Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сыйға тарту шарты бойынша "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының акциялар пакетіне құқықтарға ие болу және "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 қазандағы № 896 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "ҚИҚ" АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ПКҚ" АҚ) орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "ПКҚ" АҚ-мен бірге (келісу бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |