Соттардың табиғат қорғау заңдарын қолдану тәжірибесі туралы

Қаулы Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумы 1986 жылғы 28 наурыз N 12. Пленумның 1989-жылғы 31-наурыздағы N 1 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 1 қаулысымен.

      Республика соттарының табиғат қорғау заңдарын қолдану тәжірибесін және олардың СССР Жоғарғы Соты Пленумы мен Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының табиғат қорғау заңдарын қолданылуына байланысты істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы қаулыларындағы нұсқауларды орындауын талқылай келіп, Пленум су қоймалары мен ауаның ластануы, жердің бүлінуі, орман ағашын заңсыз кесу, оны жойып жіберу, судағы кәсіптермен заңсыз шұғылдану, заңсыз аң аулау, көрсетілген право бұзушылықтармен келтірілген материалдық зиянның орнын толтыру туралы істерді соттардың негізінен дұрыс шешіп келе жатқанын атап көрсетеді.

      Сонымен бірге бұл жұмыста елеулі кемшіліктер де бар.

      Соттар жасалған қылмысқа тиісті жазадан бұлтартпау принципін жүзеге асыра алған жоқ: қылмысқа қатысты адамдардың барлығы бірдей заңмен көрсетілген жауапқа тартылып отырмайды. Істің мән-жайлары әрдайым толығымен, объективті түрде әрі жан-жақты зерттелмейді.

      Кейбір соттар жазаны даралау принципін сақтамайды, іс-әрекеттің қоғамдық хауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, келтірілген зиянды, айыптының жеке басын, жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескеріп отырмайды. Соттар кейде аңшылық қорына және балық қорына ірі зиян келтірген браконьерлерге жеңіл жаза тағайындайды. Мүлікті конфискелеу және белгілі бір лауазымды иемдену немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану правосын айыру, сондай-ақ заңсыз су кәсіпшілігі мен заңсыз аң аулау кемелерін, құрал-жабдықтарын, ауланған балықты, жабайы құстарды және қылмыстар жасалған кезде пайдаланылған айыптының өз меншігіндегі транспорт құралдарын конфискелеу түріндегі қосымша жазалар қажет болған барлық реттерде тағайындалмайды.

      Соттар істерді қараған кезде заңсыз аң аулау, су кәсіпшілігі, орман ағашын кесу арқылы келтірілген материалдық зиянның орнын толтыру туралы мәселені ұдайы талқылап отырмайды, зиянның мөлшерін дұрыс есептеп шығармайды.

      Азаматтық істерді қараған кезде қылмыстарды квалификациялауда материалдық және іс жүргізу заңдары нормаларын қолдануда қателерге жол беріледі.

      Көптеген соттар қылмыстардың жасалуына және табиғат қорғау туралы заңдардың бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жою туралы заңның талабын орындап отырмайды.

      Мұндай категориядағы істер қоғамдық ұйымдар мен еңбек коллективтерінің өкілдерін қатыстыра отырып көшпелі сот мәжілістерінде өте сирек қаралады.

      Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы

      Қаулы етеді:

      1. <*>

      2. Соттар қылмыстық және азаматтық істерді қараған кезде жасалған право бұзушылықтың мән-жайларын объективті түрде, толық әрі жан-жақты айқындауы, заңның бұзылуына кінәлі барлық адамдарды анықтап жауапқа тартуы, әккі болған бұзушыларға қатаң жаза шараларын қолдануы, келтірілген материалдық зиянның орнын толық толтыруды қамтамасыз етуі тиіс.

      3. <*>

      4. Соттар мыналарды ескеруі керек: Қылмыстық кодекстің 162-статьясының 1-бөлігі және 163-статьясының 1-бөлігі бойынша судағы кәсіптермен заңсыз шұғылданғандық және заңсыз аң аулағандық үшін (кәсіптерді тыйым салынған құралдармен және тәсілдермен істеу және аң аулау бұған кірмейді), егер айыпкер осындай тәртіп бұзушылық жасағаны үшін заңда көзделген әкімшілік жазаға бұрын тартылып, бірінші тәртіп бұзушылық үшін әкімшілік жазалау шарасы орындалып біткен күннен бастап бір жыл мерзім өтпеген реттерде ғана қылмыстық жауаптылық туындайды.

      Әкімшілік жаза орындалып біткен күндер деп ескерту жарияланған немесе штраф (жаза) толық төленген күнді есептеу керек.

      (Пленумның 1989-жылғы 31-наурыздағы N 1 қаулысының редакциясында).

      5. Балықтың, су жануарларының, аңдар мен құстардың жаппай қырылуына, майда балықтың, ұрықтың, уылдырықтың ауланып, құрып кетуіне, балық қорлары мен жануарлар дүниесіне басқа да айтарлықтай зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін (жарылғыш, уландырғыш заттарды, шанышқыны, ілмекті, көздері белгіленген мөлшерден тар суды пайдалану, жарық қондырғыларын, самолеттерді, вертолеттерді басқа да құралдарды пайдаланып аң аулау) әдістер мен құралдарды да кәсіпшілікпен өнім өндіру мен аң аулаудың жол берілмеген құрал-жабдықтары мен әдістері ретінде түсінуі керек.

      5-1. Тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдермен балық, аң аулау немесе судағы кәсіптермен шұғылдану деп егер бірінші қылмыс жасалған сәттен бастап Қылмыстық кодекстің 43-статьясында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімдері өтпеген болса, екі немесе одан да көп рет жасалған осындай әрекеттерді түсіну керек.

      Тиісті рұқсатсыз немесе тыйым салынған уақытта немесе тыйым салынған орындарда судағы кәсіптермен шұғылданған реттерде қайталап жасау деген ұғым мынандай әрекеттер үш рет жасалса - егер адам бірінші әрекетті жасағаны үшін әкімшілік штрафқа жазаланып, екінші әрекет штраф толық төлегеннен (өндіріп алынғаннан) кейін бір жыл өткенге дейін жасалса, ал үшінші әрекет екінші право бұзушылық жасалғаннан кейін есептелетін қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімдері өткенге дейін жасалса, осылардан құралады.

      (Пленумның 1989-жылғы 31-наурыздағы N 1 қаулысының редакциясында).

      6. <*>

      7. Соттар Қылмыстық кодекстің 162 және 163-статьяларында көзделген қылмыстар айыпты су кәсіпшілігімен заңсыз шұғылдануға немесе заңсыз аң аулауға кіріскен (ау, қақпан, басқа да құрылғылар мен икемді құралдарды құру) сәттен, ол балықты, аңдарды немесе құстарды ұстап алды ма, соған қарамастан, аяқталды деп саналатынын ескеруі тиіс.

      Егер заңсыз кәсіппен айналысу кезінде балықтың бағалы тұқымдарын аулау үшін арнайы мақсаттағы құрал қолданылған болса, айыпкердің әрекетін Қылмыстық кодекстің 162-статьясының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасауға оқталғандық деп, ал осы статьяда аталған зардаптар туған жағдайда ақырына дейін жеткізілген қылмыс деп қарау керек.

      (Пленумның 1989-жылғы 31-наурыздағы N 1 қаулысының редакциясында).

      7-1. Заңсыз аң аулау кезінде автомототранспорт құралдарын қолдану деп (Қылмыстық кодекстің 163-статьясының 2-бөлігі) мұндай құралдарды тікелей аң аулау барысында (жануарларды қуу, ізіне түсу, фардың жарығымен ату және т.б.) қылмыс құралы ретінде пайдалануды түсіну керек.

      Егер автотранспорт құралдары браконьерлерді аң аулайтын жерге дейін жеткізу үшін, не заңсыз ауланған аңды тасымалдау үшін пайдаланылған болса, қылмыс автомототранспорт құралдарын қолданып жасалған деп қаралмауға тиіс.

      (Пленумның 1989-жылғы 31-наурыздағы N 1 қаулысының редакциясында).

      8. Соттарға аулауға толық тыйым салынған аңдар мен құстарға Қылмыстық кодекстің 163-статьясының 3-бөлігі (Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1987-жылғы 2-октябрьдегі Указының редакциясы бойынша) оларды аулаудың барлық түріне (әуесқойлық, лицензиялық және кәсіпшілік) тыйым салынған жабайы жануарлар жатқызылады деп түсіндірілсін. Оларға арнайы рұқсаттар (лицензиялар) бойынша не дайындау ұйымдарымен жасалған шарттар бойынша аулауға жол берілген аңдар мен құстар жатпайды.

      (Пленумның 1989-жылғы 31-наурыздағы N 1 қаулысының редакциясында).

      9. Қызмет бабын пайдалану арқылы заңсыз аң аулаумен, су кәсіпшілігімен, орман ағашын кесумен шұғылданған лауазымды адамдардың іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 162, 163 немесе 83-статьялары және Қылмыстық кодекстің 143-статьясының жиынтығы бойынша квалификациялауға жатады.

      10. Егер браконьерлік заңсыз сатып алынған, жасалған немесе сақталған атылатын қаруды (тегіс стволды аңшылық мылтығынан басқа), оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды пайдалану арқылы жасалса, айыптының іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 162 немесе 163-статьяларының және 202-статьясының 1-бөлігінің жиынтығы бойынша квалификациялауға жатады.

      11. Судағы кәсіптермен заңсыз шұғылдануға немесе заңсыз аң аулауға айыпты және бұл қылмыстарға жасы толмағандарды қатыстырған адамдар Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің 162 немесе 163-статьяларында және 201-статьясының 1-бөлігінде көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша жауаптылыққа тартылады.

      12. Судағы кәсіптермен заңсыз шұғылданған немесе заңсыз аң аулаған кезде қызметі бойынша бекітіліп берілген транспорт құралдарын жеке басының мақсаты үшін пайдаланған адамдардың іс-әрекеттері, егер олар жұмыс істейтін кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға елеулі зиян келтіруге әкеліп соқса, не елеулі түрде пайда алуға бағытталса немесе транспорт құралдарын заңсыз пайдалану үшін бұрын сотталған адам жасаса, Қылмыстық кодекстің 162-немесе 163-статьясы және 219-статьясының 2-бөлігі бойынша квалификациялауға жатады.

      13. Заңсыз су кәсіпшілігі, аң аулау, орманнан ағаш кесу туралы істер бойынша келтірілген зиянның (елеулі) мөлшерде болғаны немесе болмағаны туралы мәселе әрбір қаралатын нақты істің барлық мән жайларын ескере отырып шешілуі тиіс.

      Бұл кезде заңсыз ауланған балықтың, су жануарларының, ұсталған жабайы құстың, кесілген немесе бүлдірілген орман ағаштарының мөлшерін, құнын, экологиялық бағасын, сондай-ақ жануарлар мен өсімдік дүниесінен келтірілген (майда балықтардың жаппай қырылуы, азықтану алаңдарының, уылдырық шашатын жерлердің жойылуы, СССР-дың Қызыл кітабына, Қазақ ССР-інің Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің ауланып, жойылып жіберілуі) басқа да зиянды ескеру қажет.

      14. Табиғат қорғау туралы заңдардың бұзылуына жол беруге байланысты зиян мөлшерін есептеген кезде соттар СССР Жоғарғы Соты Пленумының 1983 жылғы 7-июньдегі N 4 аталған қаулысының 21-25-тармақтарында айтылған нұсқауларды басшылыққа алуы керек.

      СССР Министрлер Советінің 1974-жылғы 25-октябрьдегі N 833-қаулысымен бекітілген нарықтарға сәйкес уылдырығы бар бекіре немесе қызылбалық тұқымдарын заңсыз балық аулау арқылы келтірілген нұқсанды әрбір балықтың бағасын нарыққа сүйеніп және уылдырықтың жоғарғы сортына қолданылып жүрген бөлшек сауда бағасы бойынша уылдырықтың үш есе бағасына сүйеніп анықтау керек.

      (Пленумның 1989-жылғы 31-наурыздағы N 1 қаулысының редакциясында).

      15. Соттар осы категориядағы істерді қарау үстінде судағы кәсіптермен заңсыз шұғылданғаны және заңсыз аң аулағаны үшін сотталған адамдардың мүлкін конфискелеу туралы мәселені талқылауы, сондай-ақ браконьерлердің және орман ағашын кескені үшін сотталған адамдардың заңсыз тапқан өнімін, аулау және ұстау құрал-жабдықтарын және олардың өзіндік меншік правосына жататын, қылмыстар жасау үшін пайдаланған транспорт құралдарын заң талабына сәйкес конфискелеуі тиіс.

      Өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы табиғат қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін сотталған адамдарға қатысты істерді қараған кезде оларды белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану правосынан айыру туралы мәселені талқылауы тиіс.

      16. Табиғат қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан келтірілген зиянның орнын толтыру туралы азаматтық істерді қараған кезде мынаны ескеруі тиіс:

      а) балық қорғау, орман шаруашылығы, аң аулау ережелерін сақтауды бақылау жөніндегі мемлекеттік органдардың өздері салған штрафтарды өндіріп алу туралы арыздары сотта қарауға жатпайды.

      Қазақ ССР-інің әкімшілік право бұзушылық туралы Кодекстің 301, 302-статьяларына байланысты әкімшілік жаза ретінде штраф өндіру мәселесі тиісті органның немесе лауазымды адамның штраф салу туралы қаулысы негізінде жүргізіледі;

      б) Қазақ ССР Финанс министрлігі "Мемлекеттік пошлина жөніндегі қосымша жеңілдіктер туралы" 1981-жылғы 23-январьдағы 526518 хатымен аңшылық шаруашылық органдарын зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша мемлекеттік пошлина төлеуден босатқан.

      Мұндай ақы талаптарды, сондай-ақ орман ағашын кесу тәртібін бұзу арқылы келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптарды қанағаттандырған жағдайда соттар Азаматтық істер жүргізу кодексінің 95-статьясына сәйкес жауапкерден мемлекет пайдасына қанағаттандырылған бөлігіне пропорционалды мемлекеттік пошлина өндіруге тиіс. Азаматтық істер жүргізу кодексінің 93-статьясының қолданылуына сәйкес егер талап қойылғаннан кейін жауапкер оны өз еркімен қанағаттандыруына орай және талапкердің өз талабынан бас тартуына байланысты істі жүргізу тоқтатылған ретте, сондай-ақ егер талап қойылғаннан кейін жауапкер оны өз еркімен қанағаттандыруына байланысты талапкердің қойған талабын соттың қолдамаған реттерінде де мемлекеттік пошлина жауапкерден мемлекет кірісіне өндіруге жатады.

      17. <*>

      18. <*>

      19. Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының "Судағы кәсіптермен заңсыз шұғылдану және заңсыз аң аулау туралы қылмыстық істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" 1967-жылғы 24-марттағы қаулысы (Пленумның 1971 жылғы 24-июньдегі N 4, 1978-жылғы 22-июньдегі N 14 және 1979-жылғы 30-марттағы N 1 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және қосымшаларымен қоса) күшін жойды деп танылсын.

      Ескерту. 1, 3, 6, 17-18-тармақтар алып тасталды - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.12.22. N 16 қаулысымен .

О практике применения судами законодательства об охране природы (с изменениями, внесенными постановлением Пленума Верховного Суда КазССР от 31 марта 1989 г. № 1)

Постановление Пленума Верховного Суда Казахской ССР от 28 марта 1986 г. N 12. Утратило силу - нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан от 18 июня 2004 года N 1 (P04001S)

      Обсудив практику применения судами республики природоохранительного законодательства и выполнение ими указаний, содержащихся в постановлениях Пленума Верховного Суда СССР и Пленума Верховного Суда Казахской ССР о судебной практике по делам, связанным с применением законодательства об охране природы, Пленум отмечает, что суды в основном правильно разрешают дела о загрязнении водоемов и воздуха, порче земли, незаконной порубке леса, его уничтожении, незаконном занятии водными промыслами, незаконной охоте, возмещении материального ущерба, причиненного указанными правонарушениями.
      Вместе с тем в этой работе имеются серьезные недостатки.
      Суды не добились осуществления принципа неотвратимости наказания за совершенное преступление: не все лица, причастные к преступлениям, привлекаются к предусмотренной законом ответственности. Не всегда полно, объективно и всесторонне исследуются обстоятельства дела.
      Некоторые суды не соблюдают принцип индивидуализации наказания, не учитывают характер и степень общественной опасности деяния, причиненный вред, личность виновного, обстоятельства, отягчающие и смягчающие ответственность. Иногда суды назначают мягкие меры наказания браконьерам, причинившим крупный ущерб охотничьему фонду и рыбным запасам. Не во всех необходимых случаях назначается дополнительное наказание в виде конфискации имущества и лишения права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью, а также конфискация судна, орудий незаконного водного промысла и незаконной охоты, добытой рыбы, дичи и использовавшихся при совершении преступлений транспортных средств, принадлежащих виновному на праве личной собственности.
      В ряде случаев при рассмотрении дел суды не входят в обсуждение вопроса о возмещении материального ущерба, причиненного незаконными охотой, водными промыслами, порубкой леса, неправильно исчисляют размер ущерба.
      Допускаются ошибки в квалификации преступлений, в применении норм материального и процессуального права при рассмотрении гражданских дел.
      Многими судами не выполняются требования закона о выявлении и устранении причин и условий, способствовавших совершению преступлений и другим нарушениям законодательства об охране природы. Крайне редко дела этой категории рассматриваются в выездных судебных заседаниях с участием представителей общественных организаций и трудовых коллективов.
      Пленум Верховного Суда Казахской ССР
      ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. ( Пункт 1 утратил силу -постановлением Пленума Верховного Суда РК от 22 декабря 2000 г. N 16 P00016S_  )
      2. При рассмотрении уголовных и гражданских дел судам необходимо объективно, полно и всесторонне выяснять обстоятельства совершенного правонарушения, выявлять и привлекать к ответственности всех лиц, виновных в нарушении закона, к злостным нарушителям применять строгие меры наказания, обеспечить полное возмещение причиненного материального ущерба.
      3. (Пункт 3 утратил силу -постановлением Пленума Верховного Суда РК от 22 декабря 2000 г. N 16 P00016S_ )
      4. Судам следует иметь в виду, что уголовная ответственность за незаконное занятие водными промыслами и незаконную охоту по ч. 1 ст. 162 и ч. 1 ст. 163 УК (за исключением производства промыслов и охоты недозволенными орудиями и способами) наступает лишь в тех случаях, когда за подобное нарушение виновный ранее подвергался предусмотренной законом мере административного взыскания и не истек годичный срок со дня окончания исполнения административного взыскания за первое нарушение.
      Днем окончания исполнения административного взыскания следует считать день объявления предупреждения или полной уплаты (взыскания) штрафа.
      (В редакции постановления Пленума от 31 марта 1989 г. N 1).
      5. Под недозволенными орудиями и способами водных добывающих промыслов и охоты следует понимать такие приемы и средства добычи рыбы, водных животных, зверей и птиц, которые могут привести к их массовой гибели, вылову и уничтожению мальков, молоди, икры, другому существенному ущербу рыбным запасам и животному миру (применение взрывчатых, отравляющих веществ, острог, крючьев, сетей с ячеей меньше установленного размера, охота с применением световых устройств, самолетов, вертолетов и т.д.).
      5-1. Под повторностью производства рыбного, звериного или иного водного добывающего промысла недозволенными орудиями и способами следует понимать совершение таких действий два и более раза, если с момента совершения первого преступления не истекли сроки давности привлечения к уголовной ответственности, предусмотренные ст. 43 УК.
      В случаях производства водного промысла без надлежащего разрешения, или в запрещенное время, или в недозволенных местах понятие повторности складывается из трехкратного совершения таких действий, если за первого из них лицо подвергнуто административному штрафу, второе совершено до истечения одного года после полной уплаты (взыскания) штрафа, а третье - до истечения сроков давности привлечения к уголовной ответственности, исчисляемых после совершения второго правонарушения.
      (В редакции постановления Пленума от 31 марта 1989 г. N 1).
      6. (Пункт 6 утратил силу -постановлением Пленума Верховного Суда РК от 22 декабря 2000 г. N 16 P00016S_ )
      7. Суды должны учитывать, что преступления, предусмотренные ст. ст. 162 и 163 УК, считаются оконченными с момента, когда виновный приступил к незаконному занятию водными промыслами или к незаконной охоте (установка сетей, капканов, других устройств и приспособлений, выслеживание или преследование дичи и т.п.) независимо от того, добыл ли он рыбу, зверей или птиц.
      Если при незаконном промысле использовалось орудие, специально предназначенное для лова ценных пород рыб, действиЯ виновного следует рассматривать как покушение на совершение преступления, предусмотренного ч. 2 ст. 162 УК, а при наступлении последствий, указанных в данной статье, - как оконченное преступление.
      (В редакции постановления Пленума от 31 марта 1989 г. N 1.).
      7-1. Под применением автомототранспортных средств при незаконной охоте (ч. 2 ст. 163 УК) следует понимать использование таких средств в качестве орудия преступления непосредственно в процессе охоты (преследование, выслеживание животных, отстрел при свете фар и т.п.).
      Если автомототранспортные средства использовались для доставки браконьеров к месту охоты, либо перевозки незаконно добытого, преступление не может рассматриваться как совершенное с применением автомототранспортных средств.
      (В редакции постановления Пленума от 31 марта 1989 г. N 1).
      8. Разъяснить судам, что к зверям и птицам, охота на которых полностью запрещена (часть 3 ст. 163 УК ) в редакции Указа Президиума Верховного Совета Казахской ССР от 2 октября 1987 г.), следует относить диких животных, на которых запрещены все виды охоты (любительская, лицензионная и промысловая). К ним не могут быть отнесены звери и птицы, охота на которых допускается по специальным разрешениям (лицензиям) либо по договорам с заготовительными организациями.
      (В редакции постановления Пленума от 31 марта 1989 г. N 1).
      9. Действия должностных лиц,занимающихся незаконными охотой, водными промыслами, порубкой леса с использованием служебного положения, подлежат квалификации по совокупности ст. ст. 162, 163 или 83 УК и ст. 143 УК.
      10. Если браконьерство было совершено с использованием незаконно приобретенного, изготовленного или хранившегося огнестрельного оружия (кроме гладкоствольного охотничьего), боевых припасов или взрывчатых веществ, действия виновного подлежат квалификации по совокупности ст. ст. 162 или 163 и части 1 ст. 202 УК.
      11. Лица, виновные в незаконном занятии водными промыслами или незаконной охоте и вовлекшие в эти преступления несовершеннолетнего, несут ответственность по совокупности преступлений, предусмотренных ст. ст. 162 или 163 и части 1 ст. 201 УК.
      12. Действия лиц, использовавших при занятии незаконными водными промыслами или незаконной охоте в корыстных целях вверенные по службе транспортные средства, если они повлекли причинение имущественного ущерба предприятию, учреждению, организации, где работал виновный, либо были направлены на получение значительной материальной выгоды или были совершены лицом, ранее судимым за незаконное использование транспортных средств, подлежат квалификации по ст. ст. 162 или 163 и части 2 ст. 219 УК.
      13. Вопрос о наличии или отсутствии крупного (значительного) ущерба по делам о незаконных водных промыслах, охоте, порубке леса должен решаться в каждом конкретном случае с учетом всех обстоятельств дела.
      При этом следует учитывать количество, стоимость, экологическую ценность незаконно выловленной рыбы, водных животных, добытой дичи, срубленного или поврежденного леса, а также другой ущерб, причиненный животному и растительному миру (массовая гибель мальков, уничтожение кормовых полей, мест нереста, отлов или уничтожение животных и растений, занесенных в Красную книгу СССР, Красную книгу Казахской ССР и т.п.).
      14. При исчислении размера ущерба в связи с допущенными нарушениями законодательства об охране природы судам следует руководствоваться указаниями, содержащимися в пунктах 21-25 вышеназванного постановления Пленума Верховного Суда СССР от 7 июня 1983 г. N 4.
      В соответствии с таксами, утвержденными постановлением Совета Министров СССР от 25 октября 1974 г. N 833, ущерб, причиненный незаконным выловом рыбы осетровых или лососевых пород с икрой, следует определять, исходя из стоимости каждой особи рыбы по таксе и трехкратной стоимости икры по действующим розничным ценам на икру высшего сорта.
      (В редакции постановления Пленума от 31 марта 1989 г. N 1).
      15. Рассматривая дела данной категории, суды должны обсуждать вопрос о конфискации имущества у лиц, осужденных за незаконное занятие водными промыслами и незаконную охоту, а также в соответствии с требованием закона конфисковывать у браконьеров и лиц, осужденных за порубку леса, незаконно добытое, орудия лова и охоты и транспортные средства, принадлежащие им на праве личной собственности и используемые для совершения преступлений.
      При рассмотрении дел в отношении лиц, осужденных за нарушение законодательства об охране природы с использованием своего служебного положения, необходимо обсуждать вопрос о лишении их права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью.
      16. При рассмотрении гражданских дел о возмещении ущерба, причиненного в результате нарушения законов об охране природы, судам следует иметь в виду:
      а) не подлежат рассмотрению в суде заявления органов рыбоохраны, лесного хозяйства, государственного надзора за соблюдением правил охоты о взыскании наложенных ими штрафов. В силу ст. 301 и ст.302 Кодекса Казахской ССР об административных правонарушениях взыскание штрафов, как меры административного взыскания, производится на основании постановления соответствующего органа или должностного лица о наложении штрафа;
      б) Министерство финансов Казахской ССР письмом от 23 января 1981 года N 26518 "О дополнительных льготах по государственной пошлине" освободило от уплаты государственной пошлины органы охотничьего хозяйства по искам о возмещении ущерба.
      При удовлетворении таких исков, а также исков о возмещении ущерба, причиненного лесонарушениями, судам следует в соответствии со ст. 95 ГПК взыскивать с ответчика в доход государства государственную пошлину пропорционально удовлетворенной части иска. Применительно к ст. 93 ГПК государственная пошлина подлежит взысканию с ответчика в доход государства и в том случае, если дело производством прекращено в связи с отказом истца от иска ввиду добровольного удовлетворения его ответчиком после предьявления иска, а также в случае, если истец не поддержал в суде исковые требования в связи с добровольным их удовлетворением ответчиком после предъявления иска, и суд по этим основаниям отказал в иске.
      17. (Пункты 17-18 утратили силу -постановлением Пленума Верховного Суда РК от 22 декабря 2000 г. N 16   P00016S_  )
      19. Признать утратившим силу постановление Пленума Верховного Суда Казахской ССР от 24 марта 1967 года N 4 "О судебной практике по уголовным делам о незаконном занятии водными промыслами и незаконной охотой" с изменениями и дополнениями, внесенными постановлениями Пленума от 24 июня 1971 года N 4, от 22 июня 1978 г. N 14 и от 30 марта 1979 г. N 1.