1. Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының орталық аппараты, халық депутаттары жергiлiктi кеңестерi атқару комитеттерiнiң, олардың басқармалары мен бөлiмдерiнiң және басқа республикалық басқару органдарының аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары бөлшек-сауда бағаларының өзгеруiне байланысты қосымша шығындардың өтемi осы жалақыларға қосылып, N 1-10 кестелерге сәйкес бекiтiлсiн.
Мемлекеттiк басқару органдарының басшыларына сыйлық беру, сондай-ақ лауазымдық жалақыларға үстемелер белгiлеу жоғары тұрған органның шешiмiмен жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының Президентi 1991 жылғы 12 желтоқсандағы N 541 Жарлығымен:
бюджеттiк қаржыландырудағы ұйымдар мен мекемелерге еңбекақы төлеудiң формалары мен жүйелерiн өздiгiнен белгiлеуге, ынталандырушы сипаты бар үстемелердiң, қосымшалардың, сыйлықтардың және басқа төлемдердiң мөлшерiн, сондай-ақ еңбекақы төлеуге бөлiнген бюджет қаржыларының шегiнде әртүрлi категориядағы қызметкерлер санының арақатынасын есепке алмай құрылымдар мен штаттарды айқындауға;
халық депутаттары облыстық Кеңестерiнiң атқару комитеттерiне, Алматы және Ленинск қалалық атқару комитеттерiне қосымша қаражат тапқан жағдайда қарамағындағы бюджеттiк қаржыландырудағы ұйымдарда iстейтiн қызметкерлердiң ставкалары мен жалақыларын тиiстi бюджеттердiң есебiнен өсiруге хұқық бергенi ескерiлiп, басшылыққа алынсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне лауазымдық жалақылардың жаңа кестелерiне сәйкес бiр жылға есептеп, республикалық мемлекеттiк басқару органдарының еңбекақы төлеу қорын анықтап, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне енгiзу тапсырылсын.
4. Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ КСР Мемлекеттiк басқару органдары аппаратының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудi жетiлдiру туралы" 1991 жылғы 31-шiлдедегi N 460 қаулысының 1,5,6,7,11,12,14-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.
5. Осы қаулыда көзделген еңбекақы төлеу шарттары тиiстi бюджеттердiң есебiнен 1991 жылғы 15 желтоқсанына енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi