"Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 250 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 291-жолда:

      5-баған мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) "Қалалық қызметтер орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";

      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы, "Қант өндіруші кәсіпорындарға қант қызылшасын өңдеу үшін айналым қаражатын толықтыруға кредит беру" бағыты бойынша − Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары, "Қалалық қызметтер орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – Астана қаласы";

      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "үнемі, "Қант өндіруші кәсіпорындарға қант қызылшасын өңдеу үшін айналым қаражатын толықтыруға кредит беру" бағыты бойынша − 2028 жылға дейін, "Қалалық қызметтер орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2027 жылға дейін";

      реттік нөмірі 307-жолдың 5-бағанындағы 51) тармақша алып тасталсын;

      реттік нөмірі 311-жолдағы 5-баған мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) "Астананың шаруашылық басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 "Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 апреля 2025 года № 250

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 "Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами" следующие изменение и дополнения:

      в перечне видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами, утвержденном указанным постановлением:

      в строке, порядковый номер 291:

      графу 5 дополнить подпунктом 8) следующего содержания:

      "8) товарищество с ограниченной ответственностью "Центр городских услуг";

      графу 6 изложить в следующей редакции:

      "Республика Казахстан, по направлению "Кредитование предприятий по производству сахара на пополнение оборотных средств для переработки сахарной свеклы" − Жамбылская, Алматинская области, область Жетісу, в отношении товарищества с ограниченной ответственностью "Центр городских услуг" − город Астана";

      графу 7 изложить в следующей редакции:

      "постоянно, по направлению "Кредитование предприятий по производству сахара на пополнение оборотных средств для переработки сахарной свеклы" − до 2028 года, в отношении товарищества с ограниченной ответственностью "Центр городских услуг" − до 2027 года";

      в графе 5 строки, порядковый номер 307, подпункт 51) исключить;

      в строке, порядковый номер 311, графу 5 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:

      "7) товарищество с ограниченной ответственностью "Хозяйственное управление Астаны".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов