1. Айына 1200 сомнан аспайтын зейнетақы алатын жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге 1992 жылғы шiлдеде 250 сом мөлшерiнде бiр мезгiлдiк төлемдер берiлсiн.
Осы аталған төлемдер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне де қолданылсын.
2. Материалдық жағдайына қарамастан балалы отбасыларына 1992 жылғы шiлдеде мына мөлшерлер негiзге алынып:
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бала туғанда берiлетiн бiр жолғы жәрдемақы, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына бiрыңғай жәрдемақы, жалғызiлiктi аналарға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау мен төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" 1992 жылғы 2 наурыздағы N 177 қаулысына сәйкес айына 3 жасқа дейiн - 433 сом, 3 жастан 18 жасқа дейiн - 317 сом бiрыңғай жәрдемақы төленсiн.
3. Бұдан былай белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаржыларынан өтелетiндей етiп, зейнетақы қорының есебiнен зейнеткерлерге - зейнетақы алатын жерлерiнде, балалы отбасыларына - аналары жұмыс iстейтiн жерлерде бiр апта мерзiмде өтемдер мен жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылсын.
4. Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес 1992 жылғы 8 шiлдедегi N 584 қаулысының 4 тармағының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ=ы, 1992 ж., N 28, 416-бап);
5. Ең төменгi зейнетақы мөлшерiнiң 1992 жылғы 1 тамыздан бастап 900 сомға дейiн өсуiне байланысты Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi уақтылы қайта есептеулер жасалып, қарттығы бойынша 900 сомнан кем болмайтын
мөлшерде зейнетақылар төленуiн қамтамасыз етсiн. 6. Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк банкiнiң бiрiншi кезекте зейнетақылар мен жәрдемақылардың төленуiн қолға берiлетiн ақшамен қамтамасыз ететiнi еске алынсын. 7. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi