Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Басқару органдары аппараты қызметкерлерiне еңбекақы төлеу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1992 жылғы 8 қаңтардағы N 13. Күшін жойды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 маусым N 855 қаулысымен ~P000855

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жалақыға және тұтынуға жұмсалатын қаржының өсiмiне шектеулердi жою туралы әрi бюджеттiк ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерiнiң жалақысын өсiру туралы" 1991 жылғы 12 желтоқсандағы N 541 U910541_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының орталық аппараты, халық депутаттары жергiлiктi кеңестерi атқару комитеттерiнiң, олардың басқармалары мен бөлiмдерiнiң және басқа республикалық басқару органдарының аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары бөлшек-сауда бағаларының өзгеруiне байланысты қосымша шығындардың өтемi осы жалақыларға қосылып, N 1-10 кестелерге сәйкес бекiтiлсiн.
      Мемлекеттiк басқару органдарының басшыларына сыйлық беру, сондай-ақ лауазымдық жалақыларға үстемелер белгiлеу жоғары тұрған органның шешiмiмен жүргiзiледi.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi 1991 жылғы 12 желтоқсандағы N 541 Жарлығымен:
      бюджеттiк қаржыландырудағы ұйымдар мен мекемелерге еңбекақы төлеудiң формалары мен жүйелерiн өздiгiнен белгiлеуге, ынталандырушы сипаты бар үстемелердiң, қосымшалардың, сыйлықтардың және басқа төлемдердiң мөлшерiн, сондай-ақ еңбекақы төлеуге бөлiнген бюджет қаржыларының шегiнде әртүрлi категориядағы қызметкерлер санының арақатынасын есепке алмай құрылымдар мен штаттарды айқындауға;
       халық депутаттары облыстық Кеңестерiнiң атқару комитеттерiне, Алматы және Ленинск қалалық атқару комитеттерiне қосымша қаражат тапқан жағдайда қарамағындағы бюджеттiк қаржыландырудағы ұйымдарда iстейтiн қызметкерлердiң ставкалары мен жалақыларын тиiстi бюджеттердiң есебiнен өсiруге хұқық бергенi ескерiлiп, басшылыққа алынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне лауазымдық жалақылардың жаңа кестелерiне сәйкес бiр жылға есептеп, республикалық мемлекеттiк басқару органдарының еңбекақы төлеу қорын анықтап, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне енгiзу тапсырылсын.
      4. Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ КСР Мемлекеттiк басқару органдары аппаратының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудi жетiлдiру туралы" 1991 жылғы 31-шiлдедегi N 460 қаулысының 1,5,6,7,11,12,14-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.
      5. Осы қаулыда көзделген еңбекақы төлеу шарттары тиiстi бюджеттердiң есебiнен 1991 жылғы 15 желтоқсанына енгiзiледi.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Об оплате труда работников Аппарата органов государственного управления Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 8 января 1992 г. N 13. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 6 июня 2000 года N 855 ~P000855

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан "Об отмене ограничений на заработную плату и на прирост средств, направляемых на потребление, и о повышении заработной платы работников бюджетных организаций и учреждений" от 12 декабря 1991 г. N 541 U910541_ Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить должностные оклады работников центрального аппарата министерств и ведомств Республики Казахстан, аппарата исполкомов, местных Советов народных депутатов, их управлений и отделов и других республиканских органов управления, с исключением в эти оклады компенсации дополнительных расходов, связанных с изменениями розничных цен согласно таблицам 1-10.
      Премирование руководителей органов государственного управления, а также установления надбавок к должностным окладам производятся по решению вышестоящего органа.
      2. Принять к сведению и руководству, что Президент Республики Казахстан Указом от 12 декабря 1991 г. N 541 предоставил право:
      организациям и учреждениям, находящимся на бюджетном финансировании, самостоятельно устанавливать формы и системы оплаты труда, определять размеры надбавок, доплат, премий и других выплат стимулирующего характера, а также структуры и штаты без учета соотношений численности работников различных категорий в пределах выделенных бюджетных ассигнований на оплату труда;
      исполкомам областных Советов народных депутатов, Алма-Атинскому и Ленинскому горисполкомам при изыскании дополнительных средств повышать за счет соответствующих бюджетов ставки и оклады работников, занятых в подведомственных организациях, находящихся на бюджетном финансировании.
      3. Поручить Министерству финансов Республики Казахстан определить фонд оплаты труда республиканских органов государственного управления в расчете на год в соответствии с новыми схемами должностных окладов и внести на утверждение в Кабинет Министров Республики Казахстан.
      4. Признать утратившими силу пункты 1, 5, 6 и 7 постановления Кабинета Министров Казахской ССР от 31 июля 1991 г. N 460 "О совершенствовании оплаты труда работников аппарата органов государственного управления Казахской ССР".
      5. Условия оплаты труда, предусмотренные настоящим постановлением, вводятся с 15 декабря 1991 г. за счет соответствующих бюджетов.
       Премьер-министр
     Республики Казахстан
                      Приложение таблицы