Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларын және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидалары бекітілсін.";
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Қоса беріліп отырған "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын дайындау, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Бағалаудың жиынтық кестесі ____________________________________________ (заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы)
Өлшемшарттар және өлшемшарттардың құрамдас бөліктері | Баллмен берілген ең жоғары баға | Өзін-өзі баллмен бағалау | Балл түріндегі бағалар | ||
Өңірдегі сарапта- малық топ | Конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы | Кәсіпорындарға бару қорытындылары бойынша | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Мүмкіндіктерді сипаттайтын өлшемшарттар (1-5) | 500 | ||||
1. Көшбасшылық | 100 | ||||
2. Стратегия | 100 | ||||
3. Персонал | 100 | ||||
4. Әріптестік және ресурстар | 100 | ||||
5. Процестер, өнімдер және көрсетілетін қызметтер | 100 | ||||
Нәтижелерді сипаттайтын өлшемшарттар (6-9) | 500 | ||||
6. Тұтынушы үшін нәтижелер | 150 | ||||
7. Персонал үшін нәтиже | 100 | ||||
8. Қоғам үшін нәтиже | 100 | ||||
9. Бизнес үшін нәтиже | 150 | ||||
10. Барлық өлшемшарттар бойынша баллдардың жалпы саны | 1000 | ||||
Жиыны: |
Тұжырымдар:_____________________________________
Ұсыныстар:_____________________________ ______ жылғы "___" ___________
Т.А.Ә. ________________________________________________
(сараптамалық топ төрағасының қолы)