Темір жол көлігінде жүкті ұрлау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1980-жылғы 29-қыркүйек N 5, Пленумның 1996-жылғы 20-желтоқсандағы N 11 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Темір жол көлігіндегі ұрлық туралы істер жөніндегі сот тәжірибесін қорыту материалдарын талқылай келе, Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы бұл істерді соттардың негізінен дұрыс та уақтылы қарайтындығын атап өтеді.

      Соған қарамастан бұл санаттағы істерді қарауда сот жұмысында елеулі кемшіліктер кездеседі.

      Кейбір соттар жасалған қылмыстың мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеу, ұрлыққа қатысы бар барлық адамдарды анықтау, ұрланған мүліктің мөлшері мен құны және сотталушының айыпты немесе айыпты емес екендігі туралы мәселені шешу, жасалған қылмысты дұрыс саралау және жаза шараларын тағайындау, елеулі мәні бар басқа да мән-жайлар жөніндегі мәселелерді заң талаптарына сай орындамайды.

      Бұл қылмыстарды саралауда қателіктерге жол беріледі.

      Айыптының ұрланған мүлікті жұмсауға немесе оны пайдалануға нақты мүмкіндігі болмаса да, кей жағдайда темір жол жүгін ұрлауға бой ұру аяқталған қылмыс ретінде бағаланады.

      Республика соттарының тәжірибесінде темір жолдың әскериленген күзеті атқыштарының, сондай-ақ жұмыста өз міндеттерін орындау кезінде жүк ұрлығын жасаған қабылдаушы-берушілердің әрекетін саралау туралы мәселе әрқилы шешіледі. Кей жағдайда, ондай әрекеттер жымқыру, тағы бір жағдайда айыптыға сеніп тапсырылған немесе оның басқаруына берілген мүлікті иемдену яки қызмет бабын теріс пайдалану жолымен жасалған ұрлық деп бағаланады.

      Соттар темір жол жүгін апара жатқан, өзіне сеніп тапсырылған арақ-шарап бұйымдарын ұрлаған, содан соң ұрлығын жасыру мақсатымен араққа немесе басқа бұйымға су қосқан жол серіктердің әрекетіне заң тұрғысынан әрқилы баға береді.

      Соттардың кейбірі ондай әрекеттерді қылмыс жиынтығы бойынша айыптыға сеніп тапсырылған немесе оның басқаруына берілген мүлікті иемденіп кету (ҚК-тің 76-4-бабы) және тұтынушыларды алдау (ҚК-тің 15, 166-баптары) жолымен істелген ұрлық, басқа жағдайда ұрлық және мемлекеттік мүлікті қасақана бүлдіру (ҚК-тің 82-бабы), үшінші жағдайда алаяқтық жолымен мемлекеттік мүлікті ұрлау (ҚК-тің 76-3-бабы) деп саралайды.

      Кей жағдайда қылмыстық жаза шараларын тағайындауға қатаң түрде жеке-жеке қарау туралы заң талаптары сақталмайды. Кейде мемлекеттік мүлікті талан-таражға салушы қауіпті адамдарға жазаның жеңіл шаралары - ҚК-тің 39-бабы негізсіз қолданылады. Осымен қатар, соттар аз мөлшерде алғаш рет ұрлық жасаған, істің мән-жайын ескере келгенде қоғамнан оқшауламай-ақ түзелу мүмкіндігі бар айыптының бас бостандығынан айыруға қатысы болмаса да, оны міндетті түрде еңбекке қатыстыра отырып, басқа да жаза шараларын қолданып, бас бостандығынан айыруға шартты түрде соттау туралы мәселені негіздері болса да талқыламайды.

      Ұрлықтан шеккен зиянның орнын толық толтыру туралы заң талаптарын соттардың бәрі бірдей сақтамайды, қылмыстық іс бойынша азаматтық талап арызды қарамай тастайды, өндірілуге тиісті сома мен зиянды өндірудің тәртібін дұрыс анықтамайды.

      Соттардың үкім шығару кезінде айғақты дәлелдердің, соның ішінде ұрланған темір жол жүгінің тағдырын шешпейтін, яки бұл мәселе бойынша дұрыс шешім қабылдамайтын фактілері де кездеседі.

      Кейбір соттар темір жол көлігіндегі жүктерді ұрлауға септігін тигізетін себептер мен жағдайларды анықтамайды, оны жою мақсатымен жеке ұйғарулар шығармайды.

      Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы

      Қаулы етеді:

      1. Соттардың назары осы санаттағы істер бойынша сот тәжірибесіндегі орын алған кемшіліктерді болдырмау, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдары қалыптарын қатаң сақтау негізінде әрбір істің барлық жағдайларын толық және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету, кінәлілерге жасаған істерінің сипатына және олардың жеке басына лайықты жаза тағайындау қажеттілігіне аударылсын.

      2. Соттар қылмысты дұрыс саралау үшін мәні бар жағдайларды жан-жақты анықтауды, заңның және КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1972 жылғы 11-шілдедегі "Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұрлау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" N 4 қаулысының осы мәселелер жөніндегі талаптарын қатаң сақтауы қажет.

      Аяқталған ұрлықтан осы қылмысты істеуге оқталғандықты ажыратқанда соттар жоғарыда аталған қаулының 10-тармағында көрсеткендей айыптының ұрланған мүлікті өз еркімен жұмсауға немесе оны пайдалануға нақты мүмкіндігі болған болмағанын анықтау қажет.

      3. Өз міндеттерін орындау кезінде жүк ұрлауды жүзеге асырған теміржол қызметкерлерінің және басқа адамдардың істерін қарау кезінде соттар иемдену, шығынды немесе өзінің қызмет бабын теріс пайдаланушылық жолымен жасалған жымқырушылықты ұрлық жолымен жасалған жымқырушылықтан даралай білуі керек.

      Мұндайда теміржол қолданылатын қалыпты құжаттарға сәйкес әскерилендірілген күзеттің атқыштары мен жүкті қабылдап берушілер теміржол жүктерін қарауына алу, басқару, жеткізіп беру немесе сақтау өкілеттігін жүзеге асырмайтынын (егер бұған мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың арнайы тапсырмасы болмаса), лауазымды және материалдық жауапты адамдар болып табылмайтынын, тек қана жүктерге тапсырылған іске байланысты жақындай алатынын, сондықтан мұндай адамдардың жасаған жымқырушылығын ҚК-тің 76-бабы бойынша ұрлау жолымен жымқырушылық ретінде саралау керек.

      4. Оларға сеніп тапсырылған немесе олардың қарауындағы арақ-шарап және басқа бұйымдарды жарамсыздыққа әкелген жол серіктерінің әрекетін, егер соңғысында қылмыстық белгілері болса, онда қылмыстар жиынтығы бойынша иемдену немесе шығындау жолымен жасалған жымқырушылық ретінде ҚК-тің 76-4-бабы бойынша және бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру ретінде ҚК-тің 82-бабы бойынша саралау керек.

      5. Соттар жасалған қылмыстың, кінәлінің жеке басының және жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайлардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін есепке ала отырып, жазаны даралау жөніндегі заң талаптарын қатаң орындауы қажет.

      6. Соттар теміржолдағы жымқырушылықпен жасалған шығынды өндіріп алуды қамтамасыз етудің ерекше маңыздылығын ескере отырып, қылмыспен жасалған материалдық шығынның орнын толтыруға қатысы бар заң талаптарын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1996-жылғы 25-шілдедегі "Бөтеннің мүлкін ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы" N 9 нормативтік сипаты бар қаулысының 13-тармағын және КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1979 жылғы 23-наурыздағы "Қылмыспен жасалған материалдық залалдың орнын толтыру туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" N 1 қаулыларын қатаң сақтауы және материалдық залалдың орнын толтыруға байланысты кемшіліктерді жоюы тиіс.

      7. Соттар теміржол көлігінде жүктерді жымқырудың алдын-алуға бағытталған қызметті жетілдіруі, сот ісін жүргізудің тәрбиелік ролін көтеруі, қылмыстың жасалуына жағдай тудырған себептер мен жағдайларды жан-жақты зерттеуі және жеке жасау жолымен оларды жою шараларын қолдауы қажет.

      8. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы, облыстық, Алматы қалалық соттары халық шаруашылығы жүктерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі заңдардың сақталуына қадағалауды күшейтсін, заңдардың бірегей қолданылуына, сот қателіктерін ескеруге және уақтылы түзетуге арналған шаралар қабылдасын.

О судебной практике по делам о хищениях грузов на железнодорожном транспорте (с изменениями, внесенными постановлением Пленума от 20 декабря 1996 г.№ 11)

Постановление Пленума Верховного Суда Казахской ССР от 29 сентября 1980 г. N 5. Утратило силу нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан от 22 декабря 2008 года № 27.

       Сноска. Утратило силу нормативным постановлением Верховного Суда РК от 22.12.2008 № 27 (порядок введения в действие см. п. 2 ).
     Обсудив материалы обобщения судебной практики по делам о хищениях на железнодорожном транспорте, Пленум Верховного Суда Казахской ССР отмечает, что суды в основном обеспечивают правильное и своевременное разрешение этих дел.
     Вместе с тем в работе судов по рассмотрению дел этой категории имеются серьезные недостатки.
     Некоторые суды не выполняют требования закона о полном, всестороннем и объективном исследовании обстоятельств совершенного преступления, установлении всех лиц, причастных к хищению, выяснении размера и стоимости похищенного имущества и других обстоятельств, имеющих существенное значение для решения вопроса о виновности или невиновности подсудимого, правильной квалификации содеянного и назначении меры наказания.
      Допускаются ошибки в квалификации этих преступлений.
      Покушение на хищение железнодорожного груза иногда ошибочно расценивается как оконченное преступление, в то время как виновный еще не имел реальной возможности распоряжаться похищаемым имуществом или пользоваться им.
      По-разному в практике судов республики решаются вопросы о квалификации действий стрелков военизированной охраны железной дороги, а также приемосдатчиков,совершивших хищение грузов во время исполнения своих обязанностей по работе.В одних случаях такие действия расцениваются как хищение путем кражи, в других - как хищение, совершенное путем присвоения вверенного виновному или находившегося в его ведении имущества,либо путем злоупотребления служебным положением.
      Разная юридическая оценка дается судами действиям проводников, сопровождающих железнодорожный груз, совершивших хищение вверенных им винно-водочных изделий, а затем с целью сокрытия хищений разбавляющих водой остальные водочные или другие изделия. Одни суды квалифицируют такие действия по совокупности преступлений как хищение путем присвоения вверенного виновному или находящегося в его ведении имущества (ст. 76-4 УК) и покушение на обман покупателей (ст. ст. 15, 166 УК), другие - как хищение (ст. 76-4 УК) и умышленное повреждение государственного имущества (ст. 82 УК), третьи - как хищение государственного имущества путем мошенничества (ст. 76-3 УК).
      В отдельных случаях не соблюдаются требования закона о строго индивидуальном подходе к назначению мер уголовного наказания. Иногда опасным расхитителям государственного имущества назначаются мягкие меры наказания, необоснованно применяется ст. 39 УК. Наряду с этим суды при наличии оснований не всегда обсуждают вопрос о применении условного осуждения к лишению свободы с обязательным привлечением к труду и других мер наказания, не связанных с лишением свободы,к лицам, впервые совершившим хищение в незначительных размерах, когда с учетом обстоятельств дела и личности виновного исправление его возможно без изоляции от общества.
     Многие суды не обсуждают вопросы о применении к осужденным дополнительных наказаний - конфискации имущества, лишения права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью.
     Не все суды соблюдают требования закона о полном возмещении ущерба, причиненного хищениями, оставляют без рассмотрения в уголовном деле гражданские иски, неправильно определяют суммы, подлежащие взысканию, и порядок взыскания ущерба.
      Имеются факты, когда суды при постановлении приговора не решают судьбу вещественных доказательств, в том числе похищенных железнодорожных грузов, либо принимают неправильные решения по этому вопросу.
      Некоторые суды не выясняют причины и условия, способствующие хищениям грузов на железнодорожном транспорте, не всегда выносят частные определения с целью их устранения.
      Пленум Верховного Суда Казахской ССР
      ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Обратить внимание судов на необходимость устранения имеющихся недостатков в судебной практике по делам этой категории, обеспечения полного и всестороннего исследования всех обстоятельств каждого дела на основе строгого соблюдения норм уголовного и уголовно-процессуального законодательства, назначения виновным наказания, соразмерного характеру содеянного и их личности.
      2. Судам необходимо тщательно выяснять обстоятельства, имеющие значение для правильной квалификации преступления, строго соблюдать требования закона и постановления Пленума Верховного Суда СССР от 11 июля 1972 г. N 4 "О судебной практике по делам о хищениях государственного и общественного имущества" по этим вопросам.
      При отграничении оконченного хищения и покушения на него суды должны устанавливать, как это разъяснено в п. 10 указанного постановления, имел ли виновный реальную возможность распоряжаться похищенным имуществом по своему усмотрению или пользоваться им.
      3. При рассмотрении дел в отношении работников железной дороги и других лиц, совершивших хищение грузов во время исполнения своих обязанностей, судам необходимо отграничивать хищение путем присвоения, растраты либо злоупотребления своим служебным положением от хищения путем кражи.
      При этом следует иметь в виду, что в соответствии с действующими на железной дороге нормативными актами стрелки военизированной охраны и приемосдатчики грузов не осуществляют (если нет на то специального поручения государственной или общественной организации) правомочия по распоряжению, управлению, доставке или хранению железнодорожного груза, не являются должностными и материально ответственными лицами, а имеют лишь доступ к грузам в связи с порученной работой, поэтому хищение, совершенное этими лицами, следует квалифицировать по ст. 76 УК как хищение путем кражи.
      4. Действия проводников вагонов, совершивших хищение вверенных им или находящихся в их ведении винно-водочных и других изделий и с целью сокрытия хищения приводящих в негодность остальные изделия, если последнее содержит признаки уголовно-наказуемого деяния, надлежит квалифицировать по совокупности преступлений - по ст. 76-4 УК как хищение путем присвоения или растраты и ст. 82 УК как умышленное повреждение чужого имущества.
      5. Судам необходимо строго выполнять требования закона об индивидуализации наказания с учетом характера и степени общественной опасности совершенного преступления, личности виновного и обстоятельств, смягчающих и отягчающих ответственность.
      6. Учитывая особую важность обеспечения взыскания ущерба, причиненного хищениями железной дороге, судам необходимо строго соблюдать требования законодательства, относящегося к возмещению причиненного преступлением материального ущерба, в том числе п. 13 нормативного постановления Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 25 июля 1996 года N 9 "О некоторых вопросах квалификации хищений чужого имущества", а также постановления Пленума Верховного Суда СССР от 23 марта 1979 г. N 1 "О практике применения судами законодательства о возмещении материального ущерба, причиненного преступлением", и устранить недостатки, связанные с возмещением материального ущерба.
      7. Судам необходимо совершенствовать деятельность, направленную на предупреждение хищений грузов на железнодорожном транспорте, повышать воспитательную роль судебных процессов, тщательно исследовать причины и условия, способствовавшие совершению преступлений, и принимать меры к их устранению путем вынесения частных определений.
      8. Судебной коллегии по уголовным делам Верховного Суда Казахской ССР, областным и Алма-Атинскому городскому судам усилить надзор за соблюдением судами законодательства об обеспечении сохранности народнохозяйственных грузов, принимать меры к единообразному применению законов, предупреждению и своевременному исправлению судебных ошибок. (специалист Р.Жантасова 23.11.98 г.)