Халықтың табысы аз топтарына мемлекеттiк қолдау жасау жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 8 шiлде 1992 ж. N 584. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.16. N 789 қаулысымен. ~P020789

      Бағаның одан әрi ырықтандырылуы жағдайында халықтың табысы аз топтарының әлеуметтiк жағынан қорғалуын күшейту жөнiнде мақсатты әрi нысаналы саясат жүргiзу үшiн және Қазақстан Республикасының "Қосылған құнға салынатын салық туралы "Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Айына 1200 сомнан аспайтын зейнетақы алатын жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге 1992 жылғы шiлдеде 250 сом мөлшерiнде бiр мезгiлдiк төлемдер берiлсiн.
      Осы аталған төлемдер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне де қолданылсын.
      2. Материалдық жағдайына қарамастан балалы отбасыларына 1992 жылғы шiлдеде мына мөлшерлер негiзге алынып:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бала туғанда берiлетiн бiр жолғы жәрдемақы, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына бiрыңғай жәрдемақы, жалғызiлiктi аналарға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау мен төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" 1992 жылғы 2 наурыздағы N 177 қаулысына сәйкес айына 3 жасқа дейiн - 433 сом, 3 жастан 18 жасқа дейiн - 317 сом бiрыңғай жәрдемақы төленсiн.
      3. Бұдан былай белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаржыларынан өтелетiндей етiп, зейнетақы қорының есебiнен зейнеткерлерге - зейнетақы алатын жерлерiнде, балалы отбасыларына - аналары жұмыс iстейтiн жерлерде бiр апта мерзiмде өтемдер мен жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылсын.
      4. Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес 1992 жылғы 8 шiлдедегi N 584 қаулысының 4 тармағының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ=ы, 1992 ж., N 28, 416-бап);
      5. Ең төменгi зейнетақы мөлшерiнiң 1992 жылғы 1 тамыздан бастап 900 сомға дейiн өсуiне байланысты Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi уақтылы қайта есептеулер жасалып, қарттығы бойынша 900 сомнан кем болмайтын

мөлшерде зейнетақылар төленуiн қамтамасыз етсiн.
     6. Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк банкiнiң бiрiншi
кезекте зейнетақылар мен жәрдемақылардың төленуiн қолға берiлетiн
ақшамен қамтамасыз ететiнi еске алынсын.
     7. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады