Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 291-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) "Қалалық қызметтер орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы, "Қант өндіруші кәсіпорындарға қант қызылшасын өңдеу үшін айналым қаражатын толықтыруға кредит беру" бағыты бойынша − Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары, "Қалалық қызметтер орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – Астана қаласы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қант өндіруші кәсіпорындарға қант қызылшасын өңдеу үшін айналым қаражатын толықтыруға кредит беру" бағыты бойынша − 2028 жылға дейін, "Қалалық қызметтер орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2027 жылға дейін";
реттік нөмірі 307-жолдың 5-бағанындағы 51) тармақша алып тасталсын;
реттік нөмірі 311-жолдағы 5-баған мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) "Астананың шаруашылық басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |