"Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 332 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1156 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 332 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау беру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1156 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 20 мамырдағы
№ 332 қаулысымен
бекітілген

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік қаржылай қолдау – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатудан түскен пайдасы жеткіліксіз болғандықтан, оның жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан қолдау;

      2) резервтік қор – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнаулы банк шотында сақталады және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері тарапынан төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;

      3) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – уәкілетті орган айқындайтын, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен электр энергиясының жоспарлы көлемін орталықтандырылған сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға.

2-тарау. Мемлекеттік қаржылай қолдау тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен мемлекеттік қаржылай қолдау электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы міндеттемелерін жабуға резервтік қорға ақша қаражатын жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      4. Егер резервтік қордағы ақша қаражаты және электр энергиясын сатудан түскен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының табысы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындауы үшін жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетеді.

      Бұл ретте электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мемлекеттік қаржылай қолдау үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде уәкілетті органға жүгінеді.

      5. Бюджеттік өтінімді, есеп-қисаптарды, негіздемелерді, әлеуметтік-экономикалық әсерді және бюджеттік жоспарлаудың басқа да талап етілетін құжаттарын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіппен қалыптастырады және ұсынады.

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі көрсетілген бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің уәкілетті органның даму жоспарының нысаналы индикаторларымен, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен өзара байланысын қамтамасыз етеді.

      6. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны мемлекеттік қаржылай қолдау мына жағдайлар бір мезгілде орын алғанда ғана жүзеге асырылады:

      1) өткен жылы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы міндеттемелерінің ең жоғары үш айлық мәнінен кем болмайтын мөлшерде нақты қалыптасқан мерзімі өткен берешек;

      2) ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешекті жабу үшін резервтік қорда ақша қаражатының болмауы, оның осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес құжаттармен және мәліметтермен расталуы;

      3) сот шешімін орындау бойынша "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген барлық қажетті және толық шаралар қабылданғаннан кейін электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің атқарушылық іс жүргізу қозғалған күннен бастап 6 (алты) айдан асқан мерзімде берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін (шешімдерін) орындауының мүмкін болмауы.

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша орындау тоқтатып қойылған, кейінге қалдырылған не мерзімі ұзартылған атқарушылық құжаттарды орындау уақыты атқарушылық іс жүргізу мерзіміне кірмейді.

      7. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мемлекеттік қаржылай қолдау алу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қажетті мемлекеттік қаржылай қолдау сомасы негізделген өтінішті және ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы міндеттемелерге ақы төлеу үшін ақшалай қаражаттың жоқ екенін растайтын мынадай құжаттарды:

      1) электр энергиясының көтерме нарығы субъектілері тарапынан олар жеткізген электр энергиясы үшін ақы төленбеген немесе төлеу кешіктірілген электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сату шарттарының көшірмелерін;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарттар бойынша көлемдерді, шот-фактураларды салыстыру актілерінің көшірмелерін;

      3) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік қаржылай қолдау алу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне өтініш берген күнге дейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарттар бойынша электр энергиясын сату жөніндегі өзара есеп-қисаптарды салыстыру актілерін;

      4) мемлекеттік қаржылай қолдау алу үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы бюджеттік бағдарлама әкімшісіне өтініш берген күнге дейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарттар бойынша дебиторлық берешектің толық жазылуын;

      5) мемлекеттік қаржылай қолдау алу үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы бюджеттік бағдарлама әкімшісіне өтініш берген күнге дейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шоттарының жай-күйін көрсететін банктік үзінді көшірмелерді;

      6) берешекті өндіріп алу туралы сот шешімдерін, сондай-ақ электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін (шешімдерін) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде орындауының мүмкін еместігін растайтын атқарушылық құжаттарды жібереді.

      8. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мемлекеттік қаржылай қолдау алу үшін осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген негіздеуші материалдарды ұсыну жолымен бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынылатын құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өтінішті және ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап оларды 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды толық көлемде ұсынбаса, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен және (немесе) дәйексіз мәліметтері бар құжаттарды ұсынатын болса, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға бас тарту себептері көрсетілген дәлелді бас тартуды жібереді. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы дәлелді бас тартуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттарды жібереді және (немесе) ұсынылатын құжаттар мен мәліметтерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру мақсатында бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ескертулерін жояды.

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қайта ұсынылған өтінішті ол түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен келіспеген жағдайда электр энергиясын бірыңғай сатып алушы оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шағым жасайды.

      10. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан алынған құжаттар мен мәліметтер негізінде:

      1) мемлекеттік қаржылай қолдаудың мөлшерін айқындайды;

      2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік қаржылай қолдауды төлеу жөніндегі шығыстарды тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімге қосады;

      3) бөлінетін мемлекеттік қаржылай қолдау көлемі туралы құжаттар мен мәліметтерді электрондық құжат айналымы арқылы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының назарына жеткізеді.

      11. Заңның 7-1-бабының 5-тармағына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізеді және ол бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде оның нәтижелерін уәкілетті органға ұсынады.

      12. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы алған мемлекеттік қаржылай қолдау электр энергиясын бірыңғай сатып алушының резервтік қорының арнайы шотына есепке жазылады және ЖЭК пайдаланатын объектілер өндіріп, электр энергиясының көтерме нарығы субъектілеріне жеткізілген электр энергиясы үшін олардың ақы төлеуінің мүмкін болмауы салдарынан ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдында туындайтын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының берешегін жабуға ғана пайдаланылады.

      13. Мемлекеттік қаржылай қолдау нәтижесінде алынған және электр энергиясын бірыңғай сатып алушы ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы міндеттемелерді жабуға пайдаланған ақша қаражаты осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес есепке жазылады және резервтік қордың мөлшерін есептеген кезде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығымен бекітілген Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14210 болып тіркелген) ескеріледі.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2021 года № 332 "Об утверждении Правил предоставления государственной финансовой поддержки расчетно-финансовому центру по поддержке возобновляемых источников энергии"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2024 года № 1156

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2021 года № 332 "Об утверждении Правил предоставления государственной финансовой поддержки расчетно-финансовому центру по поддержке возобновляемых источников энергии" следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил предоставления государственной финансовой поддержки единому закупщику электрической энергии";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 8-2) статьи 5 Закона Республики Казахстан "О поддержке использования возобновляемых источников энергии" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления государственной финансовой поддержки единому закупщику электрической энергии.";

      Правила предоставления государственной финансовой поддержки расчетно-финансовому центру по поддержке возобновляемых источников энергии, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 31 декабря 2024 года № 1156

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 20 мая 2021 года № 332

Правила предоставления государственной финансовой поддержки единому закупщику электрической энергии

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила предоставления государственной финансовой поддержки единому закупщику электрической энергии (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 8-2) статьи 5 Закона Республики Казахстан "О поддержке использования возобновляемых источников энергии" (далее – Закон) и определяют порядок предоставления Правительством Республики Казахстан государственной финансовой поддержки единому закупщику электрической энергии.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) государственная финансовая поддержка – поддержка со стороны Правительства Республики Казахстан в случае невозможности выполнения единым закупщиком электрической энергии обязательств перед энергопроизводящими организациями, использующими возобновляемые источники энергии, вследствие недостаточности его доходов от продажи электроэнергии;

      2) резервный фонд – фонд, формируемый единым закупщиком электрической энергии, деньги которого хранятся на специальном банковском счете и используются только на покрытие кассовых разрывов и задолженности единого закупщика электрической энергии перед энергопроизводящими организациями, использующими возобновляемые источники энергии, возникающих вследствие неоплаты или задержки оплаты со стороны субъектов оптового рынка электрической энергии;

      3) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области поддержки использования возобновляемых источников энергии;

      4) единый закупщик электрической энергии – юридическое лицо со стопроцентным участием государства, определяемое уполномоченным органом, осуществляющее централизованную покупку и продажу плановых объемов электрической энергии в порядке, предусмотренном Законом Республики Казахстан "Об электроэнергетике".

Глава 2. Порядок предоставления государственной финансовой поддержки

      3. Государственная финансовая поддержка из республиканского бюджета Республики Казахстан осуществляется путем направления денежных средств в резервный фонд на покрытие единым закупщиком электрической энергии обязательств перед энергопроизводящими организациями, использующими возобновляемые источники энергии (далее – ВИЭ).

      4. Если денежных средств в резервном фонде и доходов единого закупщика электрической энергии от продажи электрической энергии недостаточно для выполнения единым закупщиком электрической энергии финансовых обязательств перед энергопроизводящими организациями, использующими ВИЭ, Правительством Республики Казахстан оказывается государственная финансовая поддержка единому закупщику электрической энергии.

      При этом единый закупщик электрической энергии обращается в уполномоченный орган как к администратору бюджетной программы за государственной финансовой поддержкой.

      5. Бюджетная заявка, расчеты, обоснования, социально-экономический эффект и другие требуемые документы бюджетного планирования формируются и представляются администратором бюджетной программы в порядке, предусмотренном бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      Администратор бюджетной программы обеспечивает взаимосвязь показателей указанной бюджетной программы с целевыми индикаторами плана развития уполномоченного органа, а также документами Системы государственного планирования, утвержденными в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2017 года № 790 "Об утверждении Системы государственного планирования в Республике Казахстан".

      6. Государственная финансовая поддержка единому закупщику электрической энергии осуществляется только при одновременном наступлении следующих случаев:

      1) фактически сложившаяся просроченная задолженность в размере не менее максимального трехмесячного значения обязательств единого закупщика электрической энергии за предыдущий год перед энергопроизводящими организациями, использующими ВИЭ;

      2) отсутствие денежных средств в резервном фонде для покрытия задолженности перед энергопроизводящими организациями, использующими ВИЭ, подтвержденное документами и сведениями согласно пункту 7 настоящих Правил;

      3) невозможность исполнения субъектами оптового рынка электрической энергии судебного (-ых) решения (-ий) о взыскании задолженности в срок более 6 (шесть) месяцев со дня возбуждения исполнительного производства, после того как были предприняты все необходимые и исчерпывающие меры по исполнению судебного решения, предусмотренные Законом Республики Казахстан "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей".

      В срок исполнительного производства не включается время, в течение которого исполнение исполнительных документов было приостановлено, отсрочено либо рассрочено по основаниям, предусмотренным Законом Республики Казахстан "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей".

      7. Единый закупщик электрической энергии для получения государственной финансовой поддержки направляет администратору бюджетной программы обращение с обоснованием суммы необходимой государственной финансовой поддержки и следующие документы, подтверждающие отсутствие денежных средств для оплаты обязательств перед энергопроизводящими организациями, использующими ВИЭ:

      1) копии договоров продажи единым закупщиком электрической энергии, по которым возникла неоплата или задержка оплаты со стороны субъектов оптового рынка электрической энергии за поставленную им электрическую энергию;

      2) копии актов сверок объемов, счетов-фактур по договорам, указанным в подпункте 1) настоящего пункта;

      3) акты сверок взаимных расчетов по продаже электрической энергии по договорам, указанным в подпункте 1) настоящего пункта, на дату не ранее 3 (три) рабочих дней до дня подачи обращения единым закупщиком электрической энергии к администратору бюджетной программы для получения государственной финансовой поддержки за текущий финансовый год;

      4) расшифровки дебиторской задолженности по договорам, указанным в подпункте 1) настоящего пункта, на дату не ранее 3 (три) рабочих дней до дня подачи обращения единого закупщика электрической энергии к администратору бюджетной программы для получения государственной финансовой поддержки;

      5) банковские выписки, отражающие состояние счетов единого закупщика электрической энергии на дату не ранее 2 (два) рабочих дней до дня подачи обращения единого закупщика электрической энергии к администратору бюджетной программы для получения государственной финансовой поддержки;

      6) судебные решения о взыскании задолженности, а также исполнительные документы, подтверждающие невозможность исполнения субъектами оптового рынка электрической энергии судебного (-ых) решения (-ий) о взыскании задолженности в срок, указанный в подпункте 3) пункта 6 настоящих Правил.

      8. Единый закупщик электрической энергии обеспечивает правильность, достоверность документов и сведений, представляемых администратору бюджетной программы, путем предоставления обосновывающих материалов, указанных в пункте 7 настоящих Правил, для получения государственной финансовой поддержки.

      9. Администратор бюджетной программы рассматривает обращение и представленные документы в срок не более 10 (десять) рабочих дней с момента их получения. При непредставлении единым закупщиком электрической энергии документов, предусмотренных пунктом 7 настоящих Правил, в полном объеме, а также представлении документов с истекшим сроком действия и (или) содержащих недостоверные сведения администратор бюджетной программы в течение 5 (пять) рабочих дней со дня их поступления направляет единому закупщику электрической энергии мотивированный отказ с указанием причин отказа. Единый закупщик электрической энергии в течение 5 (пять) рабочих дней с даты получения мотивированного отказа направляет недостающие документы и (или) устраняет замечания администратора бюджетной программы в целях приведения представляемых документов и сведений в соответствие с требованиями настоящих Правил.

      Администратор бюджетной программы рассматривает представленное повторное обращение в срок не более 5 (пять) рабочих дней с момента его поступления.

      При несогласии с решением администратора бюджетной программы оно обжалуется единым закупщиком электрической энергии в порядке, предусмотренном Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.

      10. Администратор бюджетной программы на основании полученных документов и сведений от единого закупщика электрической энергии:

      1) определяет размер государственной финансовой поддержки;

      2) включает расходы по выплате государственной финансовой поддержки в бюджетную заявку на соответствующий финансовый год в порядке, предусмотренном бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      3) посредством электронного документооборота доводит до единого закупщика электрической энергии документы и сведения об объемах выделяемой государственной финансовой поддержки.

      11. Единый закупщик электрической энергии согласно пункту 5 статьи 7-1 Закона проводит аудит годовой финансовой отчетности в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об аудиторской деятельности" и в месячный срок после его утверждения представляет его результаты уполномоченному органу.

      12. Государственная финансовая поддержка, полученная единым закупщиком электрической энергии, зачисляется на специальный счет резервного фонда единого закупщика электрической энергии и используется только на покрытие задолженности единым закупщиком электрической энергии перед энергопроизводящими организациями, использующими ВИЭ, возникающей вследствие невозможности оплаты со стороны субъектов оптового рынка электрической энергии за поставленную им электроэнергию, произведенную объектами по использованию ВИЭ.

      13. Денежные средства, полученные в результате государственной финансовой поддержки и использованные единым закупщиком электрической энергии на покрытие обязательств перед энергопроизводящими организациями, использующими ВИЭ, зачисляются в соответствии с пунктом 12 настоящих Правил и учитываются при расчете размера резервного фонда в соответствии с Правилами формирования и использования резервного фонда, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 361 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14210).