Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қыркүйекте № 14210 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 377) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы


Энергетика министрінің


міндетін атқарушы

М. Мырзағалиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрiнің

      міндетін атқарушы

      М. Құсайынов _____________

      2016 жылғы 1 тамыз


  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  міндетін атқарушының
  2016 жылғы 29 шілдедегі
  № 361 бұйрығымен
  бекітілген

Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 377) тармақшасына сәйкес әзірленді және резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) болжамды жыл – шығындарды есептеу жүргізілетін күнтізбелік жыл;

      2) кассалық алшақтық – шартты тұтынушылар тарапынан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және өздері жеткізіп берген электр энергиясы үшін ақысы төленбеуі немесе уақтылы төленбеуі салдарынан туындаған ақшалардың уақытша жетіспеушілігі;

      3) резервтік қор – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнайы банктік шотта сақталады және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері өндірген электр энергиясы берілгені үшін төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;

      4) резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы резервтік қорды қалыптастыруға жұмсайтын нақты және/немесе болжамды шығындары.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар, "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Резервтік қорды қалыптастыру тәртібі

      3. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы резервтік қорды Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банкінде осы мақсаттар үшін арнайы құрылатын банктік шотқа ақша аудару жолымен қалыптастырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Резервтік қор Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.

      5. Резервтік қордың электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын жылдық шығындары көлемінің үш пайызын құрауға тиіс.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларының (бұдан әрі – ЖЭК-ті қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары) 4-тармағына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар мен уәкілетті орган беретін ақпарат негізінде жыл сайын 30 желтоқсанға дейін:

      1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерінен өндіретін электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындарды болжамды жылға есептеуді;

      2) болжамды жылға резервтік қор қалыптастыруға жұмсалатын шығындар есебін мынадай формула бойынша есептеуді:

      ЗРҚ = Зтірк х З% – ЗРҚ.ПП, мұнда

      ЗРҚ – болжамды жылдың резервтік қорын қалыптастыруға жұмсалатын шығындар;

      ЗРФ.ПП – болжамды жылдың басында резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар;

      Зфикс – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы ЖЭК-ті қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес анықталатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын жылдық шығындары;

      3% – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын жылдық шығындары көлемінен резервтік қордың көлемі;

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындарды электр энергиясын бірыңғай сатып алушының ЖЭК-ті қолдауға арналған шығындарды айқындау қағидаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру мен және жұмыс істеу Қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) жаңартылатын энергия көздерін қолдау тарифінде есепке алады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар есеп айырысу деректерінің өзгеруіне қарай ай сайын түзетуге жатады.

      9. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезеңі (күнтізбелік ай) үшін резервтік қорды қалыптастыруға жұмсайтын, мынадай формула бойынша айқындалатын нақты шығындары:



      SЖЭК – жыл басынан бастап ағымдағы есептік айға дейін (күнтізбелік айды) қоса алғанда жаңартылатын көздерді пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шығындары;


– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өткен жылы жаңартылатын көздерді пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсаған жылдық шығындары;

      ФЖЭК – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 болып тіркелген) сәйкес жыл басынан бастап тиісті есептік кезеңге (күнтізбелік айды) қоса алғандағы талап етілген қаржылық қамтамасыз ету.


– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өткен айдағы резервтік қорды қалыптастыруға жұмсаған шығындары.

– теріс сан болған кезде электр энергиясын бірыңғай сатып алушы есептік кезеңге (күнтізбелік айға) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған шығындар есебінде резервтік қорды қалыптастыруға арналған шығындарды есепке алмайды.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген есеп айырысу деректері негізінде жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған шығындарды есептеу кезінде резервтік қорды қалыптастыру шығындарына ай сайын есеп жүргізеді.

      Бұл ретте есепті жылда жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерден электр энергиясын сатып алуға жұмсалған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жылдық шығындарының үш процентіне дейінгі сомманы резервтік қорға толықтыру Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі арнайы банк шотына күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жылына бір рет корпоративтік табыс көзін есептемегенде есепті жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Резервтік қорды пайдалану тәртібі

      12. Резервтік қордың ақшасын электр энергиясын бірыңғай сатып алушы тек қана кассалық алшақтықтарды және электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы, электрэнергиясының көтерме нарығы субъектілері тарапынан төлем жүргізілмеуі немесе кешіктірілуі салдарынан туындаған берешегін өтеуге жұмсайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы электр энергиясының көтерме нарығы субъектілері үшін Заңда белгіленген төлем жүргізу мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын кассалық алшақтық шамасын анықтайды және резервтік қордың ақшасын аталған кассалық алшақтықты жабу үшін пайдаланады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Резервтік қордың электр энергиясын бірыңғай сатып алушы кассалық алшақтықты жабу үшін пайдаланған ақшалай қаражаттар қайтарылады және энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерінен келіп түскен ақшалай қаражат есебінен резервтік қордың арнайы банктік шотына есепке алынады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылдық қаржылық есептемеге аудит жүргізуге және оны уәкілетті органға ұсынуға тиіс.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады