Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын қолдануы тәжiрибесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 16 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы № 8 Нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 8 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Соттардың қоршаған орта туралы заңдарды бiрыңғай түсiнуiн және дұрыс қолдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабына сәйкес адам өмірі мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi екендiгіне соттардың назары аударылсын.

      Баяндалып отырған конституциялық ереже қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды тиiмдi қолдану, сондай-ақ азаматтардың өздерiнiң денсаулығы мен өмiрi үшiн қолайлы ортаға құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ету уәкiлеттi мемлекеттi органдардың мiндетi болып табылады.

      2. Қоршаған ортаны қорғау мiндетiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен арнаулы құзырет органдары жатады.

      Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі мен оның аумақтық органдары - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган болып табылады.

      Арнаулы құзырет органдарына қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару мiндетiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өзге орталық атқарушы органдарға:

      - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру жөнiндегі агенттiгi - жер заңдарын сақтауды, жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды бақылау бөлігінде;

      - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегі агенттiгі - санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бақылау, қамтамасыз ету және сақтау бөлiгінде;

      - Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi - көлiк құралдарының атмосфераға зиянды заттарды шығаруына бақылау бөлiгінде;

      - басқа да уәкiлеттi органдар жатады.

      3. Қоршаған орта табиғи объектiлердiң, оның iшiнде табиғи ресурстардың - атмосфералық ауаны, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, олармен әрекеттестiкте климатты қоса алғанда, жанды және жансыз ресурстарының жиынтығы болып табылады.

      Табиғи ресурстар қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерiн (жер, оның қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi) қанағаттандыру үшiн шаруашылық немесе өзге де қызмет процесiнде пайдаланылатын қоршаған ортаның құрамдас бөлiктерi болып табылады.

      Атмосфералық ауаның, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, Қызыл Кiтапқа енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң және шаруашылық процесiнде пайдаланылмайтын басқа да табиғи объектiлердiң табиғи ресурстарға жатпайтынын соттар ескеруi тиiс.

      4. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы", "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарынан, Қазақстан Республикасының Орман және Су кодекстерiнен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң күшi бар Жарлықтарынан және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі қатынастарды реттейтiн басқа да заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

      Бұл орайда "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңмен реттелмейтiн бөлiгінде табиғи объектiлердi қорғау мен пайдалану мәселелерi Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiмен реттеледi.

      "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы 2-бабының 2-бөлiгіне байланысты қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі қатынастарды реттейтін, аталған Заңға қайшы келетiн өзге де құқықтық актiлердiң нормалары "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолдана алынатынын соттардың ескергені жөн.

      5. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы 86-бабының талаптарын негізге ала отырып, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына, ұйымдардың, азаматтардың немесе мемлекеттiң мүлкiне зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес зиянды өтеуге мiндеттi.

      Сондықтан қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзуға байланысты азаматтық iстердi қараған кезде соттардың зиянды зардаптардың басталғандығы туралы айғақ беретiн мән-жайларды мiндеттi тәртiппен айқындап алғаны, сондай-ақ зиян келтiрушiнi, кiнәнiң және себептiк байланыстың бар-жоқтығын анықтайтын шараларды қолданғаны жөн.

      Зиян келтiрушiнi анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда соттар табиғи ресурстардың меншiк иесiне немесе қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оны қорғау мiндетi жүктелген өзге де заңды иеленушiге жауапкершiлiк жүктеуге тиiс (ҚР Азаматтық кодексiнiң (бұдан әрi мәтiнде - АК) 917-бабының 1-бөлiгі, ҚР Экология және биоресурстар министрлiгі 1995 жылғы 21 маусымда бекiткен "Табиғат қорғау заңдарын бұза отырып қоршаған ортаға келтiрiлген залалдың мөлшерiн анықтаудың уақытша тәртiбiнiң" 1.12-тармағы).

      Жасалған әрекет пен басталған зиянды зардаптардың арасындағы себептiк байланыстарды анықтау мұндай зардаптар өзге факторлардан, оның iшiнде жаратылыстық-табиғаттық факторлардан туындады ма, олар жасалған құқық бұзушылыққа қатыссыз басталған, сондай-ақ жаратылыстану-табиғаттық факторлар басталған зиянды салдардың сипаты мен көлемiне қандай дәрежеде әсер еттi деген мәселенi айқындауды көздейдi.

      6. Жалпы ереже бойынша кiнә қоршаған ортаға келтiрген зиян үшiн мүлiктiк жауапкершiлiкке тартуға қажеттi негiз болып табылады, бұл орайда АК-ң 917-бабының 2-тармағына байланысты талапкер зиян келтiрушiнiң кiнәсiн анықтау мiндетiнен босатылады.

      Сонымен бiрге, соттар кейбiр жағдайларда зиян келтiрушінің кiнәсiнiң бар-жоқтығына қарамастан, қоршаған ортаға келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлетiнiн ескеруге тиiс.

      АК-ң 931-бабының 1-бөлiгіне, "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы 86-бабының 2-бөлiгіне байланысты қызметi қоршаған ортаға көтерiңкi қауiппен байланысты болатын заңды және жеке тұлғалар өздерi келтiрген зиянды кiнәсiнiң бар-жоқтығына қарамастан өтейдi.

      Заңды және жеке тұлғаның қызметi қоршаған ортаны қорғау үшiн көтерiңкi қауiп келтiре ме деген мәселенi сот "Экологиялық сараптама туралы" Заңының 1-бабында келтiрiлген ережелердi есепке ала отырып, әрбiр нақты жағдайда дербес шешедi.

      Қоршаған орта үшiн көтерiңкi қауiп болып табылатын қызметпен келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктi жүктеген кезде соттар АК-ң 931-бабының 1-бөлiгіне, "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы 86-бабының 2-бөлiгiне байланысты заңды және жеке тұлғалар өздерi келтiрген зиянды өтеу мiндетiнен, егер зиян жойқын күштiң немесе жәбiрленушi қаскөйлiгi салдарынан туындаған жағдайда босатылатынын ескеруге тиiс.

      Жекелеген жағдайда қоршаған орта үшiн белгiлi бiр қызметтiң көтерiңкi қаупі туралы заң актілерiнде тiкелей көрсетілгенiне соттардың назары аударылсын.

      Мәселен, ҚР Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң күшi бар Жарлығы 48-1-бабына байланысты қорғаныш аймағының шектерiндегі жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүзеге асыру қоршаған орта үшiн көтерiңкi қауiп болып табылады. Бұл жағдайда, су деңгейiнiң көтерiлуi жойқын күш болып табылатын мән-жайлардың қатарына жатпайтынын соттардың ескеруi тиiс.

      7. АК-ң 932-бабына сәйкес қоршаған ортаға бiрнеше адам болып бiрлесiп зиян келтiрген кезде оларға ортақ жауапкершiлiк жүктелетiнiне соттардың назары аударылсын.

      Сонымен бiрге, аталған жағдайларда сот талапкердiң өтiнiшi бойынша кiнәлi адамдарға, егер өндiрiп алудың мұндай тәртiбi қоршаған ортаны қорғау мүдделерiне сай келiп, келтiрiлген шығынды тиiмдi және сайып келгенде толық өтеудi қамтамасыз етсе, үлестiк жауапкершiлiк жүктеуге құқылы (АК-ң 932-бабының 2-бөлiгi).

      Сот кiнәлі тұлғаларға үлестiк жауапкершiлiктi жүктей отырып, олардың әрқайсысының кiнәсiнiң дәрежесiне сүйенуге тиiс, ал әрбiр зиян келтiрушiнiң кiнәсiнiң дәрежесiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жауапкершiлiк мөлшерi үлестердiң теңдiгiн негiзге ала отырып белгiленедi.

      Сондай-ақ бiрнеше тұлғалар экологиялық құқық бұзушылық жасаған кезде келтiрiлген зиян үшiн ортақ не үлестiк жауапкершiлiк жүктеуге аталған тұлғалардың бiрлесiп қатысуы анықталған эпизодтар бойынша ғана жол берiлетiнiн ескеру керек.

      Бұл жағдайда шешiмнiң қорытынды бөлігінде кiнәлi тұлғалардың iшiнен кiмге ортақ жауапкершiлiк, кiмге үлестiк жауапкершiлiк (оның мөлшерiн анықтай отырып) жүктелетінi көрсетiледi.

      8. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшiн мүлiктiк жауапкершiлiк мөлшерiн анықтаған кезде сот зиян келтiрушінің мүлiктiк жағдайын назарға алуға және зиянды өтеу мөлшерін, зиянды заңды тұлғаның не жеке тұлғаның қасақана әрекетiмен келтiрiлген жағдайларды қоспағанда, азайтуға құқылы (АК-i 935-бабының 5-бөлiгi).

      9. Қоршаған ортаны ластау деп қоршаған ортаға оның жағдайын экологиялық-санитариялық қолайлылық және қоғамның экономикалық мүдделерi тұрғысынан нашарлатуға әкеп соқтыратын заттар мен энергияның антропогендi шарттастырылған түсуi ұғынылады.

      Қоршаған ортаны ластаудың әр алуан негізгі түрлерi химиялық, механикалық (қоқыстау), биологиялық (жұқтыру), физикалық (радиациялық, акустикалық немесе электромагниттiк сәуле шығару, тербелiс, және т.б.) болып табылады.

      Сонымен бiрге, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды қолданған кезде соттар кез келген ластанудың емес, қоршаған орта сапасының белгіленген нормативтерiнен асатын ластанудың ғана заңды мәнi болатынын ескеруi тиiс.

      10. Экологиялық құқық бұзушылықтарды дәрежелеген кезде соттар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарда: бүлдiру, зақымдау, табиғи ресурстарды өз бетiмен және ұтымсыз пайдалану, табиғи ортаны өз бетiмен және нормативтен тыс ластау ұғымдары қамтылғанын ескеруге тиiс (Экология және биоресурстар министрлiгі 1996 жылғы 13 мамырда бекiткен "Табиғатты қорғау заңын бұзушылық арқылы табиғи ортаға келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтаудың уақытша тәртiбі", 1.2-1.7-тармақтар).

      Сонымен бiрге қолданыстағы заңдар жекелеген табиғи объектiлерге қатысты табиғи объектiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып экологиялық тәртiп бұзушылық ұғымын нақтылайды.

      Айталық, суды ластау ұғымы Қазақстан Республикасының Су кодексiнiң 100-бабында, жердi ластау - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 16 маусымдағы қаулысымен бекiтiлген "Ластанған және бұзылған жерлердi алу, қорғау және пайдалану тәртiбi туралы ережесiнде" берiледi.

      11. Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына келтiрiлген залалдың құнын бағалау кезiнде, сондай-ақ тараптар берген есептi тексеру үшiн соттар қоршаған ортаның әрбiр нақты объектiсiне қатысты белгіленген нормативтер мен кесiмдi бағаны қолданады.

      Атап айтқанда, өтеуге жатқызылған зиянның құнын бағалау кезiнде:

      - ауылшаруашылық және орман алқаптарына келтiрiлген залалдың есебi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 299 қаулысымен бекiтiлген "Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiне келтiрiлген зиянды және меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға келтiрiлген өтелуге жататын шығындарды айқындау тәртiбi туралы қағидаға" (ҚР Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 маусымдағы N 708 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстерiмен), сондай-ақ ҚР Министрлер Кабинетiнiң "Орман заңдарының бұзылғаны және Қазақ КСР-ның Қызыл кiтабына енгізiлген өсiмдiктердi заңсыз жинағаны немесе зақымдағаны үшiн материалдық жауаптылық туралы" 1993 жылғы 23 ақпандағы N 136 қаулысына;

      - балық қорына және гидробионтқа келтiрілген залалдың есебi ҚР Министрлер Кабинетiнiң "Жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" (1993 жылғы 15 қыркүйектегі N 889 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстерiмен) 1992 жылғы 26 наурыздағы N 281 қаулысына;

      - қоршаған ортаның жекелеген объектiлерiн мұнай өнiмдерінің, қабатталған сулардың ластауы нәтижесiнде, сондай-ақ рұқсат берiлмеген мұнай амбарларын орналастыру кезiнде келтiрiлген залалдың есебi 1996 жылғы 13 мамырда ҚР Экология және биоресурстар министрлiгі бекiткен "Атмосфералық, жер және су ресурстарының мұнай өнiмдерiмен, қат-қабат сулармен ластанған кезiнде және бекiтiлмеген мұнай қамбаларын орналастыру кезiндегi зиянды есептеуге уақытша әдiстемесiне";

      - басқа да табиғи объектiлер мен халықтың денсаулығына келтiрiлген залал есебiнiң қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүргiзiлетінін ескеру қажет.

      Егер залалды есептеу тәртiбi арнаулы нормативтiк құқықтық актiлермен реттелмесе, оның мөлшерi келтiрiлген залал, оның iшiнде қолдан шығарылған пайда ("Қоршаған ортаны қорғау туралы" ҚР Заңының 86-бабы) ескерiле отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн қалпына келтiруге жұмсалған нақты шығынның мөлшерi бойынша анықталады.

      Берiлген есептердiң дұрыстығына күдiк тудырылса не тараптардың бiрi қарсылық бiлдiрсе, қайшылықты тексеру және жою мақсатында сот Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргізу кодексiнiң (бұдан әрi мәтiн бойынша - АIЖК-нiң) 91-бабына сәйкес тиiстi сараптама тағайындайды.

      12. Кез келген мемлекеттiк және мемлекеттiк емес, ұлттық және шетелдiк заңды және жеке тұлғалар ластандыру (зиян келтiру) субъектiсi болуы мүмкiн.

      Қоршаған ортаға зиянды заттарды төгетiн немесе өзге де ретпен шығаратын объект ластау көзi болып табылады.

      Қоршаған ортаны ластау тәсiлдерi болып мыналар табылады:

      1) белгіленген нормалар мен ережелердi бұза отырып жүзеге асырылған шаруашылық қызмет;

      2) табиғат пайдаланумен байланысты емес өзге де заңға қайшы қызмет;

      3) авариялар мен апаттар;

      4) елімiздiң аумағына экологиялық жағынан қауiптi тауарлар мен заттар әкелу.

      Табиғи ресурстар да (топырақ, жер қойнауы, су, орман мен өзге де өскiндер, жануарлар дүниесi), табиғи ресурстарға жатпайтын табиғат объектiлерi де (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, атмосфералық ауа, Қызыл кiтапқа енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктер және т.б.) экологиялық тәртiп бұзушылық объектiсi болып табылады. Сонымен бiрге климат және басқа табиғи экологиялық жүйелер, табиғат пайдалану саласындағы басқару қатынастары, меншiк құқығы қатынастары мен өзге де табиғи ресурстарға қатынастар және тағы басқалары да экологиялық тәртiп бұзушылық объектiлерi болады.

      13. Мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаны қорғау міндетiн жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелерi қоршаған ортаға келтiрiлген залалдың орнын толтыру жөнiндегі iс бойынша талапкер болуы мүмкiн.

      Қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтар "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңның 5, 6-баптарына орай заңды және жеке тұлғалардың қоршаған ортаға және адамның денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн тоқтату туралы сотқа талап қоюға құқылы.

      Қоғамдық бiрлестiктердiң белгіленбеген адамдар тобының экологиялық мүдделерiн қорғау үшiн басқалай талап қоюға құқығы жоқ, өйткенi ҚР АIЖК-нiң 8-бабына сәйкес белгiленбеген адамдар тобының мүддесiн қорғап сотқа жүгіну құқығы заң актілерiнде тiкелей көрсетiле отырып туындайды.

      14. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 13 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында табиғи ресурстар жалпы не арнайы табиғат пайдалану құқығында болады.

      Жалпы табиғат пайдалану Қазақстан халқының өмiрлiк тұтыну қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн табиғат қорғау объектiлерiн оларды табиғат пайдалануға берместен, заңдармен көзделген шектеулердi қоспағанда, тегiн пайдалану негізiнде жүзеге асыру құқығын бiлдiредi.

      Арнайы табиғат пайдалану заңды және жеке тұлғалардың оларға уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың белгілеген тәртiпте берген табиғи ресурстарды пайдалану құқығын бiлдiредi.

      Арнайы табиғат пайдалану құқығы тұрақты және уақытша, оқшауланған немесе оқшауланбаған, ақылы немесе ақысыз берiлген, бiрiншi және екiншi болуы мүмкiн.

      Табиғи ресурстарға заттай құқық (оның iшiнде сервитут), сондай-ақ белгiленген лимит шегінде шаруашылық қызметтi жүзеге асыру процесiнде қоршаған ортаны ластау құқығы арнайы табиғат пайдалану құқығының ерекше түрi болып табылады.

      15. Соттар табиғи ресурстарды арнайы табиғат пайдалануға беру мәселесiнiң заңға тәуелдi арнайы нормативтiк құқықтық актiлермен реттелетiнiн назарға алуы тиiс.

      Айталық, жер қойнауын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекiту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 қаулысымен белгiленген тәртiпте жасалған келiсiм-шарт негізiнде берiледi.

      Кәсiпшiлiк балық аулау және басқа да су жануарларын кәсiпшiлiк пайдалану құқығын беру тәртiбi Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Орман, балық және аң аулау шаруашылығы комитетiнiң 1999 жылғы 26 сәуiрдегі N 84 бұйрығымен бекiтiлген "Балық ресурстарын пайдалану ресiмінің тәртiбi туралы нұсқаулықпен" реттеледi.

      Аң аулау құқығы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығын беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 25 қыркүйектегi N 1282 қаулысымен, сондай-ақ ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң "Аңшылық билетiн беру ережесi туралы" 2000 жылғы 3 тамыздағы N 308-П бұйрығымен белгiленген тәртiпте берiледi.

      Жер үстi және жер асты суларын пайдалану құқығы ҚР Министрлер Кабинетiнiң "Арнайы су пайдалануға келiсу және оған рұқсат беру тәртiбiн бекiту туралы" 1994 жылғы 29 желтоқсандағы N 1482 қаулысымен, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгінің су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң бұйрығымен бекiтілген "Жер үстi суларын пайдалану үшiн арнайы су пайдалануға келiсу және оған рұқсат беру тәртiбi туралы нұсқаулықпен" реттеледі.

      16. Соттар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдармен белгiленген лимит шегiнде шаруашылық және өзге де қызметтердi жүзеге асыру процесiнде қоршаған ортаны ластауға жол берiлетiнiне назар аударатын болсын.

      Нәтижесiнде қоршаған ортаны ластайтын шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар арнайы табиғат пайдалануға Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрiнiң 2000 жылғы 19 қаңтардағы N 17-П бұйрығымен бекiтiлген "Арнайы табиғат пайдалануға рұқсат беру ережелерiмен" белгіленген тәртiпте қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн рұқсатты алуға мiндеттi.

      Аталған рұқсат табиғат пайдаланудың нақты мерзiмдерi, көлемi мен нормалары, шарттары және қолданылатын технология көрсетiле отырып шаруашылық және өзге де қызметi (табиғи ресурстарды пайдалану (алу), ластаушы заттарды төгу мен шығару, өндiрiс қалдықтарын орналастыру мен тұтыну) нәтижесiнде қоршаған ортаны ластауға құқығын куәландыратын құжат болып табылады.

      Соттар рұқсаттың қолданылу мерзiмi оның берiлген күнiне қарамастан, рұқсат етiлген күнтiзбелiк жыл шегінде шектелетiнiне назар аударатын болсын (аталған Ереженiң 1.7-тармағы).

      17. Соттар уәкiлеттi органның арнайы табиғат пайдалану құқығын беруден және оған рұқсат беруден, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген қосымша талаптар белгiлеуден бас тартуымен байланысты заңсыз әрекеттерiне шағымдану туралы азаматтардың арыздары ҚР АIЖК-нiң 27-тарауымен көзделген тәртiпте қаралатынын назарда ұстағаны жөн. Егер шағым иесi заңды тұлға болып табылса, дау талап арыз өндiрiсi тәртiбiмен қаралады.

      18. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңның 13-бабына сәйкес арнайы табиғат пайдалану құқығы ақылы не ақысыз болуы мүмкiн.

      Егер арнайы табиғат пайдалану құқығы ақылы жүзеге асырылатын болса, төлемдер мөлшерi пайдаланылатын табиғи ресурстардың түрлерiне және осындай пайдаланудың сипатына қарай заңға тәуелдi нормативтік актiлермен, оның iшiнде:

      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "ҚР-ның азаматтары мен заңды тұлғаларының жабайы аңдарды аулауына арналған бiрыңғай ең төменгі төлем ставкаларын бекiту туралы" 1998 жылғы 11 тамыздағы N 760 қаулысымен;

      - ҚР Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында су жануарларын кәсiпшiлiк пайдалану үшiн және спорт-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулау жүргізуге арналған рұқсаттың құнын бекiту туралы" 1998 жылғы 28 шiлдедегi N 711 қаулысымен;

      - ҚР Yкiметiнiң "ҚР-ның экономика салалары бойынша жер бетi көздерiнiң су ресурстарын пайдалану үшiн ақы есептеу, алу мен енгiзудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы ҚР-ның экономикалық саласы бойынша су ресурстарының жер бетiндегi көздерiн пайдаланғаны үшiн ақы есептеу, өндiрiп алу мен енгiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 7 тамыздағы N 1227 қаулысымен;

      - ҚР Yкiметiнiң "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" 1996 жылғы 8 мамырдағы қаулысымен;

      - ҚР Yкiметiнiң "Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағында жабайы аңдарды аулауына арналған бiрыңғай ең төмен төлем ставкаларын бекiту туралы" 1998 жылғы 22 шiлдедегі N 688 қаулысымен;

      - өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленедi.

      Сонымен бiрге табиғат пайдаланушыда арнайы табиғат пайдалануға тиiстi тәртiппен ресiмделген рұқсаттың болмауы залалды өтеумен бiрге табиғат объектiлерiн өз бетiмен пайдаланғаны үшiн тиiстi төлемдер төлеу мiндетiнен босатпайды.

      19. Соттар заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық немесе өзге де қызметтердi жүзеге асыру процесiнде қоршаған ортаны ластау құқығы да арнайы табиғат пайдаланудың ақылы түрiне жататынына назар аударуы тиiс.

      Айталық, "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 29-бабына сәйкес қоршаған ортаны ластау төлемдерінің ставкасын ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң келiсiмi бойынша жыл сайын белгiленген лимиттер (квота) шегінде облыстардың (Астана және Алматы қалаларының) әкiмдерi бекiтедi.

      Сонымен бiрге "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" ҚР Заңының 38-бабы 1-бөлiгiнiң күшiне орай облыс (Астана және Алматы қалалары) әкiмдерi бекiткен қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер ставкасының, олар ҚР-ның Әдiлет министрлiгінде тiркелген жағдайда ғана, заңды күшi болады.

      20. Қоршаған ортаны белгiленген лимиттен тыс ластағаны үшiн ақы бекiтiлген нормативтiк ставканың еселенген мөлшерiнде алынады, сонымен бiрге белгiленген нормативтерден асып кеткенi үшiн өндiрiлiп алынатын төлемдердiң еселенуi ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі бекiткен әдiс бойынша белгіленедi.

      Егер қалдықтарды төгуге (шығаруға) және орналастыруға рұқсат (лимит) белгiленген тәртiпте ресiмделмей табиғи ортаны ластауға жол берiлсе, ластайтын заттардың барлық көлемі нормативтен тыс ластау болып есептеледi.

      Сонымен бiрге соттар нормадан тыс ластауға төленетiн төлемдердiң көтерiлген мөлшерi табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлік шарасы болып табылатынын, сондықтан ол әр нақты жағдайда ҚР АК-нiң 917-бабында көзделген негіздер мен жағдайларға байланысты қолданылатынын ескеруге тиiс.

      ҚР Экология министрлiгі 1995 жылғы 21 маусымда бекiткен Табиғат қорғау заңдарын бұзудан табиғи ортаға келтiрiлген залалды белгiлеудiң уақытша тәртiбiне сәйкес төгiндiлердiң (шығарындылардың) белгіленген нормативтерден асып кеткендiгін айғақтайтын инструменталдық өлшемдер мен талдаулар алғашқы тексеруге дейiнгі кезеңге қолданылады, бiрақ ол 3 айдан аспауға тиiс.

      21. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, өндiрiс қалдықтарын орналастырғаны үшiн және өзге де зиянды ықпалдардың түрлерiне "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңмен және қолданыстағы заң актiлерiмен көзделмеген қосымша төлемдер өндiрiп алуға жол берiлмейдi.

      Осыған байланысты, қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердiң есептелуiнiң дұрыстығын тексерген кезде соттар ҚР Экология және биоресурстар министрi 1994 жылғы 9 тамызда бекiткен "Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн төлем төлеудi анықтау әдiстемесiн", ҚР Үкiметi бекiткен 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 1213 қаулысымен бекiтiлген "Қоршаған ортаны ластағаны үшiн ақы алудың ережелерiн", ҚР Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы N 693 бұйрығымен бекiтiлген "Қоршаған ортаны ластағаны және табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшiн төлемдер есептеу мен енгізу тәртiбi туралы" нұсқаманы басшылыққа алуға тиiс.

      22. Тiзбесi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 21-бабында берiлген, табиғи ресурстарды пайдалану жөнiндегі жекелеген қызмет түрлері мiндеттi түрде лицензиялануға тиiс екендiгін, сонымен бiрге лицензия берушiлер тiзбесiн ҚР Үкiметi бекiтетiнiн, ал лицензия шарттары мен оны беру тәртiбi заңдармен реттелетiнiн соттардың назарда ұстауы тиiс.

      Сонымен бiрге, лицензия берушiлер тiзбесiн, сондай-ақ лицензиялардың шарттары мен берiлу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң болмауына байланысты, тараптардың аталған заңның 21-бабын қолдану туралы талабын сот iс жүзiнде қарай алмайды.

      Сондай-ақ "Лицензиялау туралы" ҚР Заңының 7-бабының 1-тармағы ережелерiнiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiне жатпайтынын да ескерген жөн.

      23. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды шешкен кезде "Экологиялық сараптама туралы" ҚР Заңының 14-бабымен мiндеттi экологиялық сараптамаға жататын объектiлер тiзбесi белгіленгенiн соттардың ескергенi жөн, мұндайда қызметтi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асыру - "Экологиялық сараптама туралы" ҚР Заңының 39-бабына орай табиғат қорғау заңдарын бұзушылық болып табылады.

      24. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзумен байланысты iстердi қараған кезде соттар жiберiлген тәртiп бұзушылық сипатын анықтау шараларын қабылдауға, мәлiмделген талаптардың құқықтық негіздемелерiн анықтауға, сондай-ақ тараптардан тиістi есептер мен оны өткiзу әдiстерiн, өлшем актiлерiн, лабораториялық талдау нәтижелерiн және АIЖК-нiң 64-бабына орай iс бойынша дәлелдеме болып танылуы мүмкiн басқа да деректердi талап етуi тиiс.

      Заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң қатысуымен дауды шешкен кезде соттар талапкерден дауды сотқа дейiнгі тәртiппен реттеудiң дәлелдемесiн талап етуге тиiс.

      Шешiмнiң дәлелдеу бөлiгінде орындалмауы құқық бұзушылықты дәрежелеу үшiн негіз болып табылатын "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 20-бабымен табиғат пайдаланушыға жүктелген нақты мiндеттемелердi көрсете отырып, қолданылып жүрген заңдардың нормаларына мiндеттi түрде сiлтеме жасаған жөн.

      25. Заңды және жеке тұлғалардың қоршаған ортаға және адамның денсаулығына терiс ықпал ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн тоқтату туралы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктер қойған талаптарды қараған кезде ("Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 5, 6-баптары) соттар заңға қайшы қызмет туралы да, заңды (рұқсат етілген) қызмет туралы да шешiм шығаруға құқылы, өйткенi құқық бұзушылық емес, қоршаған орта мен адамның денсаулығына терiс ықпал еткен, тиiстi сараптама қорытындысымен танылған фактiнi анықтау - осы санаттағы істер бойынша шағым талаптарын қанағаттандыру үшiн негiздеме болып табылады.

      Экологиялық жағынан зиянды қызметтi тоқтату туралы шағым-талапты қанағаттандыру туралы шешiм қабылдай отырып, соттар терiс ықпалды тоқтату тек объектiнi жабу жолымен ғана емес, сондай-ақ жауапкерге терiс ықпал көздерiне: жөндеу жүргізуге, қайта құруға, тазартушы жаңа құрылыстар жүргізуге, табиғат пайдалану жағдайларын өзгертуге және т.б. бағытталған iс-қимыл жасауы жөнiнде мiндеттеме жүктеу жолымен де мүмкiн екендiгін назарда ұстауы керек.

      26. Соттың жауапкершiлiкке тартылған адамның бұрын белгіленген тәртiппен дау тудырмаған табиғат қорғау заңдарының сақталуын тексеру актiсiнiң тұжырымдарына қатысты қарсылығын мәнi бойынша қараудан бас тартуына құқығы жоқ.

      27. Тиiстi рұқсат алмай өндiрiс қалдықтарын орналастырғаны үшiн, тасушы қалдықтарды тасу туралы шарт бойынша тиiстi рұқсат алу мiндетiн өзiне қабылдаған жағдайларды қоспағанда, бұл қалдықтарды өндiрiстiк қызметi нәтижесiнде шығарған шаруашылық жүргізушi субъект жауапқа тартылуға тиiс.

      28. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзушылықпен байланысты iстер бойынша талапкердiң талап-шағымнан бас тартуын қабылдау және бiтiмгерлік келiсiм бекiту туралы мәселенi сот АIЖК-нiң 49-бабының 2-бөлiгінiң талаптарын ескере отырып шешедi.

      Айталық, егер iстеп барлық дәлелдемелер, тәртiп бұзушы өз еркiмен зиянды толық өтеген жағдайларды қоспағанда, экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшiн мүлiктiк жауапкершiлiкке тартуға негіздер мен жағдайлардың дәлелдемесi болса, сотта талапкердiң талап-шағымнан бас тартуын қабылдауға жол берiлмейдi.

      Сонымен бiрге, соттың табиғи объектiлердi пайдаланғаны үшiн (оның iшiнде өз еркiмен) ерiксiз төлемдер өндiрiп алумен байланысты iс бойынша талап-шағымнан бас тартуды қабылдауға құқығы жоқ.

      Бiтiмгерлiк келісiмдi бекiту туралы шешім қабылданған кезде соттар АК-тiң 935-бабы 5-бөлiгінiң қоршаған ортаға қасақана зиян келтiрген заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың мүліктiк жауапкершiлiгін азайтуға жол бермейтiн талаптарын басшылыққа алуға тиiс.

      Қолданыстағы заңдарда табиғи объектiлердi пайдаланғаны үшiн төленуге жататын төлемдер мөлшерiн төмендету мүмкiндiгі (оның iшiнде өздiгімен) көзделмегендiктен, соттардың осындай талаптары бар бiтiмгершiлiк келiсiмдердi бекiтуге құқығы жоқ.

      29. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 86-бабы 1-бөлiгіне сәйкес зиянның өтелiп алынған сомасы қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк қоры есебiне аударылуға тиiс.

      30. Азаматтық iстердi қараған кезде соттар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуына ықпал еткен мән-жайларды мұқият зерделеуге, мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың, шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң қызметiндегі нақты кемшiлiктер мен жолсыздықтарды, нәтижесiнде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуына соқтырған жекелеген лауазымды адамдардың заңсыз iс-қимылдары жөнiндегі фактiлердi белгілеуге тиiс.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 1 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) Нормативтік қаулысымен.

      31. Осы қаулының қабылдануына байланысты 1989 жылғы 31 наурыздағы өзгерiстерiмен және толықтыруларымен қоса Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1986 жылғы 28 наурыздағы "Соттардың табиғатты қорғау туралы заңдарды қолдану практикасы туралы" N 2 P86012s_ қаулысының 1, 3, 6, 17 және 18-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын, ал КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1986 жылғы 16 қаңтардағы N 2, 1988 жылғы 23 желтоқсандағы N 16 және 1990 жылғы 30 қарашадағы N 9 қаулыларымен енгiзiлген өзгерiстерiмен және толықтыруларымен қоса КСРО Жоғарғы соты Пленумының "Соттардың табиғатты қорғау туралы заңдарды қолдану практикасы туралы" 1983 жылғы 7 шiлдедегі N 4 қаулысы Қазақстан Республикасында қолданылмайды деп есептелсiн.

      Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енгізiледi.

Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады