Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "1996 жылғы 16 қаңтардағы (Күн Хижрасы бойынша 1374 жылғы 26 дей) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға қосарланған салық салуды жою және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 865 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Абайұлы Шаққалиевқа 1996 жылғы 16 қаңтардағы (Күн Хижрасы бойынша 1374 жылғы 26 дей) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға қосарланған салық салуды жою және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | О. Бектенов |