ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі 310 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәлімет береді;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) мыналардың:
агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың;
азық-түлік тауарларының;
азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің;
тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілетін биржалық тауарлармен сауда-саттықтың мониторингін жүргізеді;";
мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін биржалық тауарлардың тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;
13-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;".
2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он бірінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |