Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 49-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"49-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 132-2) тармақшамен толықтырылсын:
"132-2) ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын әзірлеу және бекіту;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |