1. Қазақстан Республикасы Халыққа бiлiм беру министрлiгiнiң 1992 жылғы 1 қыркүйектен бастап орыс тiлi тереңiрек оқытылатын және әскери-дене тәрбиесi әзiрлiгi күшейтiлген Қарағанды және Шымкент арнаулы мектеп-интернаттарын республикалық оқу орындары етiп қайта құру туралы;
аталған мектептердi тиiсiнше Қарағанды және Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаттары деп атын өзгерту туралы;
орыс тiлi тереңiрек оқытылатын және әскери-дене тәрбиесi әзiрлiгi күшейтiлген Совет Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық арнаулы мектеп-интернатын Совет Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты деп атын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен, Қарағанды, Шымкент облыстық және Алматы қалалық әкiмдерiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi