май құю-бейтараптандыру станцияларын реконструкциялау;
21) бағдарламалық-әдістемелік және кешенді пайдалану құжаттамасын әзірлеу;
22) "Бәйтерек" ҒЗК-ны құру мен пайдалану кезінде "Бәйтерек" ҒЗК-ның ұшу трассалары мен зымыран тасымалдағыштан бөлінетін бөліктердің құлайтын аудандардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
23) регламенттік жұмыстарды, техникалық және старттық кешендер жабдығын, өлшеу, ақпарат жинау және өңдеу құралдарының кешенін, екпіндеткіш блокты жерден басқару кешенін және "Бәйтерек" ҒЗК инфрақұрылымының басқа да объектілерін ұстау және ағымдағы пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
24) ғарыштық мақсаттағы зымыранмен жұмыстарға технологиялық жабдық дайындау;
25) техникалық және старттық кешендегі ғарыштық мақсаттағы зымыранды құрастыру және сынау жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету;
26) зымыран отынының компоненттерін сатып алу және тасымалдау;
27) іске қосқаннан кейінгі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары;
28) "Бәйтерек" ҒЗК-ның құрылыс ғимараттарының, техникалық және технологиялық жабдықтарының белгіленген көрсеткіштері мен ресурсын ұзарту жұмыстарын жүргізу.
2. Қызметінің негізгі нысанасы 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) шеңберінде табиғи газды сатып алу оның маркетингі, тасымалдау және кайта өңдеу болып табылатын бірлескен кәсіпорын "ҚазРесейГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Келісімге сәйкес сатып алатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер:
1) Қарашығанақ кен орнының табиғи газы;
2) Қазақстан Республикасында тұтынуға арналған газ көлемін қоса алғанда, Ресей Федерациясының газ өңдеу зауыттарында Қарашығанақ кен орнының табиғи газын тасымалдау және өңдеу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
3) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын айырбастау операцияларының шеңберінде басым қамтамасыз ету мақсатында басқа көздерден алынатын табиғи газ және оны тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер.
3. Қазақстан-Қытай мұнай құбырының екінші кезеңін пайдалануға беру мақсатында жүзеге асырылатын Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл - Атасу - Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесі (бұдан әрі – Атырау - Алашанькоу мұнай құбыры) мен олардың объектілерін реконструкциялау және салу үшін "Қазақстан-Қытай Құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамы 2007 жылғы 18 тамызда жасалған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға сәйкес қызметтің негізгі нысанасы бойынша сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:
1) жобалық-зерттеу жұмыстарын, авторлық қадағалауды, жобалық жұмыстардың сараптамасын қоса алғанда, нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік сараптамалардан өткен жобалық-сметалық құжаттамада көзделген көлемде және мөлшерде Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл – Атасу - Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесін салу және реконструкциялау үшін қажетті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:
құбыр өнімі;
тиекті арматура;
сорғы жабдығы мен агрегаттары;
ыстықтан кішірейетін манжеттер және оқшауландырғыш материалдар;
дәнекерлеу материалдары мен жабдығы;
тазалау қондырғыларын іске қосу және қабылдау камералары;
темір-бетон бұйымдары;
металл илегі және металл конструкциялары;
электр сымдары;
жылжымалы және тұрақты дизельді электр станциялары;
катодтық қорғау станциялары;
бақылау, басқару және деректер жинау жүйесінің жабдығы;
технологиялық жабдыққа арналған блок-бокстар;
талшықты-оптикалық кабель;
байланыс жабдығы;
периметральды қорғау жүйесінің жабдығы;
өртке қарсы сигнализация және өрт сөндіру жүйесінің жабдығы;
күш және бақылау кабельдері;
мұнайдың мөлшері мен сапасын коммерциялық есепке алу тораптары;
автоматтандырылған сынама алғыштар;
жоғары вольтты жабық және ашық таратушы қондырғыларға арналған электр жабдығы;
электр трансформаторлары;
қысым реттегіштер;
технологиялық фильтрлер;
арнайы қорғаныш киім мен аяқ киім;
жанар-жағармай материалдары;
АҚП-ға арналған арнайы машиналар, автокөлік техникасы;
магистральдық мұнай құбыры объектілерін, жоғары вольтты желілерді, жолдарды, мұнай айдау станцияларын, сыртқы электрмен жабдықтауды және сумен жабдықтауды, технологиялық байланыс жүйесін, мұнай құбырын бақылау, басқару және деректер жинау жүйесін салу;
3) жобалауды, тауарларды (материалдар мен жабдықтарды) жеткізуді және мұнай құбыры объектілерін салуды басқару және қадағалау;
4) Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл - Атасу – Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесін салуға және пайдалануға беруге байланысты консультациялық, оның ішінде заңгерлік және қаржылық көрсетілетін қызметтер.
4. Қызметінің нысанасы топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекараны шегендеу мен бірлесіп тексеруді (қайта шегендеуді) жүргізу үшін қажетті Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңістіктік деректер қорын жүргізу болып табылатын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 2017 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді, 2022 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты, 2002 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекетішілік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманы және 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартты іске асыру мақсатында сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:
1) шекара белгілері (бағаналар) орнатылатын жерлерді шолып байқау;
2) шекара белгілерінің (бағаналардың) координаталарын спутник арқылы анықтау;
3) триангуляция пункттерін қарап тексеру;
4) далалық дешифрлеу және шегендеу карталар жасау, шекара белгілерінің (бағаналарды) және Мемлекеттік шекара сызығын салу;
5) гидрографиялық жұмыстар;
6) Мемлекеттік шекара сызығын шегендеу және белгіленуін және (немесе) кайта шегенделуін бірлесіп тексеру бойынша құжаттарды (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара сызығының өтуін сипаттау жобалары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының карталары, шекара белгілерінің (бағаналардың) координаталары мен биіктіктерінің каталогтары, шекаралық белгілері (бағаналары) хаттамалары, шекара белгілерін (бағаналарды) өзара орналастыру схемалары, аралдардың тиесілік және жоғалған аралдардың кестелері) дайындау және басып шығару.
5. 2013 жылғы 24 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес қызметінің негізгі түрлерінің бірі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін қаруды, әскери техниканы, оқ-дәріні, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдарды, өнімдерді, жабдықты және қосарлы мақсаттағы тиісті технологияларды импорттау болып табылатын Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып алатын әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:
1) құрлық әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
2) әскери-әуе күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
3) әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
4) оқ-дәрі, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері.
6. "1992 жылғы 15 мамырдағы ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2000 жылғы 20 маусымда жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге сәйкес кызметінің негізгі түрлерінің бірі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін қаруды, әскери техниканы, оқ-дәріні, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдарды, өнімдерді, жабдықты және қосарлы мақсаттағы тиісті технологияларды импорттау болып табылатын Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып алатын әскери мақсаттағы өнім:
1) құрлық әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
2) әскери-әуе күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
3) әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
4) оқ-дәрі, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері.
7. "ЮНЕСКО аясындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы (2-санат)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - орталық), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - акционерлік қоғам) 2012 жылғы 29 мамырда Астанада жасалған, "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында ЮНЕСКО аясында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын (2-санат) құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімге сәйкес қызметінің негізгі нысанасы бойынша сатып алатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер:
1) акционерлік қоғам мен орталықтың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер: арнайы киім, шығыс материалдары, жанар-жағармай материалдары, стационарларды қамтамасыз етуге арналған отын мен көмір, жету қиын биік таулы жерлерде жұмыс істеуге арналған экспедициялық және арнайы керек-жарақтар;
2) ұйымдастыру техникасы, компьютерлер, өлшеу аспаптары, метеорологиялық жабдық пен аспаптар, зертханалық жабдық, пилотсыз ұшу аппараттары (дрон), экспедициялық зерттеулерге қызмет көрсетуге арналған арнайы машиналар мен жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік техникасы;
3) техникалық қолдауымен ArcGIS (ESRI) үстелдік және серверлік бағдарламалары;
4) серверлік бағдарламалық қамтылымды өрістетуге арналған серверлер;
5) талшықты-оптикалық кәбілді, байланыс жабдығын орнату, әкімшілік ғимарат пен ғылыми стационарлар үшін құрылымдалған кәбілдік желіні монтаждау жөніндегі көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар;
6) Орталық Азия өңірінің биік таулы аудандарында Орталықтың зерттеу бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында үй-жайларды, жабдықтарды, техниканы, автокөлік құралдарын жалға алу;
7) әкімшілік ғимараттың және ғылыми стационарлардың қызметтік үй-жайларын офистік жиһазбен, жабдықпен, аспаптармен және шығыс материалдарымен жарақтандыру, үй-жайларды, өлшеу аспаптарын/жабдықтарды және автокөлік техникасын жөндеуге жұмсалатын пайдалану шығыстары;
8) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу: ғылыми мақалаларды жариялау, жинақтарды, монографияларды, атластарды, мерзімді журналдарды басып шығару, патенттеу және талдамалық материалдарды сатып алу;
9) дүлей табиғи қауіпке: Қазақстан Республикасының аумағындағы сел, көшкін, су тасқыны және басқа да төтенше гидрометеорологиялық құбылыстар қаупіне, су және экологиялық қауіпсіздігіне байланысты ғылыми-қолданбалы жұмыстар;
10) орталықтың әкімшілік ғимаратын және ғылыми стационарларды салу үшін қажетті тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер.
8. Қызметінің негізгі түрлерінің бірі босатылатын әскери-техникалық құралдарды, оның ішінде құрамында радио- активті компоненттер бар оқ-дәріні жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және кайта өңдеу болып табылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1993 жылғы 13 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге (бұдан әрі - Келісім) сәйкес:
1) ядролық зерттеу реакторларын конверсиялау жөніндегі жұмыстар шеңберінде заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік сараптамалардан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көзделген көлемде және мөлшерде объектілердің элементтері мен жүйелерін:
атқарушы, өлшейтін және логикалық кіші жүйелерді жаңғыртуды қоса алғанда, реакторларды автоматты басқару және қорғау жүйелерін;
реакторларды салқындату, эксперименттік құрылғыларды салқындату жүйелерін, параметрлерді технологиялық бақылау жүйелерін;
реакторлық кешендердің радиациялық қауіпсіздік және дозиметрлік бақылау жүйелерін;
реакторлық кешендердің көлік-технологиялық жүйелерін және жүк көтергіш жабдығын;
реакторлық кешендердің қалдықтар қоймасының, радиациялық-қорғау камерасының, аралық сақтау қоймаларының құрылысын жобалау, салу, реконструкциялау, жаңғырту үшін;
2) ядролық зерттеу реакторларының жоғары байытылған ядролық отынын шығарылған еліне қайтару, кайта өңдеу және кәдеге жарату міндеттерін іске асыру үшін сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер.
9. 2019 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-2" типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге мыналар жатады:
1) жергілікті атқарушы органдар мен шаруашылық ілетін басшыларын тасымалдағыш зымыранның алдағы ұшырылуы туралы құлақтандыру;
2) тасымалдағыш зымыранды ұшыру алдында құлау ауданын шолып байқау және тасымалдағыш зымыранды ұшыру жүргізілетін кезеңде құлау ауданын уақытша жабу;
3) тасымалдағыш зымыранды ұшыру жүзеге асырылған соң тұрғындарды (бар болса) құлау ауданынан эвакуациялау және оларды қайтару;
4) тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктерінің фрагменттерін іздеу;
5) табылған сұйықтықты зымыран қозғалтқыштарын (немесе олардың фрагменттерін) және тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктерінен құрамында бағалы металдары бар бұйымдарды (немесе олардың фрагменттерін) ұшыруды жүргізетін ұйымға қайтару;
6) жануарлар дүниесіне және өсімдік жабынына әсерді төмендету мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптары мен нормативтерін сақтау;
7) тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктері жерге түскен кезде өрт туындаған жағдайда даладағы өртті барынша тез жою;
8) тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктерінің фрагменттерінен құлау ауданын уақтылы тазалау (бөлінетін бөліктер сорға құлаған кезде оларды құлау ауданынан қыс мезгілінде эвакуациялауға жол беріледі);
9) тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктері құлаған жерлерде ластанған учаскелерді детоксикациялау (қажет болған кезде) және бүлінген топырақ жабынын техникалық рекультивациялау (тегістеу);
10) "Байқоңыр" ғарыш айлағының позициялық ауданының қоршаған ортасының жай-күйіне тасымалдағыш зымырандарды дайындау мен ұшырудың әсерін бағалау;
11) құлау ауданында және шектес аумақта орналасқан елді мекендердің қоршаған ортасының жай-күйіне тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктерінің құлауының әсерін бағалау;
12) құлау ауданында және шектес аумақта флора мен фаунаның жай-күйін жыл сайын мониторингтеу;
13) бес жылда бір рет немесе құлау ауданын пайдалану мерзімі аяқталған соң құлау ауданы мен шектес аумақтың қоршаған ортасының жай-күйіне тасымалдағыш зымырандарды ұшырудың әсерін кешенді бағалау.
10. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндеттемелеріне байланысты мәселелер бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығымен және Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелерімен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға сәйкес сатып алынатын көрсетілетін қызметтерге саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және техникалық регламенттер, стандарттар мен өнімнің сәйкестігін растау рәсімдері бойынша ақпарат беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер жатады.
11. 1958 жылғы 20 наурызда Женевада жасалған Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалар негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара тану шарттары туралы келісімге және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) 43-тармағына сәйкес сатып алынатын көрсетілетін қызметке көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі көрсетілетін қызмет жатады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1146 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің ТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 738 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 387 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 791 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 559 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағының 1) тармақшасы.
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысы.
8. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 566 қаулысы.
9. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 ақпандағы №77 қаулысы.
10. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 788 қаулысы.