Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйымды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 665 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны цифрлық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйым болып айқындалсын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | О. Бектенов |