Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк ломбарды туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 6 тамыз 1992 ж. N 660. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Кепiл туралы" Заңының 26-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк ломбарды туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн. 
      2. Мыналардың: 
      Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Ломбардтың бiрыңғай Жарғысын бекiту туралы" 1968 жылғы 23 желтоқсандағы N 738 қаулысының; 
      Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1968 жылғы 23 желтоқсандағы N 738 қаулысымен бекiтiлген "Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Ломбардтың бiрыңғай Жарғысының 11-тармағының қосымшасына iшiнара өзгерiстер енгiзу туралы" 1970 жылғы 23 наурыздағы N 198 қаулысының" күшi жойылған деп танылсын. 

    Қазақстан Республикасының
    Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы         
Министрлер Кабинетiнiң         
1992 жылғы 6 тамыздағы         
N 660 қаулысымен            
Бекiтiлген                

Мемлекеттiк ломбард туралы 
Ереже 

       1. Мемлекеттiк ломбард "Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының нормаларына сәйкес құрылады, өзiнiң Жарғысы тiркелген сәттен бастап ол заңды ұйым хұқына ие болады және мүлiктердi кепiлдiкке алып ақшалай қарыз беретiн және мүлiктердi сақтайтын мамандандырылған кәсiпорын болып табылады.<*> 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.01.19. N 71 қаулысымен.
        2. Мемлекеттiк ломбард өз қызметiнде "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi" (жалпы бөлiм) және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiн, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жасалған Жарғыны басшылыққа алады.<*> 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.01.19. 
N 71 қаулысымен. 
      3. Мемлекеттiк ломбард өзiнiң мамандандырылған қызметiнен басқа, заңға қайшы келмейтiн әрi кәсiпорнының Жарғысына сай келетiн басқа да кез-келген қызмет түрiнiң бағыттарын өз бетiнше анықтап, жүзеге асырады, сонымен қатар түскен пайданы қалауынша жұмсайды. 
      4. Мемлекеттiк ломбардқа сақтауға немесе кепiлге өткiзiлген мүлiк оның иесiнiң еркiнен тыс соттың заңды түрде күшiне енген шешiмiмен немесе үкiмiмен немесе тергеу органдарының қаулысымен ғана алынуы мүмкiн. 
      Осы аталғандай жағдайларда мүлiк алынған кезде оны алушы ломбардқа сақтау құнын, сондай-ақ берiлген қарызды процентiмен төлеуге тиiс. 
      5. Мемлекеттiк ломбард: 
      паспортын немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатын көрсеткен жасы 18-ге толған азаматтардан асыл металдар мен тастардан жасалған бұйымдарды, жеке пайдаланудағы және тұрмыста ұсталатын заттарды сақтауға қабылдайды және оның бағаланған толық сомасының мөлшерiнде материалдық жауапкершiлiктi өз мiндетiне алады; 
      азаматтарға асыл металдар мен тұрмыста ұсталатын және жеке пайдаланудағы заттар үшiн кепiл ретiнде қарызға ақша бередi; 
      сақтауға немесе кепiлге қабылданған мүлiктi бағаланған толық сомасы бойынша сақтандыру органында өзiнiң есебiнен сақтандыруға мiндеттi;<*> 
      сақтауға және кепiлге тапсырылатын заттарды ұсынылып отырған тiзбе бойынша қабылдамайды; 
      кепiлге қарыз ретiнде шетел валютасы мен құнды қағаздарды бермейдi; 
      50 сомнан кем бағаланған мүлiктi сақтауға және кепiлге қабылдамайды; 
      өз мiндеттемелерi бойынша қолданылып жүрген заңға сәйкес өндiрiп алуға болатын мүлiгiмен жауап бередi. 
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.01.19. 
N 71 қаулысымен. 
      6. Сақтауға немесе кепiлге ломбардқа қабылданған кезде заттар екi жақтың келiсiмi бойынша бағаланады, ал асыл металл бұйымдары жергiлiктi әкiмнiң келiсiмiмен ломбард белгiлеген сатып алу бағасы бойынша қабылданады. 
      7. Мүлiк кепiлiнiң шарты екi жақтың қолы қойылған ломбард беретiн кепiл билетi арқылы ресiмделедi. 
      Билеттiң үлгiсiн Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкi бекiтедi. 
      Мүлiктi сақтағаны үшiн және несиенi пайдаланғаны үшiн ломбард шығындарының калькуляциясына және банк белгiлеген сақтаудың толық мерзiмiне мүлiктi ломбардқа өткiзу кезiнде келiсiлген қарыз процентiне сәйкес төлем алынады. 
      Есеп айырысу әрбiр 15 күнде жүргiзiледi. 
      Бiр кепiл билетiне берiлетiн қарыздың ең жоғарғы мөлшерi қабылданған мүлiктiң бағаланған құнының проценттiк қатынасымен есептеледi, әрi одан артпауға тиiс және бағаның өзгеруiне, қолдағы ақша қаражатына, мүлiктi сақтау төлемiнiң мөлшерiне және қарызды пайдалану процентiне қарай калькуляцияға сәйкес белгiленедi. 
      Кепiл билетiне қол қойған әрбiр кепiл билетi бойынша жеке есеп айырысады. 
      Бiр адамға берiлетiн кепiл билеттерiнiң санына шек қойылмайды. 
      8. Қарыз 1 ай мерзiмге дейiн берiледi. Бұл мерзiм аяқталғаннан кейiн кепiлде жатқан мүлiктi сатып алу үшiн бiр ай жеңiлдiк берiледi. Тиiстi құжаттармен расталған дәлелдi себебi болған жағдайда ломбард өткiзiлген мүлiктi және 2 айдан аса мерзiмде қайтарылып алынбаған мүлiктi сатылып кетпеген болса, иесiне қайтарып бере алады. 
      Мүлiктердi сақтаудың ең ұзақ мерзiмi 12 айдан аспауы керек, мерзiмi өткен мүлiктер сатуға жiберiледi. 
      9. Кепiл берушiге ломбард кассасына қарызды өткiзбей-ақ асыл металдар мен заттардан жасалған бұйымдарды тағы да бiр мерзiмге (2 айға) қайта тапсыру хұқы берiлуi мүмкiн. Бұл ретте ол ломбардтың өткендегi барлық қызметi үшiн процент төлейдi. 
      Қайтадан кепiлге салу бiр рет жүргiзiледi, әр кепiл билетi бойынша оның хұқы төленедi. 
      Қайтадан кепiлге салу құны қызметтiң осы түрiне жұмсалатын шығындардың калькуляциясы бойынша белгiленедi. 
      10. Ломбардтағы кепiлге берiлген өнеркәсiп тауарларының қарызы белгiленген мерзiмде қайтарылмаған жағдайда бұл мүлiк нарықтағы сұранысқа сәйкес бағамен, алайда белгiленген құнынан төмен емес баға бойынша сату үшiн сауда ұйымдарына берiледi. Қабылданған және уақытында қайтарылып алынбаған асыл металдар мен тастардан жасалған бұйымдар саудаластық пен аукциондар арқылы сатылады. 
      Уақытында қайтарылып алынбаған өнеркәсiп тауарларын және алтын мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды сатудан түскен сомадан сақтау құны, берiлген қарыз, қарыз процентi және мүлiктi сату шығындары өтеледi. 
      Ломбард сатудан қалған соманың қалдығын, егер ондай қалдық болған жағдайда, кепiл билетiн немесе сақтау квитанциясын көрсеткен болса, иесiне қайтарып бередi. 
      Мүлiк сатылған күннен бастап 3 жылға дейiн талап етiлмеген ондай соманың қалдығы: 
      өнеркәсiп бұйымдарын сатудан түскенi - республикалық бюджет кiрiсiнiң жарнасына; 
      алтыннан және асыл тастардан жасалған бұйымдарды сатудан түскенiнiң: 
      80 процентi республикалық бюджеттiң кiрiсiне; 
      10 процентi ломбардтың кiрiсiне; 
      10 процентi саудаластық немесе аукцион ұйымдастырған ұйымның кiрiсiне түседi. 
      Кепiлге берiлген немесе сақтауға өткiзiлген мүлiктi сатудан түскен сома ломбардқа берешектi (ақшалай қарыздың сомасы, оны пайдаланғаны үшiн процентi, сақтау ақысы, сату шығындары) өтей алмаған жағдайда, сондай-ақ сақтауға немесе кепiлге өткiзiлген мүлiктi сатудың мүмкiндiгi болмаған жағдайда ломбард оның иесiнен қалаған қарызды сот органдары арқылы өндiрiп алады. 
      11. Ломбардта сақтауда немесе кепiлде жатқан мүлiктi алу хұқығын беретiн сақтау квитанциясы мен кепiл билетi басқа адамға тапсырылған жағдайда, ол адам иесi белгiленген тәртiппен толтырылған сенiмхат берсе ғана сол мүлiктi ала алады. 
      12. Ломбардқа өткiзiлген мүлiкке берiлген кепiл билетi жоғалған жағдайда оның иесi паспортты немесе жеке басын куәландыратын құжатты көрсетiп, жазбаша арыз арқылы дубликат алады. 
      13. Үйде қызмет көрсеткенi үшiн, сондай-ақ дубликат бергенi үшiн төлем осындай қызмет түрiне қойылған шығындардың калькуляциясы бойынша анықталады және әрбiр кепiл билетi бойынша алынады. 
      14. Кепiлдi сатып алғанда немесе сақтауға берген мүлiктi қайтарып алған кезде және мүлiктi сатудан қалған ақша қалдықтарын алған кезде олар қабылданғанда берiлген кепiл билетi немесе сақтау квитанциясы ломбардқа қайтарылуы қажет. 
      15. Мемлекеттiк ломбард өз қызметiн тоқтатқан кезде сақтауға және кепiлге қабылданған мүлiктердiң осы Ережеде белгiленген мерзiмде қайтарылып берiлуi қамтамасыз етiлуге тиiс. 

Қазақстан Республикасының        
Мемлекеттiк ломбард           
туралы Ережесiне             
Қосымша                  

Ломбардқа сақтауға, кепiлдiкке қабылдауға 
болмайтын мүлiктердiң 
Тiзбесi

        Өңiн айналдырып тiккен, өңi кеткен, қайта жөнделген, кiр, жуылған, тiгiсi соңғы модаға сай келмейтiн және стандартсыз (58-60 размерлi) пальтолар, костюмдер және әйел көйлектерi.
     Түгi түлеген және күйе түскен жарамсыз терiлер және былғары  бұйымдары, фабрикалық белгiсi жоқ сапасы нашар барлық терiлер.
     Нысанды және арнаулы киiмдер, ұсақ галантерея бұйымдары.
     Пiшiлiп қойылған барлық түрлi маталар және толық тiгiлiп бiтпеген заттар.
     Ұзындығы 1,5 метрден аз барлық мата түрлерi.
     Киiз, тебiскi, резеңке және қолдан тiгiлген аяқ киiмдер, сондай-ақ киiлген аяқ киiмдер.
     Алтын сағаттан басқа барлық отандық сағаттар - стол, қабырға, қалта сағаттың барлық түрлерi мен маркалары.
     Темiр құрсаулы шетел сағат маркалары.
     Резеңке мен пластмасса бұйымдары.
     Велосипедтер, аспаптар және барлық техникалық тетiктер мен құралдар түрлерi.
     Жиhаз, суық және атылатын қару, оның iшiнде аңшы мылтығы.
     Суреттер мен бюстер. Музыка аспаптары. Алтын және күмiс теңгелер. 
     Сом алтын және оның ұнтақтары. Кесек күмiс.
     Керосин, бензин және де басқа зарарсыздандырылған иiстерi бар кiлемдер.      

Об утвеpждении Положения о Госудаpственном ломбаpде Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 6 августа 1992 года N 660 (Извлечение). Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      В соответствии со статьей 26 Закона Республики Казахстан "О залоге" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о Государственном ломбарде Республики Казахстан.

         Премьер-министр
         Республики Казахстан

                                      Утверждено
                             постановлением Кабинета Министров
                                   Республики Казахстан
                               от 6 августа 1992 г. N 660

                           П О Л О Ж Е Н И Е
                      о Государственном ломбарде

      1. Государственный ломбард создается в соответствии с нормами гражданского законодательства Республики Казахстан, имеет права юридического лица с момента регистрации его Устава и является специализированным предприятием, в функции которого входит выдача денежных ссуд под залог имущества и хранение имущества.<*>
      Сноска. В пункте 1 заменены слова - постановлением Правительства РК от 19 января 1996 г. N 71.
      2. В своей деятельности Государственный ломбард руководствуется Гражданским кодексом Республики Казахстан (общая часть), другими законодательными актами Республики Казахстан, а также Уставом, разработанным в соответствии с настоящим Положением.<*>
      Сноска. В пункте 2 заменены слова - постановлением Правительства РК от 19 января 1996 г. N 71.
      3. Государственный ломбард самостоятельно определяет направление и осуществляет, кроме своих специализированных функций, любые виды деятельности, если они не запрещены законом и отвечают Уставу предприятия, и распоряжается полученной прибылью.
      4. Имущество, сданное на хранение или в залог Государственному ломбарду, может быть изъято помимо воли его владельца только по решению или приговору суда, вступившим в законную силу, или по постановлению следственных органов.
      При изъятии имущества в указанных случаях получателем должна быть внесена ломбарду плата за хранение, а также выданная ссуда с процентами.
      5. Государственный ломбард:
      принимает на хранение от граждан не моложе 18 лет изделия из драгоценных металлов и камней, предметов личного пользования и домашнего обихода по предъявлению паспорта или иного документа, удостоверяющего личность, и несет за них материальную ответственность в полной сумме их оценки;
      выдает гражданам ссуду под залог за изделия из драгоценных металлов и предметов домашнего обихода и личного пользования;
      обязан застраховать принятое на хранение или в залог имущество за свой счет в органах страхования на полную сумму оценки;<*>
      не принимает на хранение и в залог предметы согласно прилагаемому перечню;
      не выдает ссуд под залог иностранной валюты и ценных бумаг;
      не приниамет на хранение и в залог имущество, оцененное на сумму менее 50 рублей;
      по своим обязательствам отвечает имуществом, на которое по действующему законодательству может быть обращено взыскание.
      Сноска. В абзаце четвертом заменены слова - постановлением Правительства РК от 19 января 1996 г. N 71.
      6. Вещи при приеме в ломбард на хранение или в залог оцениваются по согласованию сторон, а изделия из драгоценных металлов по скупочной цене, установленной ломбардом по согласованию с главой местной администрации.
      7. Договор залога имущества оформляется путем выдачи ломбардом залогового билета, подписываемого обеими сторонами.
      Форма билета утверждается Национальным государственным банком Республики Казахстан.
      За сохранность имущества и за пользование ссудой взимается плата в соответствии с калькуляцией расходов ломбарда и ссудным процентом, устанавливаемым банком за весь срок хранения, согласованный при сдаче имущества в ломбард.
      Расчет производится за каждые 15 дней.
      Максимальный размер ссуды, выдаваемой на один залоговый билет, рассчитывается в процентном отношении от оценочной стоимости принимаемого имущества, не должен превышать ее и зависит от калькуляции с учетом изменения цен, наличия денежных средств, размера платы за сохранность имущества и процентов за пользование ссудой.
      Расчеты сторонами, подписавшими залоговый билет, производятся отдельно по каждому залоговому билету.
      Количество залоговых билетов, которое может быть выдано одному лицу, не ограничивается.
      8. Ссуды выдаются на срок до 1 месяца. После окончания этого срока дается один льготный месяц для выкупа залога. При наличии уважительной причины, подтвержденной соответствующим документами, ломбард вправе выдать клиенту заложенное им имущество и не выкупленное в срок свыше 2 месяца, если имущество не реализовано.
      Максимальный срок хранения имущества устанавливается не выше 12 месяцев, по истечении которых оно реализуется.
      9. Залогодателю может быть предоставлено право перезаложить заложенные под ссуду изделия из драгоценных металлов и вещи еще на один срок (2 месяца), не внося в кассу ломбарда ссуду. При этом он должен внести процент за услуги ломбарда за весь прошедший срок.
      Перезаклад производится один раз с оплатой его стоимости по каждому залоговому билету.
      Стоимость перезаклада определяется калькуляцией расходов этого вида услуг.
      10. В случае непогашения в установленный срок ссуды, обеспеченной залогом промышленных товаров в ломбарде, это имущество передается для реализации в магазин ломбарда или торговым организациям для продажи по цене, соответствующей спросу на рынке, но не ниже установленной оценки. Изделия из драгоценных металлов и драгоценных камней, принятые и не востребованные в срок, сдаются в Гохран Нацбанка Республики Казахстан. Стоимость изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней, переданных в Гохран Нацбанка Республики Казахстан, перечисляется им ломбарду в месячный срок со дня передачи.<*>
      Из суммы, вырученной от продажи промышленных товаров и изделий из золота и драгоценных камней, не востребованных в срок, погашается плата за хранение, выданная ссуда, процент по ссуде и затраты по продаже имущества.
      Остаток вырученной суммы, если таковой окажется, возвращается ломбардом владельцу залогового билета или сохранной квитанции по их предъявлению.
      Остатки таких сумм, не востребованные в течение 3 лет со дня продажи имущества, подлежат:
      от продажи промышленных изделий - взносу в доход республиканского бюджета;
      от реализации изделий из золота и драгоценных камней:
      90 процентов в доход республиканского бюджета;
      10 процентов в доход ломбарда.<*>
      В случае, когда вырученная сумма от продажи заложенного или сданного на хранение имущества не погашает задолженности ломбарду (сумма денежной ссуды, процент за пользование ею, плата за хранение, расходы по продаже), а также в случае, когда нет возможности реализовать сданное на хранение или в залог имущество, ломбард взыскивает с его владельца оставшийся за ним долг через судебные органы.
      Сноска. Абзац четвертый - в редакции постановления от 3 декабря 1993 г. N 1216.
      11. Передача сохранных квитанций и залоговых билетов другим лицам с правом получения в ломбарде имущества, сданного на хранение или в залог, допускается при условии выдачи их владельцем доверенности, оформленной в установленном порядке.
      12. В случае утери залогового билета на сданное в ломбард имущество выдача дубликатов осуществляется по письменному заявлению владельца имущества по предъявлению паспорта или иного документа, удостоверяющего личность.
      13. За оказание услуг на дому, а также выдачу дубликата размеры платы определяется калькуляцией расходов этих видов услуг и взимается по каждому залоговому билету.
      14. При выкупе заклада или взятия имущества с хранения и при получении денежных остатков от продажи имущества ломбарду должны быть возвращены залоговый билет или сохранная квитанция, выданная при приеме имущества.
      15. При прекращении деятельности Государственного ломбарда должен быть обеспечен возврат принятого имущества на хранение и под залог в сроки, установленные настоящим Положением.

                                 Приложение
                        к Положению о Государственном
                                  ломбарде
                            Республики Казахстан

                              Перечень
               имущества, не подлежащего приему ломбардом
                         на хранение, в залог

      Пальто, костюмы и женские платья, перелицованные, полинявшие, реставрированные, загрязненные, стиранные, пошитые не по современной моде и нестандартные (размеры 58-60).
      Меха и меховые изделия, слабые на разрыв с линявшим волосом и очагами моли, все меха без фабричного клейма плохого качества.
      Форменная одежда и спецодежда, мелкие галантерейные изделия.
      Ткани всех видов в раскрое и вещи, не законченные пошивом.
      Недомерная ткань всех видов (меньше 1,5 метра).
      Обувь валяная, фетровая, резиновая и кустарного производства, а также ношеная обувь.
      Часы отечественного производства - настольные, стенные, карманные всех видов и марок, за исключением золотых.
      Часы иностранных марок в металлической оправе.
      Изделия из резины и пластмассы.
      Велосипеды, приборы и всякого рода технические приспособления и инструменты.
      Мебель, холодное и огнестрельное оружие, в том числе охотничьи ружья.
      Картины и бюсты. Музыкальные инструменты. Золотые и серебряные монеты. Слитки и россыпь золота. Слитки серебра.
      Ковры с запахом керосина, бензина и дезинфицирующих средств.