Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.
Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы жыныс ауруларын жұқтыру туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі қорытындылары нәтижелерін талқылай келіп, республика соттары КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1973 жылғы 8-қазандағы "Венерологиялық ауруларын жұқтыру туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" N 15 қаулысын басшылыққа ала отырып, аталған санаттағы істерді қараудың сапасын жақсартқанын, осы қылмыспен күрес мәселелеріне көп көңіл бөле бастағанын атап өтеді.
Сонымен бірге соттардың венерологиялық ауруларын жұқтыру туралы істерді қарау жөніндегі жұмыстарында осы қылмыстармен күрестің тиімділігін төмендететін кемшіліктер мен қателіктер кездеседі.
Соттар алдын ала тергеудің сапасына айыпталушы адаммен дәнекерде болған барлық адамдардың әйгіленуіне, жұқтыру көзіне, сондай-ақ қылмыстың жасалуына себепші болған басқа жағдайлардың анықталуына әрдайым тиісінше талап қоймайды.
Кейбір соттар ҚК-тің 100-бабына енгізілген өзгерістерді ескермейді. ҚК-тің 100-бабының әрбір бөлігі венерологиялық аурудан емделуге бас тарту, алдын-ала біле тұрып венерологиялық ауруын жұқтыруға қауіп төндіру, венерологиялық ауруын жұқтыру сияқты қылмыстың жеке құрамдарын қарастыратынына қарамастан, жекелеген соттар негізсіз бірнеше қылмысты ҚК-тің 100-бабының бір бөлігі бойынша саралайды. Венерологиялық ауруды емдеуден бас тартқан және басқа адамға венерологиялық ауру жұқтырған немесе осындай жұқтыру қаупін тудырған адам тек ҚК-тің 100-бабының 3-бөлігі бойынша ғана жауапкершілікке тартылуы керек деп негізсіз есептейді, себебі емдеуден бас тарту және жұқтыру қаупін төндіру ҚК-тің 100-бабының 3-бөлігі мен қамтылып сараланады деп түсінеді, кейде соттар көп адамға әр кезде жыныс ауруын жұқтырған адамдардың әрекетін тек ҚК-тің 100-бабының 4-бөлігімен саралаудың орнына олардың әрекетін осы баптың 3 және 4-бөлімінің жиынтығы бойынша саралайды.
ҚК-тің 12 және 208-баптарын бұза отырып, соттар венерологиялық ауруларын жұқтыру жөніндегі істерді жабық сот мәжілістерінде қарауды талқыламайды.
Іс жағдайына қарай айыптының жеке басын ескере отырып, қылмысты болдырмау мақсатында қажетті нәрсе кінәліні бұқарадан оқшаулау болып табылатынына қарамастан сотталушыларға ҚК-тің 100-бабының 3 және 4 бөліктері бойынша бас бостандығынан айыруға қатыссыз жеңіл жаза тағайындау жайлары кездеседі.
Кейбір соттар КСРО Жоғарғы Соты Пленумының венерологиялық ауруларының тарауына жағдай тудыратын емдеу, сондай-ақ басқа мекемелердегі кемшіліктерді жоюға орын алған тиісті ведомоствалар басшыларының назарын жеке ұйғару шығаруға аудару қажеттілігі туралы талаптарын орындамайды.
Орын алған кемшіліктерді жою және соттар венерологиялық ауру (және оны емдеуден бас тартқаны) үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану мәселелерін шешудегі тұтастықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы
Қаулы етеді:
1. Соттардың назары олардың жұмысындағы айтылған кемшіліктерге аударылсын және осы санаттағы істерді қарау кезінде заңдарды және КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1973-жылғы 8-қазандағы "Венерологиялық ауруларын жұқтыру туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" N 15 қаулысын қатаң басшылыққа алсын.
Соттар аталған санаттағы істер жөніндегі алдын ала тергеу сапасына, жеке айтқанда, айыпталушымен дәнекерде болған адамды, сондай-ақ қылмыстың жасалуына ықпал жасаған жағдайларды анықтау мәселелері бойынша талапты күшейтуі тиіс.
2. Соттарға түсіндірілсін:
а) венерологиялық ауруынан емделуден бас тартқан және біле тұрып басқа адамға жұқтыру қаупін төндірген адамның әрекеті ҚК-тің 100-бабының 1 және 2-бөліктері жиынтығы бойынша саралауға жатады;
б) бір адамдарға біле тұра венерологиялық ауруын жұқтыру қаупін төндірген және басқа адамдарға жыныс ауруын жұқтырған адамның әрекеті венерологиялық ауруын жұқтырудың саралану белгілерінің болуына қарай ҚК-тің 100-бабының 2 және 3 немесе 2 және 4-бөліктері бойынша саралауға жатады;
в) айыптының бір ғана адамға немесе тек сол бір топ адамдарға венерологиялық ауруын жұқтыру қаупін төндірген немесе оны оларға жұқтырған әрекеттері тек ҚК-тің 100-бабының 3-бөлігі немесе осы баптың 4-бөлігі бойынша саралануына жатады;
г) екі немесе одан көп адамға венерологиялық ауруын жұқтырумен көрінетін айыптының әрекеті ҚК-тің 100-бабының 4-бөлігімен саралануға жатады, өйткені мұндай жағдайда жұқтырудың бірінші рет орын алуы қосымша саралауды қажет етпейді.
3. Соттар ҚІЖК-нің 208 және 12-баптарына сәйкес әрбір жағдайда іске қатысушы адамдардың өмірдегі ашыналық жақтарын әйгілемеу үшін жабық сот өткізуді талқылауы қажет.
4. Сотталушыларды қайта тәрбиелеу ісінде жазаны дұрыс қолданудың және қылмыстың осы қауіпті түрінің маңыздылығын ескере отырып, соттар істің нақты жағдайларын, қылмысты әрекеттердің сипатын, дәрежесін, сотталушының жеке басын, айыпты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды есепке алып, жазаның түрі мен шараларын белгілеуге қатаң өзіндік қатынасты бұлжытпай сақтау қағидасын қамтамасыз етуі тиіс.
5. Қылмыстың жасалуына жағдай тудырған себептер мен жағдайлар, сондай-ақ емдеу және басқа мекемелердің жұмысындағы кемшіліктер анықталған кезде соттар оларды жою үшін жеке ұйғарулар жасауы тиіс. 6. Облыстық және Алматы қалалық соттары халық соттарының аталған санаттағы істердің шешілуінің заңды және негізділігіне сот қадағалауын күшейтуі керек. Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Икебаева Ә.Ж.)