"Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 наурыздағы № 117 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларын және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидалары бекітілсін.";

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Қоса беріліп отырған "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын дайындау, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 4 наурыздағы
№ 117 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Президентінің "Алтын сапа"
сыйлығын алуға арналған
конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну
және алдын ала бағалау
қағидаларына
5-қосымша

Бағалаудың жиынтық кестесі ____________________________________________ (заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы)

Өлшемшарттар және өлшемшарттардың құрамдас бөліктері

Баллмен берілген ең жоғары баға

Өзін-өзі баллмен бағалау

Балл түріндегі бағалар

Өңірдегі сарапта- малық топ

Конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы

Кәсіпорындарға бару қорытындылары бойынша

1

2

3

4

5

6

Мүмкіндіктерді сипаттайтын өлшемшарттар (1-5)

500





1. Көшбасшылық

100





2. Стратегия

100





3. Персонал

100





4. Әріптестік және ресурстар

100





5. Процестер, өнімдер және көрсетілетін қызметтер

100





Нәтижелерді сипаттайтын өлшемшарттар (6-9)

500





6. Тұтынушы үшін нәтижелер

150





7. Персонал үшін нәтиже

100





8. Қоғам үшін нәтиже

100





9. Бизнес үшін нәтиже

150





10. Барлық өлшемшарттар бойынша баллдардың жалпы саны

1000





Жиыны:






      Тұжырымдар:_____________________________________

      Ұсыныстар:_____________________________ ______ жылғы "___" ___________

      Т.А.Ә. ________________________________________________

      (сараптамалық топ төрағасының қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады